Сурет сала білемізбе?

Сурет сала білемізбе?
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
Маңғыстау селосы №1 орта мектептің
сурет-сызу пәнінің мұғалімі Текеева Ұлжан

Сурет сала білемізбе?


Сайыстың мақсаты:
Оқушыларға сурет салудың қырын меңгерте отырып, қоршаған орта өмір шындығы туралы ой өрісін кеңейтудің туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырудың, теориялық білімі мен практикалық білімін ұштастырудың маңызы зор.
Сурет-кескіндеме мүсін және сурет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры, кескіндеме түрлерінің жаны мен қайнар көзі деген Италиядық суретші Микеланджелонның сөзін келтіре отырып Бейнелеу өнері үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен «Сурет сала білемізбе?» сайысын бастаймыз.
Осы сайысқа қатысқалы отырған топтарды таныстыра өтейік. Оларға «Су бояу» және «Қылқалам» топтарын таныстырып өтейік. Осы топтарымызды сурет өнерін қаншалықты игергендігін бағалаймыз.
Сайысымыздың шарты мынадай:
1. Әр топ өздерін таныстырып өтеді
2. Әр топ еркін тақырыпта, қағаз бетіне сурет салып сырлайды.
3. Оқушыларға ребус беріледі.
4. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады
Ал енді 1-шартымызды әдетте кез-келген сайыс танысуымен басталады ғой бізде осыдан қалыс қалмайық (Әр топ өздерін таныстырып өтеді 5 минут уақыт беріледі)

Су бояу тобы:
Сүйсең сурет сабағын
Шабыт берер алабың
Әсемдікті түсініп,
Арта түсер талабың
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз – талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Қылқалам тобы:
Дайын қағаз, қаламың
Бояу таңдап аламын
Ақ көгершін, көк аспан
Суретін мен саламын.
Төсіне кең даланың
Зәулім үйлер қаладым.
Ең биікке қадаймын
Елімнің көк жалауын
2. Келесі кезекте сурет салу шартына кезек берейік (әр топ өздері таңдаған тақырыпта қағаз бетіне сурет салып, сырлау керек 15 минут уақыт беріледі)
Келесі 3-сайысымыздың аты: Ребус шешу
4.Соңғы шартымыз, бұл сайыс сұрақ жауап ретінде өтеді. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі, іске сәт дей отыра шартымыздың сұрақтарын бастаймыз, сонымен

«Су бояу» тобының сұрақтары:
1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
2. Перспектива дегеніміз не?
3. Мозайка ұғамына анықтама бер?
4. Натюрморт бейнелеу өнерінің қай түріне жатады, Штрих деген не?
5. Пластилин деген не?

Жауаптары:
1. Сәулет, мүсін, кескіндеме
2. Тұтас көру
3. Түрлі шыны, тастардан жасалған сурет
4. Кескіндеме, түрлі сызықтардың жиынтығы
5. Мүсін жасауға қолданылатын жұмсақ зат
«Қылқалам» тобының сұрақтары:
1. Бейнелеу өнерінің жанрын ата?
2. Сурет салудың неше түрін білесің?
3. Натюрморт дегеніміз не?
4. Негізі неше түс бар, ретімен ата?
5. Сұйық қара бояу қалай аталады?

Жауаптары:
1. Натюрморт, портрет, пейзаж, графика, тақырыптық сурет
2. Затқа қарап сурет салу, елестетіп салу, ойдан салу
3. Заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма
4. Ақ, қара, қызыл, сары, көк
5. Тушь

Қорытындылау :екі топтыда дипломмен марапаттау.

1 пікірлер

0 "04 декабрь 2017 15:18" гүлнұрҚонақтар

мен 5 ә сынып оқушысымын атым гүлнұр сабақты 5 ке оқимын барлығыне саттілік

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив