Ата-аналарға арналған семинар

Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп:Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі
Мерзімі:21.11.2016 жыл
Ата-аналар саны:12
Мұғалім:Сапарова Дания
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Отбасы-тәрбиенің ұясы

Мақсаты:- Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып,жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.
Міндеттері:- халқымыздың тәлім тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен даритынын оқушы бойына жалпыадамзаттық құндылығы арқылы сіңіру;
-Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін дамыту арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару;
-үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға,мейірімді болуға тәрбиелеу.
Ресурстары:
(материалдары,көздері)
Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
Үй тапсырмасын тексеру.
-Ал, енді құрметті ата-аналар,біздер жиналысымызды бастамас бұрын,сіздерге берілген үй тапсырмасын тексеріп алайын.Мен сіздерге алдын-ала үйге бірнеше сұрақтар бергем болатынмын.Сол сұрақтар төңірегінде пікірлесейік.
Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді?
Ата-ана баласын қалай тәрбиелейді?
Ата - ананың бақыты неде?
Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?

1.Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндік басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.

2. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі.Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді.
3. Баланы тәрбиелеу үлкен жауапкершілік
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
4.Ата-аналарға сауалнама жүргізу.

5.Топпен ән айту
Дуние керуен
Сөзі мен әні:Жігіттер квартеті
1. Өтетін сейілмен,
Ей, дүние базарсың.
Пенделік пейілден,
Жүрегім тазарсын.
Қайырмасы:Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,
Өмірдің қызығы біреуге арман екен.
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!
2. Қуаныш, қайғының,
Бәрі де бітеді.
Бұл дүние таусылса,
Шын дүние күтеді.
Қайырмасы:Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,
Өмірдің қызығы біреуге арман екен.
Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!

3. Амал қыл фәниде,
Иманның жолында.
Бәрі де, бәрі де,
Алланың қолында.
Қайырмасы:Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,
Өмірдің қызығы біреуге арман екен.
Мәңгілік тұрағың болатын бар мА мекен?
Бес күндік бұл дүние расында жалған екен! Талдау
Үй тапсырмасы.
«Бала өмірімнің шырағы»тақырыбына әңгіме жазып келу.

Жиналыстың қорытынды сәті
Баланы тәрбиелеу үрдісінде баланың ата-анасына және баласына қатысты сезімдері өте маңызды болып келеді. Ата-аналардың балаларымен толық қанды, үйлесімді әрекет етуі үшін бәрінен бұрын, баланы қабылдауға және оның сыртқы келбетіне де, оның талаптарына, ата-аналардың одан келешекте күтетін арман үміттері мен тіпті бүгінгі күнгі оның мінез құлқынада тәуелсіз, сөзсіз, бұлтарыссыз махаббат қажет.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив