Ж.Жабаев «Жаныс ақынға» өлеңі

Бекітемін:
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р. Тоғызбаева
8-сынып 21.12.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы Ж.Жабаев «Жаныс ақынға» өлеңі
Сілтеме Оқулық, қосымша ресурстар,

Сабақтың мақсаты Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. «Жаныс ақынға» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру. Мәнерлеп оқуға дағдыландыру, Оқушылардың таным түсініктерін, ойлау қабілеттерін,өз ойларын нақты, еркін жеткізе білуге дағдыландыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Баяндау, түсіндіру, талдау.Сын тұрғысынан ойлау әдістері
Оқыту нәтижелері Ақын өмірі туралы білгендерін ортаға сала алады, ақпаратты өз бетінше меңгере алады, сыныптастарына түсінікті тілмен ақпаратты жеткізе біледі, ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіне біледі, сыни ойлай білуге үйренеді, ақпараттық - коммуникациялық технологияны тиімді қолдана біледі.

Сабақтың кезеңдері Ресурстар
\Керек жабдықтар\ Оқыту моделі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2-3 мин
Топпен Оқушыларды түгендеу. Бумба-юмба тайпасы арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушыларды Тұрмағанбет, Абай, Жамбыл аттарымен топқа бөлу.
Сабаққа назарын аудару. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірімен сәлем-оң құлағынан ұстайды, қалайсың-мұрнын түйістіреді, жақсымын-арқасын түйістіреді.
Үй тапсырмасын сұрау. Топпен Т.Ізтілеуов өмірі, шығармашылығы «Арқаның ауруы не қозбайтұғын», «Адамдық іс» өлеңдерін жаттау. Оқушылар берілген тапсырманы жаттап келеді.
Үй тапсырмасын бекіту. Жеке «Сұрақтар жаңбыры»
1. Т.Ізтілеуов қашан, қай өлкеде дүниеге келген?
2. Ақынныңшығармаларының тақырыптары қандай?
3. Өлеңдерінде не туралы айтылған?
4. Ақын адамдық іске нені жатқызады?
5. Адам бойындағы қандай қасиеттерді дәріптейді?

Жаңа сабаққа даярлық АКТ Топпен I.Қызығушылықты ояту
Балалар, бүгінгі сабағымыз кім туралы екенін білу үшін сұраққа жауап беруіміз керек.
1. Жүз жасаған бәйтерек деп кімді айтамыз? 2.Ақынның ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған ұлының аты?
3. Сүйінбай кімнің ұстазы болған?
-Балалар, сендер мына суреттегі тұлғаны танисыңдар ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыз осы кісіге арналмақ. Сабағымыздың тақырыбы: Ж.Жабаев өмірі және «Жаныс ақынға» өлеңімен танысамыз.
Сабақтың мақсатын хабарлау. Оқушылар мұқият тыңдап отырады.
Жаңа сабақ Тақырыбы:












































Топпен




Топпен




Топпен












Жеке
Жаңа сабақ слайд арқылы таныстырылады. Мұғалімнің түсіндірмесі
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылдың өмірінен көрініс)
3. Айтыстары
4. Сатиралық өлеңдері
5. Отаншыл өлеңдері
6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.
- Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
Н. Ә. Назарбаев
Енді кітабымызда берілген өлеңіне тоқталайық. Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға оқыту.
Өлеңде не айтылған?
«Жаныс ақынға» өлеңі тақырыбы жағынан қандай өлеңге жатады?
Жаныс ақын кім?
Ақынның айтыскерлік өнері өлеңде қалай көрініс тапқан?
Өлең кейіпкері Сүйінбай ақын кім?
Өлеңнен ақынның қандай көңіл күйін байқаймыз?
Теңеулер мен демеулік шылаулар өлеңге қандай көркемдік әсер беріп тұр? Өлеңнен көркемдегіш құралдарды мұғалім таптыртады?
Сөздікпен жұмыс
Көбең-арықтап ет алған жылқы
Жабы-қарапайым жылқы
Шыбыл-ұлы жүздегі ру аты
Сөйлемен-сөйлемейін
Дамытушылық тапсырма: Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
І Топ. талдау
Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай!
ІІ топ.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
ІІІ топ.
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай.
Қашсаң, қуып жетейін,
• Авторы – Жамбыл Жабаев.
• Тақырып –
• Жанр түрі – поэзия (өлең).
• Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді.
• шумақ-
• тармақ-
• бунақ-
Үш жақты күнделік
І топ. «Кейіпкерге хат» стратегиясы арқылы ойтолғау жазу. Өзіне ұнаған кейіпкерге хат жазу, немесе Жамбыл атынан өскелең ұрпаққа хат жазу.
ІІ топ. Салыстыру картасы







ІІІ топ. Мәтінді оқып, берілген мәліметтерді қолданып, хронологиялық кесте жасау.


Жеке жұмыс «Үш жақты күнделік» толтыру

Таңдаған өлең жолын оқу Бұл үзіндіні неге таңдадыңыз? Себебі? Өз ойым



Оқушылар белсенді қатысып отырады.
Жаңа сабақты бекіту. Жеке
Топпен Топтастыру әдісі арқылы бекіту





Оқушылар сыныпта жұмыс жасайды.Белсенділік танытады.
Бағалау
Формативті бағалау. Белсенді жұмыс жасау.
Үйге тапсырма Бізге жабы бұйым ба-ай!
Селтеңдеген ақынды
Көрмеуші едім шыбындай.
Кәне, сөйлеп жіберші,
Айтыспағың, шының ба-ай?!
Деп келдің бе Жамбылды
Күнде жеңген Шыбылдай. Талдау жасау, өлеңді жаттау.
Рефлекция Смайлик арқылы беру.


0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив