Қазақстан бейнелеу өнері.

 Сабақтың тақырыбы:      

Қазақстан бейнелеу өнері.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді                  

                                            қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

 

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

                                            оқушы санасына терең сіңіру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

                                            түсіне білу. 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Суретші шығармалары, фотосурет және тағы басқалар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Қазақ суретшілерінің алғашқыларының бірі ағартушы, этнограф, фольклортанушы, саяхатшы - Ш. Уәлиханов. Ол туған елінің табиғаты, көне ескерткіштер, тұрмыстык заттар, костюм, портрет сияқты көптеген такырыпта
сурет салумен айналыскан. Шоқан салған суреттер оның ғылыми еңбектеріне байланысты этнографиялық сипатқа ие болғандықтан, оларды түгелдей кәсіптік өнерге жатқызбайды. Қазақстанның реалистік бейнелеу өнері Н. Г. Хлудовтың (1850-1935) есімімен байланысты. Қазақстанға 1877 жылы келген ол географиялық экспедиңияға қатысып, бірнеше акварель және кескіндеме полотноларын жасады. Ұлттық колориты мен этнографиялык жағынан үстірттігіне қарамастан Хлудов шығармалары көркемдік құндылыққа ие болды. Ол Қазақстанның таулы табиғатын, қазақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі
ерекшеліктерді шебер бере білді.

1929 жылы Түрксіб құрылысынан Алматыға жас жұмысшы, бұрынғы қойшы Ә. Қастеев оқуға келді. Оның әкелген суреттерінен темірқанат талаптың болашағы зор екендігі көрінді. Осы кезде қондырғылы өнер жасауға Ә. Сәрсенбаев, Ө. Ысмайылов, соңынан ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар араласты. Бұл алғашқы ұлттык суретшілердің пайда болуы казақ халқының шығармашылық күш-қайратының оянуын көрсетті. Ә. Қастеев, Н. Крутильников, Е. Сидоркин, Ш. Кенжебаев, С. Мәмбеев, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, М. Лизогуб және басқа суретшілердің кескіндемелік жұмыстары қазақтың кең даласында болып жатқан өзгерістерді шынайы корсетті. Кескіндеме өнерінің шебері Қанапия Телжанов өзінің жанрлық шығармаларында күнделікті өмірдегі тіршілік мазмұнын асқан шеберлікпен, өзіндік қолтаңбамен бере білген. Сонымен қатар оның тарихи тақырыптарға арналған «Атамекен», «Бастау» атты туындылары көпшілік көңілінен шықты.

    1955 жылы салынған «Жамал» - оның ең таңдаулы көркем шы- ғармасының бірі болып табылады. Суретте жас қазақ қызының сымбатты дене бітімі өте әсерлі берілген. Көк майса үстінде ойға шомған қыз бала. Көктемнің шуақты күнімен нұрланған бұл көрініс өзінің әуезділігі арқылы қайталанбас, жарқын, қуанышты көңілмен жұптасқандай.

    Сахи Романов - О. Сүлейменов, М.Х. Дулати портреттерін, қазақ халық ертегілеріне графикалық иллюстраңиялар жасаған қазақтың танымал график-кескіндемешісі.

    Дарынды суретшілердің бірі - Ағымсалы Дүзелхановтың қылқа- ламынан туған «Түркістан», «Томирис», «Алтын сарбаз», «Наурыз», «Сақтар» және т.б. шығармалар бар. Ағымсалы балалар кітабын көркемдеу ісіне көп еңбек сіңірді.


Үйге тапсырма беру:
  Әбілхан Қастеевтің шығармаларына талдау жасау.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив