Бояулар сыр шертеді

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы
№5 мектеп - гимназиясының бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Успангазиева Жанар Сергеевна

Сайыс сабақ "Бояулар сыр шертеді" . /Сабақ жоспары, Презентация/


Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.
ә) Дамытушылығы: оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
б) Әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу, өнерге баулу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, өзін - өзі тексеру, сайыс.

Көрнекілігі: қалам, қағаз, сулы бояу, мақал – мәтел, жұмбақ, суретшілер шығармалары.

Пән аралық байланыс: әдебиет, еңбекке баулу.

Сабақтың формасы: өзін - өзі тексеру, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, иллюстрация.

Бақылау: өзара бақылау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Сайыс сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім:
− Балалар, “Бояулар сыр шертеді” тақырыбындағы сайыс сабағымызды бастайық..
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек.
К.Маркс

−Бүгінгі сайыс сабақта бейнелеу өнері жайлы білімдерің тексеріледі, шапшаңдық, ой – қиялдарын, сурет салу шеберліктерің сыналады.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді және әділқазыларды сайлайды.
I – топ “Акварель” II – топ “Гуашь”
Әр топ өз атына анықтама береді:
Акварель – суда жақсы еритін бояу
Гуашь – суға езілетін қою бояу.
III. Сабақ бағдарламасымен таныстыру.
1.Үйге тапсырма: тақырыптық сурет.
2. Бейнелеу өнерінен білімді тексеру.
3. Суретшілер шығармалары.
4. Жұмбақтар сайысы.
5. Түстер туралы мақал – мәтелдер.
6. Өлеңдерге иллюстрация жасау.
7. Достық әзіл сайысы.
8. Қорытынды.

1. Үй тапсырмасы бойынша “Күзгі пейзаж” атты тақырыпқа арналған суретті көрсету, суретті сөйлету.

2. Бейнелеу өнері пәнінен өзін - өзі тексеру тапсырмалары. Бейнелеу өнері терминдер сөздігінің анықтамасын бағыттар арқылы сызып көрсету.

Акварель тобы:

Абстракты өнер Суға жақсы еритін бояу

Автопортрет Тақырыпсыз өнер шынайы бейнелігі жоқ өнер

Акварель Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі

Аппликация Керегенің уық байланған бастарының сырт жағынан жүргізілетін жалпақ баяу

Басқұр Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындал- ған көркем шығарма

Батальды жұмыс Матаға бояумен салынған сурет
Батик Кеуделік мүсін

Бюст Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма

Витраж Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Вернисаж Ортағасырлық Еуропа өнері

Гобелен Терезе немесе есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектер
Готика Сурет салып тоқылған кілем

Гохуа Кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма
Икебана Кітап безендіруде қолданылатын көркем сурет

Иллюстрация жібек матаға бояумен орындалған қытай живописі
Классика ХХ ғасырдың басындағы бейнелеу өнеріндегі модернистік ағым
Коллаж Озық үлгідегі өнер

Кубизм Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші

Маринист Әр түрлі маталарды жапсыру арқылы орындалатын көркем жұмыс
Мозаика Көркем шығарманың бір бөлігі

Фрагмент Әр түрлі шыны, тастардан жасалған сурет

Монументтік живопись Дүние жүзіне әйгілі Париждегі бейнелеу өнері мұражайы
Миниатюра Үлкен көлемді көркем безендіруде орындалған шығарма
Лувр Өте нәзік көркемдік әдіспен жазылған көркем шығарма
3.Интерактивті тақтада суретшілер шығармалары көрсетіледі.
Әр топқа екі суретші шығармасы беріледі. Шығарманың тақырыбы, суретшінің аты – жөнін табу тапсырылады.

7. “Достық әзіл” сайысы. Яғни әзіл сурет салады, соңынан суретші түсіндіріп, ұтымды жауап береді.

8. Қорытынды:
Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз топты атайды.

Бояулар сыр шертеді

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив