Абайдың шығармаларына иллюстрация.

Сабақтың тақырыбы:      

Абайдың шығармаларына иллюстрация.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Абайдың шығармаларына арнап салынған суретшілер

                                             иллюстрацияларымен таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:              Шығарма мазмұнын бейнелей білуге үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                   Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

                                             түсіне білу. 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Абайдың шығармаларының мазмұнына қарап салынған суретші шығармалары, иллюстрациялар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқи отырып, жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға келтіреміз. Бұл өлеңде Абай нені айқын, өрнек тілмен бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Абайдың осы өлеңінің көрінісін көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Желсіз, тынық жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай, сәулесін шашып, бүкіл далаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір сары алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы да өздерімен-өздері жайымен ғана сыбырласып, манаураған түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер дүние құлпырып, жасыл шөпке, қырмызы гүлге бөленіп ерекше сұлулық танытқандай.

    Ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі түсті бояулардан жасалған күйлі де келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз.

    Ал енді осы көріністі қағаз бетіне салып көрсек қайтеді? Ол үшін бізге суреттің негізгі тақырыбын ашу керек. Абай өлеңінде табиғат көрінісі суреттелген. Демек, бұл бейнелеу өнері тілінде табиғатты бейнелеу дегенді білдіреді. Өзен, ай, жер, қалың ағаш - мұның барлығы бір бүтін көріністі құрайды.

    Табиғаттың осы бір әсем көрінісін бейнелеудің қаншалықты қиын екендігіне қарамай, суретші ақынның айтайын деген ойын бізге ғажайып шеберлікпен жеткізе білген. Шығармадағы түн көрінісі ақ, қара бояумен ғана бейнеленіп, бояу түстерінің ғайып болғанымен көрермен суреттен ауа кеңістігін айқын көріп қабылдай алады. Бұлт арасынан шыққан ай су бетіне жарық сәуле шашып, жағалаулар қызыл қоңыр реңкте өте жеңіл салынса, алдыңғы пландағы биік ағаш өте қою бояумен салынған. Бәрі де өз орнын тауып, ауа, кеңістік ерекше күш-қуатпен берілген.

    Суретті гуашь немесе майлы және акварель бояуларымен салуға болады. Бұл құралдармен табиғат көрінісін әдемі де мағыналы етіп ашуға мүмкіндік мол.

 

Үйге тапсырма беру: «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне арнап нобай-иллюстрациялар орында.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив