ОЖСБ*-ға байланысты Дарабоз

Тақырыбы:  Дарабоз

Сайыстың мақсаты:
а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және білімдерін тексеру.
ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.
б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сайыстың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ой қозғау
Сайыстың көрнекілігі: слайд, топшамалар, даналық сөздер.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын сыныптар таныстырылады.
ІІ. Кіріспе бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар. «Дарабоз » атты сайысымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, таныстырып өтемін. 4 оқушы
Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасымен таныстырайын.  Сайысымызды бастамас бұрын сабақ бағдарламасымен таныстырып өтейін
1. Бәйге
2. Жеті жұмбақ
3. Дода
- Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе - бірің еріңдер.
Білім – білікті тексеріп,
Қатысып ойынға көріңдер!
«Кім жүйрік ойға, сол алда
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Бүлдіршіндер алау оттай жалында, дей отырып сайыстың бірінші кезеңін бастаймыз. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Бәйге» деп аталады. Әр балаға 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.

    Мұғалім: Нұрхат

  1. Денені өлшейтін құрал (градусник)
    2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
    3. Қан соратын жәндік (маса)
    4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)
    5. Ұзындық өлшем бірлігі (км, м, дм, см, мм)
    6. Күрделі сөз дегеніміз не?
    7. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)
    8. Қазақтың атақты суретшісі (Ә. Қастеев)
    9.Диалог деген не?
    10.Құс сағатына 30км ұшса,4сағ қанша км ұшады?(120)

Мұғалім: Әсет
1. Мемлекеттік рәміздерді ата - Әнұран, Елтаңба, Ту
2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты жиындарда
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
5. Әдемі сөзіне мәндес сөзді ата (көрікті)
6. Жазық дегеніміз не?(Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқабы)
7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин
8. 4км де қанша дм бар? (400)
9.Манолог деген не ?
10.М.Әуезовтың Абай туралы жазған шығармасын ата
Мұғалім: Аида
1. Қ Р-ның әнұранының авторларын ата.
3. Біз қай тілде сөйлейміз – қазақ
4. Көру мүшесі не - көз
5. Атамырза туралы қай әңгімеде айтылған? (Бала  Тұрар)
6. Ұзынсары сөзі мерекелердің қай түрі мен байланысты?
8. Бие сүтінен не дайындалады?(қымыз)
9.Қаратпа сөз дегеніміз не?
10.Таулы жер жануарларын ата?(Арқар,Ұлар)
Мұғалім:Арайлым
1. Елтаңбаның авторы кім -
2. Қай жануар жылға ілікпей қалды – түйе
3. Қырдан келген жас  қазақ кім жайлы? (Шоқан)
4. Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев
5. Көбік шашқан кімнің күйі? (Құрманғазы)
6. Жетім әңгімесінде кім туралы айтылады?  (Қасым)
7. Тиін  нені  жақсы  көреді  –  жаңғақ
8. Иіс  сезу  мүшесі  –  мұрын
9.Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?          
10.Ең терең көл? (Байкал)

 

   Әділ қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады.
Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі.

 Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол білім – танымға асықтық. Осыған керісінше, кейбір адам аз білген сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ келеді.
Білім де талпынсаң қонады. «Ит маржанды не қылсын» деген ұлы Абай. Ал тереңге бойлау үшін талап керек.
Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне.
Сараланар сайыскерлер білімі
Математика, әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерінен.
Білімділер озар бүгін ілгері,- дей отырып келесі кезекте «Жеті жұмбақ» сайысына кезек береміз.
Екеуі арнайы сұрақ, қалғаны бағдарламаға сай сұрақтар. Бұл ойынды ұпайы ең аз ойыншыбастайды.

  • ..... 20....... 20
    30...... 30....... 30
    40...... 40....... 40

    Сол жақтағы 10 – ит өлген жер деген сөздің мағынасын қалай түсінесің
    Оң жақтағы 10 – Шаңғымен саяхатқа 18қыз бала келді және 2 есе ұлдар артық барды.Саяхатқа барлығы қанша бала барды?
    Ортадағы 10 - Қазақстан тауларының іщінде сұлу атанған тау?
    Сол жақтағы 20 - Қайдан келдің бауырсақ өлеңінің авторы? ( Ө. Тұрманжанов )
    Оң жақтағы 20 - Мақта еліміздің қай өңірлерінде егіледі?
    Ортадағы 20 - Бөлінгіш 42-ге тең,мәні 6-ға тең.Бөлгішті тап?
    Сол жақтағы 30 – Екі түбірден құралған сөзді қандай сөз деп атаймыз?
    Оң жақтағы 30 - Реттік сан есімнің сұрағы қандай?
    Ортадағы 30 - «Адам болам десеңіз...» өлеңінің авторы кім? Жатқа айтып бер.
    Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.
    Келесі бөлімде Дода
    Гуманитарлық бағыт бойынша
    1. Бір өркешті түйе қалай аталады?
    2. Жаңылтпаш айт
    3. Батырлық, ерлік турасында мақал – мәтел айтып бер.
    4. Ас қорыту мүшесін ата.
    5. Ана тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесің тақырыптарын ата.
    6. Сезім мүшелерін ата.
    Жалпы ғылымдар
    1. Роза Рымбаева кім?
    2. ҚР Әнұранының авторлары кім?
    3. Жұмадан кейін қай күн?
    4. Қасиетті ай?
    5. Спорттың түрлерін ата
    6. Қазақтың қандай салт – дәстүрлерін білесің?
    Жаратылыстану бағыты
    1. Геометриялық фигураларды ата.
    2. Математикалық амалдар нешеу және оларды ата.
    3.Санды 1ге көбейткенде неше шығады?
    4. Уақыттың өлшем бірлігін ата.
    5. 1 кг – қанша грамм
    6.Тәуліктің 3/1 нешеге тең?.
    Әзіл қазылар алқасынан сайыскерлердің бағасын берулеріңізді сұраймыз.

    Қазылар алқасынан әр оқушының ұпайлары және жалпы қортынды ұпайлары сұралады.
    Нәтижесі шыққанша ортада би биленеді, ән орындалады.
    Сайыскерлер марапатталып, жеңімпаздар анықталады.
    Қортынды
    Жинаған өн бойына білім кенін,
    Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.
    Жарайсың айналайын, сайыскерім!
    Бойларыңда от бар екен байқадым,
    Жүректерде шоқ бар екен байқадым!
    Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
    Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып,
    Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, оқушыларға

көп - көп рахмет.
Ән:   Орындайтын:4 сынып оқушылары «Алға,Қазақстан!»
Би;      «Адай » бір тор қыздар
Сау болыңыздар!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив