Практикалық жұмыс.Қарапайым тіліктің сызбасын орындау

Тақырыбы 66

Практикалық жұмыс.Қарапайым тіліктің сызбасын орындау

Мақсаты

Тақырып бойынша түсінік беру, оқушылардың ой өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру

Жалпы мақсат

Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және мәтінмен жұмыс істеу арқылы  пәнге қызығушылығы артады

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам,Миға шабуыл,Жигсо,Жалғасын тап, Ойлан тап

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы  топқа бөлу

Алтын ереже құру  қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар  таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар  арқылы топтар өзара бағалайды.

Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

Білу

Миға шабуыл

Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы»   әр түрлі  деңгейдегі сұрақтар беріледі,

 

Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады

. 1. Проекцияның неше түрі бар?

2. Қиманың сызбада неше түрі қолданылады? Олар қандай?

3. Проекциялаушы жазықтықтарын ата?

4. Нәрселердің сызбаларына сәйкес келетін қима кескіндерін табыңдар?

Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

 

Түсіну

Ауа райы климат»  Постермен   өткен тақырыпты қорғау

 

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін  жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін  топпен талқылап отаға  топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты  жинақтайды

Қолдану

Жигсо пайдалану

Таұырыбы   Қарапайым тілік

Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген  тапсырмаларды біріге  талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің  бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын  тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Тетікті бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықпен ойша қиғанда алынатын кескін тілік деп аталады.

   Тілік пен қиманы шатастырмау керек. Тіліктің қимадан айырмашылығы мынада: тілікте қиюшы жазықтықтағыны ғана емес, сонымен біргеқиюшы жазықтықтың арғы жағында жатқандарды да көрсетеді.

    Тетік қиюшы жазықтықпен ойша қиылады да, тетіктің бақылаушы мен қиюшы жазықтық арасында орналасқан алдыңғы бөлігі алынып тасталған сияқты болады. Қалған бөлік проекция жазықтығына проекцияланады. Мұнда қиюшы жазықтықта орналасатын және тіліктің құрамына енетін қима фигурасы штрихтаумен ерекшеленеді. Тетіктің қиюшы жазықтықта жататын тұтас бөліктері штрихталады.

    Тілікті орындау нәтижесінде көріністе штрих сызықтармен жүргізілген ішкі контурдың сызықтары көрініп тұрады, сондықтан тұтас негізгі сызықтармен кескінделуі тиіс.

     Қиюшы жазықтықтың проекция жазықтығына қарағандағы орналасуына байланысты тіліктерді горизанталь,вертикаль және көлбеу тіліктер деп  бөледі.

Бұл тіліктердің барлығы да тетікті ойша бір ғана қиюшы жазықтықпен қию барысында алынған жағдайда  қарапайым тіліктер деп аталады.

Вертикаль тіліктердің өзі фронталь және профиль тіліктер болып екі түрге бөлінеді.Фронталь тілікті  тетікті фронталь прекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз.

Профиль тілікті, тетікті профиль проекция жазықтығына параллель болатын қиюшы жазықтықпен қию кезінде алуға болады.

Горизонталь тілік  тетікті  горизонталь прекция жазықтығына параллель болатын қиюшы жазықтықпен қию кезінде пайда болады.

Горизонталь  проекция жазықтығымен тік бұрыштан өзге бұрыш жасай орналасатын қиюшы жазықтық жасайтын тілік көлбеу тілік деп аталады.

Көлбеу тілік қарау бағытына сәйкес салынуы және орналастырылуы тиіс. Қажет болған жағдайда  көлбеу тілікті сызба алаңының кез келген жеріне орналастыруға болады жұмыстарын қорғайды.

Талдау

Жалғасын тап

Сөйлем соңында қойылатын  сөздерін тақтаға жазып қою

Тақтаға тақырыптағы сөздер алып оны тақтаға жазып қою арқылы оқушылардың  тақырыпты талдату

Сөздерді толықтырады,мағанасын түсіндіреді, талдайды

Жинақтау

Ойлан тап

 

Әр топқа тапсырма бойыншатапсырмалар таратылады

«Кім тапқыр?» Әр топқа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.

(І топқа сарамандық жұмыс);

(ІІ топқа карточкамен жұмыс);

(ІІІ топқа тетікбөлшектермен жұмыс).

Жұппен, топпен бірлесе отырып, А3 пішіміне тиісті дәрежеде тапсырмаларын орындап, жұмыстарын қорғайды.

Әр топтан оқушы шығып жаттығулар орындайды

 Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

Рефлексия

Екі жұлдыз , бір тілек

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

 «Менің Отаным Қазақстан»тақырыбына кітапша , альбом жасау.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив