"Информатика әлеміне саяхат" интеллектуалдық сайыс

Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»  интеллектуалдық сайыс.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Информатика әлеміне саяхат»  атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. _______________________________________
2. _______________________________________
3. _______________________________________

Сайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;
I топ –   « Компьютер»
II топ – «Internet»
Сайыс 10 - кезеңнен тұрады. Кезеңдері:
1 - кезең: «Таныстыру»
2 - кезең: «Бәйге»
3 - кезең: «Полиглот»«Тіл-өнер»

4 - кезең: «Жұмбақтар әлемі»
5 - кезең: «Мақал –сөз мәйегі»

6.-кезең    «Сиқырлы есеп».

7-кезең  “Түсін мені”
 8-кезең . «Зерделілер»

 9-кезең «Құпия жәшік»

10-кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

1 - кезең: «Таныстыру»
Сайысқа қатысатын екі топ өздерін кезекпен таныстырады. Екі команда бір-біріне арнайы дайындалған тапсырмаларымен таныстырады.
2 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде екі команданың да оқушыларына арнайы сұрақ қойылады.Әр сұрақ 1 балл ұпаймен бағаланады.

1)Лездік сұрақтары: «Компьютер» тобына
1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)
2. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win RAR, WinZip)
3. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)
4. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD - ROM)
5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл - Хорезми/
6. Арифмометр қай жылы құрастырылды? (1694 ж)
7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).
8. Буып - түйілген файл (архив)
9. Енгізу пернесі? (enter)
10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
11. Монитормен бірігіп дербес компьютерді ішкі бейнежүйесін не құрайды? (бейнекарта)
12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)
13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
14. Paint қандай редактор (графикалық)
15. Ең ерте заманғы есептеу құрылғысы (есепшот)

2)Лездік сұрақтары «Internet» тобына:
1. Файлдар жиыны. (папка)
2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office - тің құрамына кіретін программа. (MS Word)
3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)
4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)
5. Қандай программалау тілдерін білесіңдер?(Паскаль, Вейсик,Фортран,Алгол)
6. Мәтінді жою пернелерін атаңыз - (Delete, Backspace)
7. Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға - (Провайдер)
8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)
10. Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.  (операциялық жүйе)
11. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).
12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)
13. Ең алғашқы программаны жасаған әйел кісі(Ада Аувгуста Лавлейс)
14. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)

3 -кезеңді бастайық «Полиглот». «Тіл өнер» сайысы топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 5 балл, екі тілде 3, бір тілде 1 балл беріледі.

“Компьютер” тобына қойылатын сұрақтар
1.Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)

2.Компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы (пернетақта, клавиатура, keyboard)

3.Біз мектепке келген кезде алғашқы қолымызға не ұстаймыз? (қалам, ручка, peinl)

4.Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. (терезе, окно, windows)

5.Компьютерді миы (жүйелік блок, процессор,   systemblok)

  1. Қағаздағы кескінді түсіріп, мониторға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы?

 (Мәтіналғы – Сканер – Scanner)
7.Сәлем ненің патшасы.  (сөз, слово, word)

8.Кітап ненің бұлағы. (білім, знание, knowledge)

9.Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет - корзина - basket)
10. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша - блокнот - notebook)

”Internet”тобына қойылатын сұрақтар:
1.«Ас- адамның арқауы», ал компьютердің асы... (ток, ток, current)

  1. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?
    (ақпарат, информация, information)
    3. Сақталған құжатты ашу командасы? ( Файл – ашу, файл - открыть, file – open)
  2. Windows – дегеніміз не? (ОЖ, операционная система, Operation system)
    5
    . Қажет емес символды алып тастау пернесі -(өшіру, удалить, delete)

6.Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, eight)
7
.Бар ма,жоқ па оны білмейсің,Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа-воздух-an-air)

8.Тышғанның неше батырмасы бар?  (үш, три, cri)

9.Қатты дисктің басқаша атауы (Қатқыл диск – Винчестр – Hard disk)
10
. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (Басып шығарғыш – Принтер – Priner)

«4 - кезең: «Жұмбақтар әлемі» Бұл кезеңде екі командаға бірдей тапсырма беріледі, қай команда бірінші жауап береді сол командаға 5 балл ұпай саны қосылады.

 

1.Көзіменен көрсетеді,

Сөйлемей – ақ айтар бәрін,
Алдына оның келсе теңі ( монитор)

2. Білмейсің өлі, тірісін,
Қолыңа алсаң әпсәтте,
Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)
3. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп (интернет)
4. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (принтер )

5. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы (монитор )

  1. Барлық сурет, мәтінді,
    Компьютерге енгізген.
    Керек емес жерін де,
    Компьютерден өшірген. (сканер)
    7.Екі батырмалы,
    Бір бұрандалы.
    Жалғыз өзі - ақ,
    Сансыз іс тындырады. (Тышқан)
    8.Монитор жанында бір қорап,
    Тұр өне бойын тоқ орап.
    Ең негізгі микросхема,
    Аталған ол... (жүйелік қорап)
    9.Төртбұрышты жұқа қорап,
    Магнитпен қапталған.
    Сыйымдылығы 1, 44 МБайт,
    Сақтайды ол ақпарат (дискета)
    10.Бар құрылғы әркім білмес,
    Ғаламтормен байланыстырар.
    Телефонға жалғанып ап,
    Ақпаратпен алмастырар (модем)

11.Батырмасын тұтқасына орнатса да,
Жан - жағына емін - еркін қозғалатын.
Бар сондай ойын құмар құрылғысы,

Экрандағы нысандарды басқаратын. (джойстик)

12.Компьютердің қосымша бөліктері,
Ай мен күндей егіздер.
Сыбырлап та, айқайлап,
Көңіл - күйді көтерер. (колонкалар)

 

 

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отырып, ойынымыздың 5-кезең «Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз. Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал –мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс жауапқа 5 баллмен есептелінеді.

  1. Жігітті компьютеріңе қарап бағала. (Жігітті досыңа қарап, бағала)
  2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады.)
  3. Вирустан қорыққан  интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)
  4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәлім)
  5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
  6. Бір ядролы процессордан, ал екі ядролы процессор артық. (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
  7. Білмесең, «анықтамадан»-дан сұра (білмесең білгеннен сұра)
  8. Антивирусы күштіні- вирус ала алмайды (досы күштіні жау алмайды)
  9. Күлсең ескірген компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл)
  10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
  11. Бір компьютерің болғанша, он Ноутбугін болсын (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)
  12. Компьютердің қадірін сынып қалғанда білерсің (ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің)

6-кезең «Сиқырлы есеп». Бұл кезеңде екі топқа бірдей логикалық есептер беріледі.Әр дұрыс есеп 5 баллмен есептеледі.
№1 - есеп.
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
№2 - есеп.
Қаз бір аяғымен тұрса 12 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг? Жауабы 12 кг

№3 - есеп.
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір ғана мотоцикл
№4 - есеп.
Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 53
№5 - есеп.
Жанұяда бес ұл бар және олардың әрбіреуінің қарындасы бар. Сонда бұлар неше адам?Жауабы:алтау
№6 - есеп.
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
№7 - есеп.
Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне –бірі:
– Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?
Жауабы: Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.

№8 - есеп.
Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды? Жауабы: 9 қой
 №9 - есеп.
Үш тауық үш күнде 3 жұмыртқа тапса, 6 тауық 6 күнде неше жұмыртқа табады? Жауабы 6

№10 - есеп.
Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста?

 Жауабы үште

№11 - есеп.

Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? 

Жауабы 15 км/сағ

№12 - есеп.

5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? 

Жауабы 10

7-кезең “Түсін мені” Екі топтан бір-бір оқушы шығып, суретке қарап сол бейнені сөйлеместен тобына ыммен түсіндіру. Дұрыс тапқан топ 5 баллдық ұпаймен бағаланады.

8-кезең: «Кім жылдам» бұл кезеңде  берілген торкөздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта  жасырылған сөздерді табу керек 5 минут ішінде.

Әр тапқан сөзге 1 ұпай беріледі.

А

Т

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Ш

Н

И

Е

Е

Р

О

М

М

Р

Қ

А

Н

Т

Р

Н

Н

И

Т

О

Н

Т

С

Ө

З

Е

Т

Р

О

П

А

И

Б

А

Й

Т

Т

Е

З

Р

М

В

П

И

К

М

Е

Р

Е

О

Ә

И

А

Р

С

О

Ұ

А

Ф

Ц

Т

Р

И

Х

Е

Д

Я

Й

Л

Е

І

У

В

Ж

Л

И

Я

И

Ц

С

Н

С

Д

А

Ь

Ф

И

К

А

С

О

Р

А

Б

О

Н

Е

Н

Т

Жауабы:Жасырылған сөздер: микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз,байт,пиксель, архив,жад, абонент, модификация,ұя,файыл, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

9- кезең. «Құпия жәшік» сұрағы. Екі топқа да бірдей тапсырма ,жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатика пәніне  қатысты заттар бар.«Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын тапса онда 10 ұпаймен бағалаймыз.

10-кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл айналымда әр топ ұяшық таңдау арқылы сол әріптен келетін информатикаға байланысты терvинді сөздер айту керек. Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Осымен «Информатика әлеміне саяхат» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздар марапатталады! Сау болыңыздар!

  

1)Лездік сұрақтары: «Компьютер» тобына
1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)
2. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win RAR, WinZip)
3. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)
4. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD - ROM)
5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл - Хорезми/
6. Арифмометр қай жылы құрастырылды? (1694 ж)
7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).
8. Буып - түйілген файл (архив)
9. Енгізу пернесі? (enter)
10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
11. Монитормен бірігіп дербес компьютерді ішкі бейнежүйесін не құрайды? (бейнекарта)
12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)
13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
14. Paint қандай редактор (графикалық)
15. Ең ерте заманғы есептеу құрылғысы (есепшот)

 2)Лездік сұрақтары «Internet» тобына:
1. Файлдар жиыны. (папка)
2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office - тің құрамына кіретін программа. (MS Word)
3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)
4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)
5. Қандай программалау тілдерін білесіңдер?(Паскаль, Вейсик,Фортран,Алгол)
6. Мәтінді жою пернелерін атаңыз - (Delete, Backspace)
7. Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға - (Провайдер)
8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)
10. Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.  (операциялық жүйе)
11. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).
12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)
13. Ең алғашқы программаны жасаған әйел кісі(Ада Аувгуста Лавлейс)
14. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)
15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив