Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық галереясы. Өнер мұражайы. Көркемсурет училищесі.

Сабақтың тақырыбы:      

Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық галереясы. Өнер мұражайы. Көркемсурет училищесі.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді                  

                                            қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

 

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

                                            оқушы санасына терең сіңіру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

                                            түсіне білу. 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Суретші шығармалары, фотосурет және тағы басқалар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Қазақстан суретшілерінің орыс, кеңес және шетел суретшілерінің ең тәуір деген шығармаларын жинақтау және таныстыру мақсатымен Алматыда Қазақтың Мемлекеттік көркемсурет галереясы (Ә. Қастеев атындағы) ашылды. Шығармашылық көркем өмірдің белсенділігін арттыруда, шығармашылық күшті тауып шығаруға ашық конкурстар зор әсер етті. 1934 ж. салынған. А. Құнанбаев портреті мен оның шығармалрына жасалған иллюстрациялар өте мәнді болды. Конкурсқа Әбілхан Қастеев қатысты. Ол өзінің табиғи талантымен және ашық-жарқын ұлттық ерекшелігі бар жұмыстарымен көзге түсті. «Сатылған қалыңдық» және т.б. шығармалары атап өтілді. Еңселі ғимараттың жап-жарық вестюбилі кіріп келгеннен-ақ көңіліңе қуаныш нұрын құяды. Ару қала Алматыда 1935 жылы ашылып, «Қазақтың ұлттық көркемсурет галереясы» деп аталған көрме залында небары 43 картина болды. Мұражай қорын толықтыру 1950 жылдары кең құлаш жайып, Қазақстан суретшілері, мүсіншілері, графиктері мен кескіндемешілерінің ең таңдаулы шығармалары жинақталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен біріктіріліп, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер мұражайы деген атқа ие болды. 1984 жылы Ө. Қастеевтің есімі берілді. Қазақ қолөнері залында сонау ежелгі заманнан бергі көшпелі тұрмысқа лайық киіз, тері, сүйек, алтын мен күмістен жасалған заттар, әсіресе, зергерлік бұйымдар көп жинақталды. Олар халық шебері мен ұсталарының ғажайып өнерінен сыр шертеді.

    Ата буын Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар т. б. суретшілер шығармаларымен танысуға болады. Мұражайда арнайы кітапхана жұмыс істейді. Өнер музейінде жалпы саны 12 зал бар. Оның 6 бөлмесінде кескіндеме өнерінің туындылары орын алған. Суретші, кескіндеме өнерінің шебері Әбілхан Қастеев туындылары жеке бір бөлмеде жабдықталған.1938 жылы Алматыда көркемсурет училищесі ашылып, республиканың көркемөнер өмірінде ең ірі оқиға болды. Училищеде еңбек етуге тәжірибелі суретшілер: Н. Крутильников, А. Бортников, Р. Ардатов және жас суретші А. Леонтьевтер тартылды. Графикалық жұмыстар ішінде Г. Брыловтың (1898-1945) еңбегінен Алматы айналасы табиғатының әсем ерекшеліктері көзге түседі. Қазакстан суретшілерінің шығармашылығында Ұлы Отан соғысы үлкен із қалдырды. Сол кезде графикалық және плакаттық суреттер мен карикатура салу кең өріс алды. 1940 жылдан бастап М. Лизогуб Қазақстанда жұмыс істей бастады. Оның шығармалары өте әсерлі, темпераменттік мәнерде орындалған. «Екі батыр», «Ж. Жабаев», «М. Ғабдуллин» портреттерін дүниеге келтірді. Алматы көркемсурет училищесі жалғыз өзі ұлттық көркемсурет кадрларының қатарын толтыра алмады. 1949 жылы республикалық Алматы көркемсурет училищесінің бітірушісі Молдахмет Кенбаев «Көктемгі егіс» және Нұрбек Таңсықбаев «Мақта жинау» шығармаларымен көзге түсті.

                     

         Ә. Қастеев атындағы Орталық өнер мұражайының көрме залы.

Үйге тапсырма беру:  Әр түрлі суретшілер шығармаларын салыстыра отырып,         ерекшеліктерін ашуға тырыс.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив