Тәуелсіздік күніне сценарий: Тәуелсіздік төрінде

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылы

№14 Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектептің

тарих пәні мұғалімі Альманбетова Марина Амангельдиевна

 Тәуелсіздік төрінде

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік күнін атап өту.Тәуелсіздік тарихына шолу жасау арқылы оқушылардың танымдылық қабілетін жетілдіру.Олардың өз бетімен ізденісін шығармашылығын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтей білуге ,ұлттық патриотизмге, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР рәміздері, қанатты сөздер жазылған плакаттар, жалаушалар, шарлар.

Әнұран айтылады.          1-оқушы «Ант» айтады.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, құрметті ұстаздар және мектеп оқушылары! «Тәуелсіздік төрінде» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан  26  жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай,Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыңыштығын сақтады.

1-жүргізуші: Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне        қол жеткізуге Желтоқсан көтерілісініңде маңызы өте зор. Бұл көтерілістің құрбандары: Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира атты азаматтардың ерлігімен қайғыға толы тағдыры туралы ұмытпағанымыз жөн.

1-оқушы:

Қалмады жалын жастық басқа амалы,

Шалқайды империя тас қамалы.

Қазақтың тәуелсіздік алған күні.

Ызғарлы желтоқсаннан басталады.

2-оқушы:         Желтоқсанның мұзға жанған алауы,

                           Қайсар рухты ұл-қыздардың қалауы.

Сағым болып ерліктерге шақырды

Көз ұшында тәуелсіз ел жалауы.

Күн шыққанда түнерген бұлт астынан,

Қанат қақты қияларға жас қыран.

Шықты алаңға бейбіт шеру жасауға

«Туған жерім,Қазақстан!» боп ұран.

Мұз жастантып, ұрды, соқты, сабады,

«Ұлтшылдар» деп түрмелерге қамады.

Ерліктерін батырлардың Қайраттар,

Ербол, Ләззат, Сәбиралар жалғады.

1 - оқушы:         Нашақорлар улады деп сананы,

Бар жастарға нақақ жала жабады.

Желтоқсанда шындық іздеп шарқ ұрған

Ел біледі Олжас, Мұхтар ағаны.

Көрмесінші енді еліміз мұндайды,

Бастан кешті қазақ қанша мұң-қайғы!

Депутат қып халқы бүгін сайлады

Желтоқсанда жарқылдаған Нұртайды.

Шығар әлі қилы тарих қырлары,

Желтоқсанның беймәлім бір сырлары.

Жалғастырар бүгінгі ұрпақ аңыз қып

Ақын қайрат жаза алмаған жырларын.

2-оқушы:         Тәуелсіздік-жастар қаны мұздағы,

                           Өрімдей жас ұлдары мен қыздары.

Өтсін мейлі жылдар жылжып, ғасырлар

Жазылмайды жүректегі сыздары.

Тәуелсіздік –жалғыз кием тәу етер,

Төгілмеді жастар қаны тым бекер.

Ерте солған, үзілген гүл бәйшешек

Ерліктерін кейінгі ұрпақ жыр етер.

Шындық іздеп шырғалаңда саспаған,

Рухы биік жастарымыз басқадан.

Азаттықтың ең алғашқы сатысы

Баспалдағы желтоқсаннан басталған.

  2-жүгізуші  : Көрініс- «Қайрат-тергеуші  алдында».

  Тергеуші :  Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба?

   Қайрат:       Жоқ! Мен оны көргенім жоқ...

  Тергеуші:    Ақымақ!...Әкетіңдер, атыңдар. Көзін құртыңдар!

   Қайрат:   Күнәдан таза басым бар.

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

1-жүргізуші : Автор:   Қайраттың соңғы сөзі осылай  аяқталды.

2-жүргізуші : Атамекен әні - Алмас

  1-жүргізуші:   1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып жарияланды.

  1-оқушы:    Тәуелсіздік- еркіндігім, елдігім,

                    Елім дербес, өзге елдермен тең бүгін.

Тәуелсіздік-азаттығым, арманым,

Алдағы арман, қуанышым сол менің.

Тәуелсіздік тәу етемін бір саған,

Бабаларым талай ғасыр аңсаған.

Ұраны боп мәңгілікке азат күн,

Тарландары қыршын кеткен қазақтың.

2- жүргізуші:    1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бекітілді.

2-оқушы:Қатар жатқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған жаза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

1-оқушы   Әнұраным- жан ұраным,

Айтар әнім ,сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мың қайталап айтам мұны.

Бақыт, бірлік- күн талабы,

Тоқталмайды дабыр үні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам Әнұраным.

2-оқушы:   Айнымайтын аспаннан,

   Біздің Тудың бояуы.

   Оны халық қашанда,

   Биікке іліп қояды.

 Туымызға жас тұнған,

 Бізқарамай өтпейміз.

 Сол көк тудың астында ,

 Көгереміз, көктейміз.

2-оқушы: Енді бүгін өлген Туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңба,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

   Ән : Қазақ осы –Ернат ,Бекжан

1-жүргізуші:  1993  жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілсе, 2006 жылдың қараша айынан бастап жанарған теңгеміз айналымға кірді.

2-жүргізуші:  1995 жылдың 30  тамызы  Қазақстан Республикасының  Конституция күні.

Албина:   Ал бүгін, міне, жарқырап,

Нұрын шашты алтын Заң.

Заң болғанда қандай Заң,

Көрмеген бұрын ешбір жан.

1-жүргізуші:  Ел, халық, мемлекет- Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.Елі мен жеріне тұтастай ие халық, тілі мен дініне тастай берік халық қана мемлекет құрады.

Қыздар тобының орындауында – қазақ биі.

1-жүргізуші  :  Көрініс:Тәуке хан өз заманындағы билерді жинап алып,бір-бірінің артық-кемін айырып алу үшін оларға былай деп сұрақ қойыпты:

     -Дауға барғанда, оған билік айтқанда,оны жасы үлкенінен бастап,жасы кішінің қайталауы жөн бе?Немесе жасы кішінің бастап ,жасы үлкеннің қоштауы жөн бе?-депті.

   Ұлы жүздің биі Төле:

      -Төбеде тұрғанда екі жағы түгел, беткейде тұрғанда бір жағы әрең көрінеді.Сондықтан жасы үлкеннің,оңы мен солын, алды мен артын болжаған ағаның билік айтқаны дұрыс.

    Орта жүздің биі Қаз дауысты Қазыбек:

     -Жасы үлкен аға әділ төреші бола алмайды,себебі оның қаймығары жоқ.Жасы кіші де әділ төреші бола алмайды,себебі оның артына қайырылары жоқ. Сондықтан алдында айбын тұтар ағасы ,артында именерлік інісі бар:алды-артына қарайлап,билігін жүргізетін ортаншы бидің төрелік айтуы орынды.

    Кіші жүздің биі Әйтеке:

    -Ағасы келсе ардақтап атын байлағандай, қонағын құрметтеп оны жайлағандай, тындырымды інісі болса қанат- құйрығы сай, көңілі жай болып ағаның алар тынысы болса,інінің міндеті бас қосу,ағаның міндеті бас бағу емес пе.

2-жүргізуші:Жиналған халық та , жиынды басқарған Тәуке хан да үш биге риза болыпты.Олай болса мемлекет билеушілеріне қатысты ақыл сөздерді осы билерден күтеміз.Қазақ халқының аңсаған асыл арманы 1991 жылдың 16 желтоқсан  күні жүзеге асуына билердің де үлесі бар деуге болады.

3-оқушы: Тәуелсіздік деп соққан ел жүрегі

                  Көптен күткен қабыл боп ел тілегі.

                  Отаң тігіп оңаша ер қазағым.

                   Көк байрағым тағыда желбіреді.

4-оқушы:  Тәуелсіздігі –қазақтығы қазақтың,

  Тәуелсіздік  -жойылуы азаптың.

  Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,

  Өркендей түс , аяқталды тозақ күн.

  Жерімнің жаңарды да бас қаласы,

 Көркейді кербез сұлу- Астанасы.

5 -оқушы:Ерлік , елдік, бірлік , қайрат, бақ, ардың.

                 Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын күннен бағасы бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз-бабам тілі ,сен қалдың!

6 -оқушы:Менің отаным бақыт жолында.

Отаным менің –өмірімнің айғағы,

Бұзылмаған ел ғой әлі қаймағы.

Балалық жас, лүпілдеген жүректі ,

Желбіретті.Отан қанат жайғаны.

Отаным менің- кең байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар ,қане, артық  дейтің қазақтан.

О,Отаным! Құлыныңмын қойныңда,

Өзіңменен өмірім, өзің де балаң ойым да.

Болашағың күлімдеген ертеңгі,

Отан –Ана, мына менің мойнымда.

Қазақ жігіттері әні - Нұрым

1-оқушы: Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным, бақ- дәулетім,

Болашағым, өнер- білім, өркенім.

2-оқушы:Жиырма жыл толды,мінекей, бостандыққа,

Кенелді қазақ халқы мол бақытқа.

Көк аспанда желбіреп көк туымыз,

Өмір сүріп келеміз біз жқмақта.

Құтты болсын!- айтамын шын жүректен,

Құлатпа туыңды енді желбіреткен.

Екі мыңның отызына жетпей- ақ,

Барыс болып кеткейсің сен, секірген.

3-оқушы:  Қазақстан- бақыты, бағым менің,

Асқар таудай айбыным, арым менің.

Тірлігімнің тірегі- тұғырым Сен

Дархан дала байтағым, барым менің!

Қазақстан- Отаным, Атамекен;

Мақтанышпен айрықша атап өтем!

Асан қайғы секілді жердің жүзін

Жүз айналсам Өзіңдей бар ма екен?!

Қазақстан -көзімнің  қарашығы,

Ұлтаралық достықтың дара шыңы.

Ынтымағы жарасқан елдің ғана

Белгілі ғой береке табатыны!

4-оқушы:Қазақстан - жайқалған жасыл бағым,

Арайлап атсыншы әрбір таңың.

Барлық ұлтты бауырдай  жарастырған

Ынтымақ пен бірлікте сенің бағың!

Қазақстан- дамудың белесінде,

Болу керек елудің межесінде.

Қадап айтқан кешегі қалың елге

Елбасының Жолдауы ел есінде!

Қазақстан –келешек Ғажапстан,

Қой үстінде бозторғай ұя салған,

Ғасырларды ғасырға жалғастырып

Қазақстан, жасай бер, Қазақстан!  

Нурила: Ел болдық, ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

5-оқушы: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

                    Жас өрендер, желбіретіп, рық ұста;

                    Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата- баба арына!

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ- болар елдің ертеңі!

Қыздардың орындауында «Қара жорға» биі.

1-жүргізуші:  Осымен «Тәуелсіздік төрінде» атты ертеңгілігіміз соңына жетті.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

2-жүргізуші: Мереке құтты болсын!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив