Пейзаж. Табиғатты бейнелеу.

Сабақтың тақырыбы:      

Пейзаж. Табиғатты бейнелеу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                   Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі пейзажбен

                                         қысқаша танысу.

 

ә) Дамытушылық:           Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен

                                          табиғат сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін

                                          тамашалау, бейнелеу.

 

б) Тәрбиелілік:                 Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

                                           түсіне білу. 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Түрлі түсті бояу, қылқаламдар, табиғатты бейнелеген суретшілер шығармалары.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Бейнелеу өнеріндегі пейзаж, портрет, натюрморт атауларымен таныстың. Міне, осыларға ортақ атау ол – жанр.

    Шығарманың жанрын анықтау үшін «Суретші өз шығармасында нені бейнеледі?» деген сұраққа жауап беру керек.

    Егер картинада табиғат бейнеленсе, бейнелеу өнерінің бұл жанры ПЕЙЗАЖ деп аталады.

    Пейзаж қандай болуы мүмкін? Пейзаж бейнелеу өнерінің әр түрінде кездеседі. Ол графика, кескіндеме, мүсін түрінде де бола алады. Оны бояумен, қарындашпен, аппликация тәсілімен, тіпті жапсырып салуға болады.

    Әрбір адам табиғатпен етене жақын байланыста екенін ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекеттерімізге әрдайым жауаптымыз. Сондықтан біз туған табиғатымызды жақсырақ танып-білу, сүю үшін, оның сенімді қорғаушысы болуымыз керек. Ол – біздің, жалпы адамзат баласының тікелей міндеті.

    Жас ұрпақтарға:

  • Планетамыздың иесі – сендер.

- Сендер сол Жер-Ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, онда алуан түрлі аң мен құстың тіршілік етуі үшін, өздеріңнің және ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-Ананы аялап, көздің қарашығындай қорғауларың керек, - деп, насихаттаймын.

   Табиғаттың барша сұлулығын алдыңа жайып салатын суретшіні пейзажист суретші деп атайды.

    Пейзаж өзінің пайда болу тарихында бірден дербес жанр болып кете алмады. Тек 16 -17 ғасырларда ғана дербес жанрға айналды. Ол кезде голланд суретшілері салған пейзаждар ерекше даңққа бөленген.

    19 ғасырда да тамаша пейзаж туындылары дүниеге келді. Орыс суретшілері А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, И. И. Левитан, А. И. Куинджи шығармаларында бейнеленген табиғат көріністері неткен сұлу, неткен мәнді десеңші.

    Табиғатты бейнелеу Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, Қ. Қожықов, А. М. Черкасский, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев шығармашылығында да үлкен орын алады.

    Туған табиғатты бейнелей отырып суретшілер оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бұрынғыдан да терең сүйе білуге баулиды.

Үйге тапсырма беру:  Өзіміздің туған табиғатымызды жақсырақ танып білуге, сүюге және оның сенімді қорғаушысы болуға арнап, еркін тақырыпта сурет са

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив