Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы)

Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы)
Қазақша Тәрбие сағат: 30 тамыз - Конституция күні (Заңды білу – заман талабы)

Тәрбие сағат тақырыбы: Заңды білу – заман талабы
Сыныбы: 9 сынып
Тәрбие сағат мақсаты:
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру;
Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу;
Түрі: Ашық тәрбие сағаты
Әдісі: сыныпішілік, топтық сайыс
Көрнекіліктері: Қ. Р - ның рәміздерінің суреттері, Қ. Р - ның Конституциясы, тб. заң жинақтары, көрме, заң туралы қанатты сөздер;

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру
а) Оқушыларды түгендеу,

ә) Оқушыларды үш топқа бөлу:
1 - топ «Ақиқат»,
2 - топ «Заңгерлер».
3 - топ «Болашақ»
б) Әділқазылар алқасын тағайындау.
в) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Заңды білу – заман талабы»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Сайыс жоспары:
Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру)
«Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақтан
«Тапқырлық»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
«Жағдаяттық сұрақтар»
Пікірсайыс
«Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»
Қорытынды

Қанатты сөздер:
“Тәртіпке бас иген құл болмайды,
тәртіпсіз ел болмайды” Б. Момышұлы.
“Балам бол, басқа бол - бәріңе заң біреу - ақ”,
“Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ”
(Ж. Баласағұн)
Куәсіз істі күмән табар,
Куәлі істі куә табар»
(Халық мақалы)
«Бір қазаға екі жаза жоқ»
(Халық мақалы)

І бөлім.
Визиткалық карточка
(топ аты, топ ұранымен таныстыру)
ІІ бөлім
«Тікелей сұрақ»әр топқа 10 сұрақтан

Ақиқат тобының сұрақтары:
«Конституция» сөзінің аудармасы қалай?
(Латынның «constitution» құрылым, өкілім);
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы. (халық)
Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
Егемендік алғаннан кейін Қ. Р - да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 ж, 1995)
Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)
Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес)
«Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?
(демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
(Бала құқығы, білім заңы, неке және отбасы
туралы заң т. б.)
Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

«Заңгерлер» тобына
«Құқық» дегеніміз не?
Қазақстан Республикасының
Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
Қ. Р - да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар?
Қ. Р - да ресми түрде қолданылатын тіл?
Қ. Р - да «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді?
Қ. Р - ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді?
Қ. Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?
Қазақстан Республикасы қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас?
«Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша?
Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды?

«Болашақ»тобына…
«Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
Қ. Р - ның басқару нысаны қандай?
Халықпен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
Қ. Р. «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды?
Қ. Р - дағы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады?
1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті?
17 - желтоқсан қандай күн?
«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?
Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив