Аққу жүректі ақын

Аққу жүректі ақын
Рысқали Айзере
3- сынып оқушысы
«№236 орта мектебі» КММ
Жарма ауданы Шуақ ауылы

Аққу жүректі ақын

Мұқағали Мақатаев -қазақ халқының жүрегінің төрінен орын алған ақындардың бірі. Ол өзінің лирикалық жырларымен, өлеңіндегі сырлы сезімдермен жан дүниеңді баурап алған – ақын. Оның өлеңдерінен аққудың пәктігі, нәзіктігі, тазалығы, адалдығы сияқты жақсы қасиеттер көрінеді. Сондықтан да оны халық «аққу жүректі ақынға» теңеген шығар. Сондықтан да сазгерлер оның өлеңдеріне ән жазған шығар. Менің Мұқағали атамыздың жырларын оқығанды жақсы көретіндігім де сондықтан шығар.
Осындай ойлар мен ұстазымның ұсынысымен «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали оқуларына дайындалып жүргенде, ақынның өмірімен, шығармаларымен жете танысқаннан соң ғана келді. Сонда ғана оның әр өлеңінің мағынасына терең мән бере бастадым. Оның өлеңдеріне деген құштарлығым оянды. Туған жерге, Отанға, халыққа, ана мен әкеге, табиғатқа, махаббатқа, ана тіліне, көңіл күйге байланысты жазған өлеңдерін оқып, жазбаған тақырыбы жоқ екеніне көзім жетті. Қырық бес жыл ғана өмір сүрсе де, талай дүние жазып тастағанына таң қалдым. Өмірінде қиыншылық сәттер көп болса да мойымай, керемет жырлар жазған ақынды қыран құсқа да теңеуге болатын шығар.
Қазақ деген халықтан Мұқағали атамыздай ақын шыққанына мақтанамын.Оның жырларынан өзіме нәр аламын.
9 ақпан күні Мұқағали Мақатаев тірі болса, 84 жасқа толар еді. Бірақ өзі өлсе де,жырлары мәңгі жасайтынына сенімім мол.


0 пікірлер

Пікір қалдыру