Лездеме | 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған

«Жасай бер,  жаса Қазақстан!» атты

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған лездеме

Сынып: 6 Б,В

Күні: 25 сәуір 2018 жыл 

Мақсаты:

  • Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету.
  • Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
    Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
  • Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Жүргізушілер: Айман, Шолпан, Елдар 

 

1-Жүргізуші-Шолпан:    Қуанышың құтты болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2-Жүргізуші-Айман:             Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

3-Жүргізуші-Елдар: Қазақстан! Бірлік пен ынтымақтың, бостандық пен бақыттың, еркіндік пен ерліктің қасиетті жері. Қазақстан! Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, отандастар тебіреніспен, ерекше екпінді леппен, шынайы салтанат сезіммен айтады.

Олай болса, «Жасай бер,  жаса Қазақстан!» атты  1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған лездемені ашық деп жариялаймыз.

 

 

Айнара: Діні  басқа, тілі басқа, тілегі  бір, бір  шаңырақ  астында 

 жиналған  ұлт  пен  ұлыс  өкілдерінің  ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі  болып, татулығы  жарасқан біздің  елде өмір   сүріп 

 жатқаны  жүректерге  сенім, көңілдерге  қуаныш  ұялатады.

Айғаным:                        

На сегоднешнем празднике главным

Высоких и радостных чуств не тая

Мы величаем Казахстан наш славный

Где наша любовь родилась и семья

Мы спеснею праздник встречаем

И день улыбается нам

И славим тебя, величаем

Цветущей, родной Казахстан!

Сабина:                         

Сен дәм бердің менің су мен наныма,

Сен қан қостың тамырыма, қаныма.

Барлық ұлтты туыс еттің халқыма,

Оған бүгін жердің жүзі танымал.

Жаралған ұят, ар-намыстан,

Азаттық жолында алысқан.

Достықтың киелі мекені,

Сүйікті Отан – Қазақстан.

Бақдаулет:                             

 Над Землей  небо синее

К солнцу рвутся тополя

Вмире есть место красивее

Но мне роднее мой Казахстан

Моя Земля!

 

Гүлдана:                           

Ел ұрандап,қағып достық дабылын,

Көшеменен лек-лек болып ағылды.

«Мәңгі достық, бірлік» деген үнменен,

Бейбіт өмір барабаны қағылды.

Абдуали:                                 

Достар биін билегенде халықтар,

Ұлы дүбір бар әлемге шарықтар.

Мамыр айы бейбітшілік бастауы,

Берекені болашаққа алып бар.

Шаттық үнім шабытымды шыңдайды,

Жоламағай көңіліме мұң-қайғы.

Жүз жүректе тербеледі бір тілек,

Бәрі де оның достық жырын жырлайды.

Ақнұр:                              

Мерейі өссе шарықтап көкке ұшқаным,

Ақ саумал ессе, сеземін өбіп, құшқанын.

Болашақтарға болаттай бекіп жол тартқан,

Сүйемін мәңгі, сүйемін сені,Қазақстаным!

Республикам — менің ырысым!

Қиындықтардан қайыспай өткен құрышым!

Жаралған өлкем, жалыны шалқар жыр үшін,

Тыныштығыңмен ұнайды асқақ тұрысың.

 

1-Жүргізуші-Шолпан: Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

2-Жүргізуші-Айман: Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!

ІІІ жүргізуші-Елдар: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

 

Ендеше, «Балғұмыр» тобының орындауындағы «Жаса Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар!

 

 Келесі сөз  кезегін  мектебіміздің директоры : Сатаев БолатТұрсыналыұлына

береміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив