Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік.

Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік.
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 24 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізді таныстыру, білімдерін кеңейту.
ә) Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
І бөлім.
Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.
Қаз дауысты Қазыбек би: - Біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Көрініс: «Егемендік деген не?» Атасы Думан , немересі Аяулым
(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам.
Жүргізуші Мансұр
Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі. Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады.
Жанерке
1986 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан компартиясы төтенше пленумы болып өтті. Пленум Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев демалысқа шығуына байланысты республика компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты, оның орнына Ресейдің Уляновск облысынан келген орталық комитет мүшесі болған , Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.
Көрініс « Сахнаға жастар шығады , қолдарында ұрандары бар»
-Біз пленум шешімімен келіспейміз. Қайрат
-Қазақстанды қазақ басқарсын. Айдана
-Біз отарлықтың отаршылдық саясатына қарсымыз Самат
-Басшы қазақ болсын, қазақ! Бақдәулет, Айбек
Прокурор.Сәрсен Балалар, уа балалар ! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар жатақтарыңа қайтыңдар . Мен сендерге күш қолданамын.
Миллиция Мансур Балгамбаев
Миллиция Первая рота!Слушайте мою команду! Производиться операция «Құйын» ! Первая рота замной!
«Қайратты сүйреп түрмеге әкеліп қамайды».
Миллиция Айыпкер Рысқұлбеков !
Сен Мир мен Сәтпаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе.?
Диас М
Егер мен ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?!
Миллиция
Советскийді сен өлтірдің бе?
Диас М
Жоқ , өлтірген жоқпын.
Миллиция Сен ұрып жатқаныңды біреулер көріпті ғой.
Диас М
Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала!
Миллиция
Ах ты декабрист . Я тебя покажу.Өтірікті жала дейді еще!
«Ұрып соғады»
Әй Рысқұлбеков ! Сен Советскийді өлтіргеніңді мойындауың керексің.Мойындасаң әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де түрмеге қамап соттаймыз.Білдің бе сұмырай!
Диас М
Жолдас тергеуші – бұл тергеу ғой ! Өлтірмеген адамды қалай мойындаймын. Мен адам түгіл тышқан өлтіріп көрген жоқпын.
Миллиция
Заключенный Рысқұлбеков. Сен ақымақ болма.Советскииді өлтірдім де.Бұл бір,Сен әкеңнен 4 мың сом алып , мына менің жұмсақ алақаныма сал Бұл –екі. Түсіндің бе?
Диас М
Жолдас тергеуші ауылда өз күнін өзі көріп отырған ата-анамды ақша тап деп қинай алмаймын. Не үшін ақша төлеуім керек?
Не үшін.
Ешқандай қылмысым жоқ қой!


Миллиция
Ах ты баран , проклятый! Что тебя говарят. Или ты убил Советского , или ты заплотиш мне деньгами! Сен мені түсіндің бе?
Жұлдыз
Иә , қылышынан қан тамған осынау Колбин үстемдік қылған заманда –ақ!
Сөйлесең дауысың жетпейтін,
Кез болдың мынау заманға
Шовинизм еді ғой , басты себеп жан-жалаға –деп жасқанбай жырлаған желтоқсанның аққан жұлдызы , жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғарғы жаза –ату жазасына іліккендердің бірі.
Диас «Ақтық сөз»
Ақтық сөзді енді мен
Сотқада бір айтайын.
Күнәдән таза басым бар
Жиырма юбірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар
Мен не етермін, не етермін.
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым
Көре алмай мен өтермін
Қош аман бол артымда
Ағайын туған азамат!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым саған аманат!
«Қайратты миллиция сүйреп алып кетеді»
«Желтоқсан желі» әні, тақтадан
Ата : Осы көтерілістің арқасында 1991 жылы 16-желтоқсанда біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Президентімізді сайлап тәуелсіз егеменді ел болдық. Міне осы тәуелсіз ел болғаннан бері барлық жақсылық біздің елімізде. «Жылдар сөйлейді»
4 «а» 4 «б» сынып оқушылары
Анель
Желтоқсанда
Алматыда
Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан
Жайдың оты жалау қақты шатқалда.
Аппақ қала , О тоба!
Найзағайлар қар жалап тұр жотада,
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,
Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.
Кім көріпті о заманда бұзаман,
Найзағайды көк аязға құлаған,
Кеуделерде үрей –бөрі ұлиды,
Болсайшы аман , мына ғалам дін аман.
Жұлдыз
Желтоқсанның боранына қарына
Төзді олардың тәні менен жаны да
Елі үшін, жері үшін, біз үшін,
Қиды олар ата-анасын барын да
Лаулап жанды желтоқсанның мұзымен
Жас болсада көрді бәрін көзімен.
Қашан көрем тәуелсіздік туын деп,
Күресумен өтті ғой олар өмірден
Желтоқсанның құрбандарын мәңгілік
Жадымызда сақтаймыз біз сәнді ғып
Біз өмірді ұмытпаймыз ешқашан
Өтсе дағы қанша ғасыр мың заман
Тәуелсіздік туын бізге ұстатқан
Рахмет , Құрбандыры желтоқсан.
ІІ бөлім
Жанерке
- Бірге: Енді 2-бөлім «Тәуелсіз-Қазақстан» атты әдеби музыкалық концертімізді көріп тамашалаңыздар!
Мансұр.
1. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға.

Жанерке
2. Қазақтың санасын сілкіндірген оқиға жылдар бойы арман еткен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
Сол Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі.
Жұлдыз
Мансұр, Жанерке біз мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал болдық.
Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз.
Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
1 «б» сынып оқушысы Егор өлең оқиды.
Мансұр Н
Жұлдыз, Жанерке сендер білесіңдер ме мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Өйткені, мен бүгін тәуелсіз, еркін елдің ұланымын
Жанерке «Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.
Жұлдыз
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 24 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді.
1 сынып

Бала деген шіркін ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай келесі ән «Бала тілегі» Орындайтындар Айзере мен Ақсәуле.
Жұлдыз
Жанерке, Мансұр 2 сынып оқушылары бүгінгі мерекеге не дайындап келді екен сол оқушыларды шақырсақ қайтеді?
Жанерке , Мансұр
Шақырсақ шақырайық.
Жұлдыз
24 жылда өткердік
Тағдырдың талай сынағын.
Шыдамды шырақ қыраным
Шырқатады жыр әнім
Жібек пен Даниэлланың орындауында «Мереке» әнін қарсы алыңыздар!
Мансұр
Сыныбымызда қашанда жадыратып, көркейтіп жүретін біздің биші қыздарымызды "Қамажай" биімен шақырамыз.
Жұлдыз
8 қырлы, 1 сырлы жан-жақты біздің жігіттерді қарсы алыңыздар!
Біздің жігіттердің биден басқа Мансұрдың ән айтқанын тыңдап көрдің бе?
Жоқ
Ендеше не тұрыс Мансұрды шақырмаймыз ба?
Қошеметтеп отырыңыздар!
Тәуелсіз еліміз Жасай берсін! Бірге

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив