Графика өнерінің түрлері.

Сабақтың тақырыбы:      

Графика өнерінің түрлері.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Графика өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі

                                            түрде таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:             Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

                                            қабілеттерін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

                                            түсіне білу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

   Графика - бейнелеу өнерінің бір түрі (сурет салу, жазу мен сызу). Оған қолмен салынған сурет, сондай-ақ басқа да тәсілдермен (литография, гравюра, фотолитография және т. б.) орындалған суреттердің барлық түрлері кіреді.

Сызба (графика) - бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі. Графика грек тілінен аударғанда - «сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Графикалық бейне тек бір түсті ғана емес, сонымен қатар түрлі түсті болады. Сызба өнерінде штрих аса маңызды рөл ойнайды. Сызбаның түрлері:

1) қондырғылы сызба (сурет эстамп, лубок);

2) кітап және газет-журнал сызбасы;

3) қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т.б.).

Көне заманнан келе жаткан сурет салудың бір құралы - көмір және сангина, ал XVI ғасырдан бастап графит қолданылып келе жатыр. Ол - казіргі кезде көп қолданылып жүрген сырты ағашпен қапталған қарындаш. Графит қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар сызба техникасына соус, акварель және гуашь бояулары да жатады. Сурет, картина, жазуларды литография, гравюра, фотомеханикалық репродукциялардың көмегімен көбейтуге болады.

  

  Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны, сондай-ақ одан алынған басылымды айтады. Гравюраның қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен танысалық. Ол үшін қажетті материалдар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тушь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз. Қара тушьті қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тушь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады. Көп дана етіп шығару үшін линолеум, картон және шыны сияқты материалдарды пайдалану қажет. Алғаш салған суреттеріңді естеріңе түсіріңдерші. Сендер оны қарындаш, сия немесе акварель бояуымен және міндетті түрде қағазға салдыңдар. Сендер бірақ графикамен шүғылдандық деп ойлаған да жоқсыңдар. Ал графика дегеніміз қағаз бетіне түскен сурет. Графика көбіне-көп ақ-қара, бірен-саран түрлі түсті болып келеді. Сендер күнделікті өмірде графикамен жиі ұшырасасыңдар. Олар - газеттегі сықақ, кітаптардағы иллюстрация, көшелерге жапсырылған жарнама, плакат, почта маркалары, ақша таңбалары, бұйым қорапшаларындағы әріптер, ең ақыры көрме залында, мұражайда, үйде, мектепте ілінген суреттер. Суретшінің қарындашпен, көмірмен, тушьпен, кей жағдайда түрлі түсті қарындашпен, акварельмен салған суреттері, әдетте, бір-ақ дана болады. Оның кітаптағы, журналдағы көшірмелері баспаханаларда арнайы құралдар мен машиналар арқылы дайындалады. Бірақ суретшінің өзінің де көбейте алатын мүмкіндігі бар. Арнайы құрал-штихель арқылы суретші өз еңбегін тақтайға, линолеумге, металға немесе қышқыл арқылы беті айрықша лакпен жүргізілген литографиялық тасқа, мыс және қорғасын табақшаларына инемен сызып, кәдімгі айнаға түскен суреттей теріс салып шығады. Содан кейін сол суреттің бетіне валик арқылы бояу жағады да, өзіне қанша дана керек болса, сонша дана көшірмесін алады. Суретті тақтай және металл арқылы көбейту әдісін гравюра деп атайды. Гравюраны линолеумге, пластмассаға, ағашқа, картонға жасауға болады. Ал литографиялық тас арқылы жасалған көшірмені литография дейді.

Гравюра туындылары кесу іс-әрекеттері арқылы жүргізілетіндіктен, кескішті нық игеруге және онымен кез келген сызықтарды емін-еркін жүргізуді үйрену үшін бірқатар дайындық жаттығуларын жасау қажет.

1- жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескішпен ені 0,5 мм-ден аспайтын арықша-бедер жүргізіңдер. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп тағы да 0,5 мм келесі бірнеше сызықтар жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10x10 см көлемде тік төртбұрыштарға тіліңдер.

2- жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасаңдар, тақтаның бетін тегіс толтырыңдар.

3-жаттығу. Шеңберсызғышпен (циркуль) дөңгелек жүргізіп, оларды да кескішпен тіліп арықша жасаңдар.

    Графика - бейнелеу өнерінің көне түрі. Ежелгі суретшілердің үңгір ішіндегі қабырғаларда қалдырған суреттері, көне грек құтыларындағы ою-өрнектер, қайта өрлеу дәуіріндегі көрнекті қылқалам шеберлерінің гравюралары мен суреттерінің бәрі тамаша графикалық туындылар болып есептеледі. Бүгінде графика өнері бейнелеу және мүсін өнері сияқты жан-жақты дамып отыр. Тіпті онсыз біздің өмірді көз алдыңызға елестетудің өзі мүмкін емес. Кез келген балалар кітабын парақтап қарасақ, мәтіннің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін суреттерді, яғни графикалық шығармаларды көруге болады.

 

 

Үйге тапсырма беру: Арнайы штихель құралы арқылы жаттығулар жаса.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив