«Кітап – білім бұлағы».

«Кітап – білім бұлағы».
Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы».
Мақсаты:
1. Оқушыларға кітап, журнал, газет оқудың пайдасын түсіндіру.
2. Кітапты қадірлеуге үйрету.
3. Білімқұмарлыққа тәрбиелеу



Көрнекілік: Балаларға арналған газет – журналдар. «Балдырған», «Айгөлек», «Бұлбұлақ», кітапшалар.

Сынап сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Балаларға сынып сағатының мақсатын таныстыру.

3. Мұғалімнің түсінік беруі.
Біздің бай мұрамыз, ғалымдардың қалдырған еңбектері, ақын – жазушылардың жазып кеткен шағармалары тек кітапта ғана сақталып, бізге жеткен. Кітап – бүкіл ғылымның, білімнің бастауы. Кімнің үйінде кітап жинақталса, ол үйдің бала шағасына қалдырған мұрасы сол болмақ. Ол үйдің көкіректері ояу, санасы серпілген ұланы бар деген сөз.

4. Кітап туралы ұлы адамдар былай деген екен: «Кітапты сүйіңдер, ол қміріңді нұрландырады» М. Горький.
«Кітап заманымыздың өмірі, ол кәріге де жасқа да қажет» В. Г. Белинский.
«Артық ғылым кітапта» Абай.

5. Мына сұрақтарға жауап алу:
1. Кітап қайда басылып шығады?
2. Кітапты баспадан шығару үшін ең алдымен не керек?
3. Кітапты кімдер беттеп түптейді?
4. Кітапты қалай ұстауымыз керек?

6. Кітапты күтіп ұстау туралы өлең оқу.
1 оқушы –
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап маған ұнады.
Кітап – білім бұлағы.


2 оқушы –
Кетпейді ешбір жадымнан
Мектепке бардың күз айы
Тастамай сені жанымнан
Қолтықтап жүрдім ұдайы.

3 оқушы –
Достарға толы маңайым,
Татулық тәтті бәрінен.
Ерекше сені санаймын,
Құшақтап жүрмін әлі мен.

7. Балаларға арналған кітаптар мен газет – журналдар көрм есін аралап түсінік беру, алдағы 2004 жылға жазылуды насихаттау. «Айгөлек», «Балдырған», «Балбұлақ», «ертегілер елінде» тағы да басқа журналдар.

8. Кітап туралы мақал үйрету.
1. «Кітап – білім бұлағы»
2. «Кітап – көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан»
3. «Кітапсыз үй – шырақсыз үй»
4. «Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді»

9. Жұмбақ шешу:

Ұсынған қойныңнан
Білімнің үлесін
Шықпайды ойыңнан
Досын ғой білесің.
Бұл не? (Кітап).
10. Қорыту:
Кітапты көбірек оқуға талпынығнад. Үйлеріңде кітап сөресіне кітап жинап, оқуға үйреніңдер. Кітап болса, сақтаңдар.

11. Аяқтау.

2 пікірлер

0 "27 декабрь 2018 14:08" КарГТУ МДиГҚонақтар

www.kstu.kz

0 "27 декабрь 2018 14:09" КарГТУ МДиГҚонақтар

www.kstu.kz

Пікір қалдыру