Офорт.

Сабақтың тақырыбы:      

Офорт.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Графика өнері түрлерінің бірі офортпен оқушыларды     

                                            таныстыру және оларды шығармашылық жұмыстарға

                                            баулу.

 

ә) Дамытушылық:             Оқушылардың ой-өрісін, ізденімпаздық жүйелілеу   

                                            қасиеттерін, жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге,

                                            нақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Ең алдымен оқушыларға графика өнері түрінің бірі офорт жайлы толығырақ мәліметтер беріп, түсіндіріп өтемін. Сондай-ақ оның қалай жасалатыны жайлы түсіндіремін.  

    Офорт оймыш гравюраның бір түрі болып табылады.

    Гравюра өнері оның басылым тәсілінің түрлеріне байланысты биік, терең және жазық болып бөлінеді. Бұлай бөліну басылатын элементтің шығыңқы немесе бір жазықтықта болуына байланысты.

    Офорт француз тілінен аударғанда «ащы су», демек, азот қышқылы, яғни офорт тақтайшасын өңдеу деген мағынаны білдіреді.

    Көптеген бұйымдар ою-өрнектермен безендіріліп, әр түрлі бедерлермен әшекейленеді. Бұйымға түсірілген өрнек элементтері жазықтық бетіне терең батырылып қашау арқылы түсіріледі. Офорт жұмысының негізіне металл және азот қышқылының бір-біріне қосылып, әсер ету процесі жатады.

    Көркем оймыштың бірінші түрінде металл, ағаш, сүйек, мүйіз, мәрмәр, шыны, т. б. заттардың бетіне ойып, батырып, сызып өрнек түсіру. Көркем оймыш тәсілімен сурет салуға, көркемдеп жазуға болады. Ал енді екінші түрі - киіз, мата, былғары, боялған тері және т. б. заттарды өрнек үлгісі бойынша кесіп, оюлауды да көркем оймыш деп атайды. Мысалы, сырмақ, текемет, түс киіз, көк сауыр, етік, сүйекті кебеже, киімдік жаға және басқа бұйымдарды да осы әдіспен мәнерлеп оюлайды. Көркем оймыш құралдарына бетінде бейнелі таңбалары бар қысқыш, басқыш, ұрғы және т. б. жатады.

 

Үйге тапсырма беру: Көркем оймыш тәсілімен аты-жөніңді көркемдеп жазу жұмыстарын орында.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив