Кітап графикасы.

Сабақтың тақырыбы:

Кітап графикасы.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Кітап графикасы жайлы оқушыларды жаңа, тың

                                            мәліметтермен таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:             Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге

                                            дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай

                                            білуге үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                  Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу      

                                            мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам, түрлі түсті қаламдар және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Алматыда суретшілер тобы қалыптасып, кітап графикасымен айналысып келе жатқан суретші-графиктер Б. Машрапов, А. Дүзелханов, А. Ысқақов,

Қ. Төреқұлов т. б. кітап безендіру ісінде ойдағыдай еңбек етіп келеді.Суретшілер тек сурет салумен ғана шектелмейді. Олар біздің күнделікті қолданып жүрген бұйымдарымызды да жасау үшін жобалар жасайды. Мысалы, біз оқып білім алып жүрген оқулықтарымыздың дүниеге келуіне суретші-графиктердің қосқан үлесі мол. Суретші-графиктер кітаптың көлемін, сыртқы пішінін, ішкі безендіру жұмыстарын оның мазмұнына байланыстырып көркемдейді. Кітаптың әсем безендірілуі, оның ашық бояулармен нақышталуы бізді өзіне тартып, қызықтырады. Кітапты безендіру жұмыстары ең алдымен нобай (эскиз) жасаудан басталады. Ең алдымен оның пішімі (форматы) айқындалады. Сосын кітаптың ішкі мазмұнына сай оның мұқабасына сурет салынады немесе көркем жазумен әшекейленеді. Кітаптың алғашқы бетін ашқанда форзацты көреміз. Әдетте қосарбеті бір түсті болуы мүмкін немесе сурет салынады. Мына суретте көріп отырғандарың - сурет салынып, әшекейленген кітаптың қосарбеті. Кітаптың сыртқы мұқабасын жасау үшін сол кітаптың ішіндегі әңгіме, ертегі мазмұнын жақсы білуіміз керек. Содан кейін пішімді таңдап алып, мазмұнға сәйкес сурет салынады. Сурет қарындашпен орындалып, сосын бояумен жұмысты бастау керек. Салынған сурет композициясы, кітаптың аты, авторлардың аты-жөні, баспаның аты, жарық көрген жылы үйлесімді жарасымын тауып тұруы шарт.

 

Үйге тапсырма беру: Кітап мұқабасын жасау үшін нобай (эскиз) дайында.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру