Натюрморт жанры.

Сабақтың тақырыбы:      

Натюрморт жанры.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Натюрморт жайлы мағлұматтармен таныс болу.

 

ә) Дамытушылық:             Затқа қарап сурет салуды меңгеру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,         

                                            ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, Натюрморт бейнеленген суретшілер шығармалары. Балалар салған суреттер. т. б. заттар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын.    Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Дастарқан» шығармасын алайық.

    Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі заттар, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.

   Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.

    – Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?

    - Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?

    Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?

 «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де  

         А. Ғалымбаева. Дастарқан                  

 

«натюрморт» деп пайдаланамыз.

    Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.

    Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.

     Натюрморт саламыз. Әр түрлі заттардың, бұйымдардың тобын бейнелегенде, олардың бір-біріне қатысты мөлшерін дұрыс бере білу керек. Ол үшін бүйымдардың жеке-жеке пропорциялық ерекшеліктерін айқындау қажет.

Салынған суреттерді мұқият қарап шықсаңдар (1, 2, 3), бірінші суреттен кастрөл, бақыраш, графинді, екінші суреттен көкөністер мен жемістерді, жасылкөктерді байқайсыңдар. Ал үшінші суретте барлық заттар мен бұйымдар бір жерге топталған. Бұл суреттерден бүйымдар тобының ерекшелігі тек оның пішіні, көлемі, фактурасында ғана емес, сондай-ақ олардың өзара орналасу жағдайына да байланысты екендігін байқаймыз. Сондықтан да суретші сурет салғанда ең алдымен қағазды тік немесе көлденең қалпында пайдалану керектігін шешеді.

Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймыз. Сабақ соңында оқушылар жұмысын көремін.


Композициялық шешімі, түс жарасымдылығы жағынан дұрыс орындалған жұмыстарды сынып көрмесін

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив