Оттиск.

Сабақтың тақырыбы:      

Оттиск.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Графика өнері түрлерінің бірі оттискпен оқушыларды     

                                            таныстыру және оларды шығармашылық жұмыстарға

                                            баулу.

 

ә) Дамытушылық:             Оқушылардың ой-өрісін, ізденімпаздық жүйелілеу   

                                            қасиеттерін, жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге,

                                            нақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Оттиск - көшірме түсіретін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жағылған типографиялық бояу. Қажетті материалдар: тақтаға бедер-өрнек салғанда қолданылатын тірек жастықша; тағанды үлкейткіш әйнек; бедер-өрнек салуға арналған арнайы құралдар (штихельдер).

    Суретші тақтайға штихель арқылы бейне ойып салады. Салынған тақтайша «клише» деп аталады. Клишеге бояу жағып шығады да, оның бетіне таза қағазды жауып оттиск алады. Оттискте тақтай бетіндегі шұңқыр жерлер ақ болып түседі де, шығыңқы жерлері қара түсті болып шығады. Бұл жолмен бірнеше оттиск алуға болады. Оттиск тақтайша ағаштан, металдан және линолеумнан жасалынады.       Линолеумге қиып салынған сурет тақтайша бетінде түскен суретті жасауға қарағанда оңай. Себебі ол жұмыс жасауға ыңғайлы.

    Гравюраның линолеумге жасалатын түрі линогравюра деп аталады. Линогравюраны жасау үшін табиғи материалдан жасалған линолеум іздестірген жөн.

    Орамнан кесіп алынған линолеумнің бір жапырағын тік жазылу үшін аздап қыздырып, содан соң престің астында ұстайды. Дайын болған линолеум бетіне қылқалам арқылы тушьпен сурет салып алу қажет. Содан кейін кескішпен тіліп, штрихтар арқылы бейнелерді түсіруге болады. Қажет емес сызықтар тіс тазалайтын ұнтақ пен желімнің қосындысымен сыланып бітеледі. Линогравюралар бір түсті және түрлі түсті болуы мүмкін. Ол үшін суретші бастапқы кезінде қанша бояуды қолданғысы келсе сонша тақта әзірлеуі тиіс.

 

Үйге тапсырма беру: Линолеумнен клише дайындауға машықтан.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив