Мектеп оқушыларының қалалық «Жеңіс жырлары» мәнерлеп оқу сайысының әзірлемесі

Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі Альжанова Сауле Гайнетденовна

 

 Мектеп оқушыларының  қалалық

 «Жеңіс жырлары» мәнерлеп оқу сайысының әзірлемесі

 

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойына Отанға, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, республикада өтіп жатқан маңызды тарихи уақиғаға қатыстылықтарын сезіндіру.

Қатысушылар: №1, 2, 3, 4, 5, 7, 10, 19, 15, 16, 27, С.Сейфуллин атындағы мектептердегі қазақ сыныптардың 3-4 сынып оқушылары.

Шарты: Әр мектептен 2 оқушы, яғни 3-ші сыныптан 1оқушы, 4-ші сыныптан 1 оқушы қатыса алады.  Әр оқушы жеңіс, соғыс тақырыбына арналған өлеңдерін жатқа оқу керек. Жүлделі 1-ші, 2-ші, 3-ші орын алған оқушылар «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ грамотасымен марапатталады.

Өтілетін орны: «№3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Уақыты: 2015 жыл 4-мамыр, сағат 11:00

    Барысы:

Слайд қойылып тұрады.

І.  Қырық бірінші жылдың июні,

    Күндердің  қауырт қиыны,

    Тарықты елдің базары,

    Соқты да соғыс құйыны.

ІІ.Орман да көкпен таласқан,

    Өксіді өмір, ақ аспан.

    Қан жоса боп қара жер,

    Қақырап түсті қара аспан.

      І. Айнала шапқын жер мен көк,

    Теңселіп кетті төңірек.

    Жанданды құдай жердегі,

    Жалмауыз жуан зеңбірек.

 ІІ.Ауылға жетті атқан оқ,

    Жаныштап ажал ызғары,

    Қайғыдан жүрек мұздады.

 

І. Армысыздар,  құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс жырлары» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер!

     ІІ. Осыдан 74 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталды. Неміс фашистері КСРО-ға басқыншылық шабуылын жасады.

 І. Ұлы Отан соғысының алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұратын еді. Соғыс жылдары Республикада 1196164 адам қару асынып майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясына жіберілді.  Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті.

ІІ. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандық жауынгерлер Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталды. 497 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 98-і қазақ. Бұлардың қатарында қазақ қыздары – пулеметші М.Ж.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова болды. Қазақстандық ұшқыштар Т.Бигельдинов, И.Павлов, С. Луганский Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алды.

    І. Қару ұстауға жарайтын ерлер қатардан қалмай майданға аттанғанда, елде қалған қарт аталар мен әжелер, аналар мен балалар қару орнына еңбек құралын алды. Жауынгерлер қан майданда жаумен арпалысып жатқанда, тылдағы халық күндіз-түні тыным тапқан жоқ. Ойын баласы соқаның өгізін мінді. Жер жыртты, масақ терді. Аналар мен қыз-келіншектер киім тігіп, шұлық тоқып майданға жіберді.

      Сахнада дала қосының макеттері. Егін даласында жұмыс істеп жатқан кәрі адамдар, жас аналар, балалар. Қариялар орақтарын қайрап жатса, балалар егінге су тасып жүр.

      Егін даласындағы жұмыс көрсетіліп жатқанда, сахнаның арғы жағында жүргізуші өлең оқып тұрады.

 

І. Ашу мен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалыста,

Әйелдер терін төкті майдан үшін.

 

ІІ. Аналар қоштасқанда асылымен,

Арулар қош айтысты ғашығымен.

Балалықтың базарын ерте жауып,

Талай жұмыс істеді бала-өркен.

 

І. Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,

Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды.

Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

 

Егін даласындағы әйелдердің бірі: Мына сұрапыл пәле, соғыста бітпейді-ау... Азаматтарымыздың хабары да жоқ, ошары да жоқ.

  1-әйел: Қайта соған қуансайшы. Өткен жолы білесің бе, анау көрші кемпірдің баласынан хабар келеді деп жүргенде, қара қағаз келгенін. Қазір хабар жоғына қуану керек. Әйтеуір, тірі дағы. (Осы кезде сахнаға бригадир келеді).

 -Ә, Әбеке, амансыңдар ма? Балалар да шаршаған болар? Мен сендерге демалыс бере келдім. Дамылдап алыңдар кішкене. Демалындар.

(Арнайы дайындаған орынға отырған, бір-екі қарт майдан жаңалығы  туралы әңгіме-дүкен құрады. Қастарында екі-үш бала тыңдап отыр).

         1-қарт: Әбеке-ау! Біздің армия жайлы, майдан жайлы қандай хабарың бар, айта отыр. Бізге қарағанда сауаттысың ғой.

 2-қарт: Ой, құдайға шүкір, біздікілер герман жеріне басыбайлы кіріп фашист жауызыңды ойсырата жеңіп жатқанға ұқсайды.

1-қарт: Әп, бәрекелді. Арам қатқырларға, иттерге де керегі сол.

   Ей балам, су әперіп жіберші. Тамағы құрғыр кепті-ау.

    

Отырған балалардың бірі су әперіп сұрақ қояды.

  • Ата, осы фашист деген ит қандай екен?

 

1-қарт: Әбеке, мына баланың сауалына жауапты өзің берерсің.

2-қарт: Балам-ау, «фашист» деген кәззап қой. Басына кішкене қазанды төңкере киген, үстіне бүкіл жер бетіндегі темір-терсек атаулыны,мата біткенді жамыла салған. Қолына қайқиған шолақ мылтық ұстаған сайтанның сапалағы секілді. Өздері адам да емес, жануар да емес аяғы қисық бірдеңе. Әркімнің жерін жаулап аламыз деп еді, енді ауыздарына құм құйылыпты ғой.

    Осы кезде бір бала жүгіріп келеді.

  -Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.

Дауыстар: Мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетті.

  • Ей, мына кісіге не болған?
  • Бұл кісіге не болған, бұлай қатты жүрмеуші еді ғой.

Наурызбай: Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін майындапты. Жеңіс! Жеңіс! Біз жендік!

  Әйел: О, жасаған! Аузыңа май, шыныменен қарғыс атқан соғыстың біткені ме?

 Дауыстар: Ақсарбас! Ақсарбас! Шынымен тәңірім, көз жасымызды көргені ме?

 

Жұрт біткен пошташыны қаумалап, сүйіп, сүйінші сұрап жатады.

  Іле-шала көңілді сазбен бірге бастаушының сөзі оқылуы керек.

 

  1. Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.

Жауды жойды батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ ашып.

 

ІІ. Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып.

 

І. Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.    

 

ІІ. «Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс»-деп қайсар ақын Қасым айтқандай, адамзат баласының басына нәубет болып келген сұм соғысқа нүкте қойған 9-мамыр  Ұлы Жеңіс күніне биыл 70 жыл толады.

                                               

 І. 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

 70 жыл шуақты күн таратты әнін.

 70 рет көктемде содан бері,

 Ашылды жеңіс күннің парақтары.

 

І. Бүгінгі күннің ұрпақтары бейбіт өмір мен бақытты күндер сыйлаған соғыс ардагерлеріне басын иіп, ерен ерліктері мен еңбектерін мақтан тұтады

 

ІІ. Қаламызда жыл сайын жеңіс күні тойланып, соғыс ардагерлеріне үлкен сый-құрметтер көрсетіледі, жеңіске арналған әр түрлі тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізіледі.   

 

І. Атамекен жері үшін, қасиетті елі үшін

Болмай қалар кім батыр?!-деп қазақ қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, бүгінгі күнгі патриоттық рухы мықты, отансүйгіш балаларымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жаттаған өздерінің жеңіс туралы жырларымен сайысқа түсуге келіп отыр. «Ел басына бұл күн енді қайта тумасын» деп тілек тілей отыра, жас бүлдіршіндерге сөз кезегін берейік.

 

ІІ. Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымызға қатысушыларға әділ баға берер қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

  1. ________________________________________________________________

2.________________________________________________________________

3.________________________________________________________________

4.________________________________________________________________

5.________________________________________________________________

 

Жоғалтты біреу панасын

Жоғалтты  біреу анасын

Жоғалтты біреу баласын,

Жоғалтты біреу інісін,

Жоғалтты біреу ағасын.

Жоғалтқандардан сұрағын,

Ұлы Жеңіс бағасын!

 

Соғыстың құны – кесілген білек,

Соғыстың құны – тесілген жүрек,

Соғыстың құны – лаулаған орман,

Соғыстың құны – уланған арман

Соғыстың құны – өртенген аспан,

Соғыстың құны – төгілген жас қан.

 

І. Ортаға алғашқы сайыскерлеріміз №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын шақырамыз.

Сайысқа қатысушыларға ескерту: оқитын мектебі аталған оқушылар кезек-кезек ортаға шығып, өздерін таныстырып, содан соң оқитын өлеңінің авторын, өлеңнің атын айтады.

 І. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

 Қуаныш пен мерекенің ұраны.

 

ІІ. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмеген

Ешкім оны сыйлап, бізге бермеген

Жеңіс деген сәбилердің күлкісі ол

Зеңбіректің үнін естіп көрмеген.

 

І. Сіздердің алдарыңызға  өз  өнерлерін көрсету үшін   №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын шақырамыз

 

І. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісіміз достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған жеңіс. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы есімізде мәңгі сақталады.

 

ІІ. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады.

І. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ! 

 

ІІ. Ортаға  №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын шақырамыз.

 

І. Жеңіс деген дара батыр қол бастар

Жеңіс деген керзі етікті солдаттар

Жеңіс деген майданда өлген жастық

Жеңіс деген оралмаған боздақтар

 

ІІ. Бойға жиып рух пенен намысты,

Отан үшін отқа түсті қанша жан?!

Қанша азап тартты, қанша алысты,

Тікті ақыры жеңіс туын аңсаған...

 

І. Сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсететін  №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары.

 

І.   Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,

      Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.

      Жеңіс тойын, жақындатып әкелген,

       Төккен қаны, әке, ағаның інінің.

 

  ІІ. Жеңіс деген шат күлкісі баланың,

       Тыныштығы жер мен жаһан даланың.

       Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,

       Тыныштығың сол Жеңістен басталған.

 

І. Ортаға №  жалпы орта білім беретін мектебінен келген сайыскерлерімізді шақырамыз.

 

І. Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнекей, жағада тұр,-деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінде Ұлы Отан соғысына қатысып, еліне аман оралған ардагерлердің қатары сиреп қалды. Бұл – өмір заңдылығы. ІІ. Алайда, кейбір елдердегі қақтығыстар мен айқастарды көріп отырған тәуелсіз Қазақ елі бүгінгі достығы мен сыйласымы жарасқан өміріне тәубе дейді.

 

І. Алдарыңызда №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары.

 

І. Жылжып уақыт жылдар өтсе де, қазақ халқының тарихында Ұлы Отан соғысының ізі мәңгі өшпейді.

 

ІІ. Қазақ халқы ата-бабасы қорғап, келер ұрпағына мұра ретінде қалдырған дархан даласында қанат жайып, өркендеп, өсіп келеді. Бабалар ерлігі мәңгі ұмытылмайды.

 

 

І. Сіздердің назарларыңызға сол бабаларымыздың мәңгілік ұмытылмас ерлігін жырлау үшін  №  жалпы орта білім беретін мектебінің мәнерлеп оқу шеберлерін шақырамыз.

 

Қанша жыл  өмір сүрсек те,

Бақыттың дәмін білсек те,

Жемісті қауырт істермен

Рахатқа батып жүрсек те –

Біздің бұл ғажап заманда

Тыныштық керек адамға!

 

І. Сіздердің назарларыңызға  №  жалпы орта білім беретін мектебінің мәнерлеп оқу шеберлерінің өнерін ұсынамыз.

 

І. Бүгінгі сайыстың қорытындысын шығару үшін әділ қазылар алқасына кеңесуге уақыт беріледі.

 

      (Қорытынды шығарылғанша үн таспадан ән-жырлар тыңдалады).

 

ІІ. Байқаудың қорытындысын шығару үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.

 

Әділқазылар жеңімпаздарды марапаттайды.

 

І.  От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Бірақ майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлер жасаған Ұлы ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив