Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау.

Сабақтың тақырыбы:      

Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер

                                             иллюстрацияларымен таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:              Ертегі мазмұнын бейнелей білуге үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                   Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

                                             түсіне білу. 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Ертегі мазмұнына қарап салынған суретші шығармалары, иллюстрациялар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаны көз алдыңа елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты жұмыс. Ол шығарманы терең шығармашылық қызығушылықпен оқып шығуды талап етеді. Бұл жерде суретші жазушының кітапта баяндаған оқиға желісін қағаз бетіне түсіру жұмыстарымен айналысады. Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батырды естеріңе түсіріп көріңдерші. Енді ертегінің негізгі идеясын анықтау үшін басты кейіпкерлердің бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелік. Бұл иллюстрация аса шеберлікпен суреттелген. Суретте зор тұлғалы, тұлпарға мінген батыр келе жатыр. Кең жазық дала көрінісі ашық аспан астында көсіліп жатыр. Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Халық ел қорғайтын жас батырларды әрдайым қадір тұтып ардақтаған. Батырларын қастерлеп биікке көтеріп, оларға өлең-жырлар арнаған. Осы суретте бейнеленген «Қобыланды батыр» жырындағы мейірімділік пен қатыгездікті, қорқақтық пен батылдықты көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Жырдағы басқа кейіпкерлермен қатар жануарлар бейнесі де жан- жақты қарастырылып көрсетіледі. Ертегі, аңыз мазмұнындағы жануарлар мен аңдарды, құстарды қағаз бетіне түсіру үшін олардың бейнесін көбірек нобай (эскиз) жасап, жаттыққан абзал. Ол үшін жануарлар мен аңдарды сыртынан әбден бақылау, зерделеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Үйге тапсырма беру:  Аңыз, ертегілер мазмұнына арнап шағын нобай иллюстрациялар жаса.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив