Қоғамдық орындардағы - әдептілік

Тақырыбы: Қоғамдық орындардағы - әдептілік

Сабақтыӊ мақсаты: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерін сіӊіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдептілікті бойына сіӊіру.

Сабақтыӊ дамытушылық мақсаты: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. өз-өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.

Сабақтыӊ кѳрнекілігі: әдептілік туралы суреттер, ұлағатты сѳздер, мақал-мәтелдер.

Сабақтыӊ әдісі:  шаттық шеӊбері, сұрақ-жауап,  әӊгімелеу, суретпен жұмыс, ойын.

Сабақтыӊ барысы:             

Ұйымдастыру кезеӊі. Оқушыларды сабақтыӊ тақырыбы, оныӊ мақсат-міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.

Шаттық шеӊбері

- Балалар, «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, қәне, бәріміз бір-бірімізге иіліп амандасайық. (Бәрі осылайша амандасады)

Тәрбиеші: Бүгінгі тәрбие сабағымыз «Қоғамдық  орындардағы- әдептілік» деп аталады. Балалар, адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді  үйретіп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Біз қай жерде де, үйде, мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда, мәселен, автобуста, паркте жүрсек те әдеп шеӊберінен шықпауымыз керек. Біз әдепсіз болып, автобуста үлкенге орын бермей  немесе көшеде, саябақта жүргенде қоқыс тастап, көшені оӊды-солды бүлдіре берсек, онда  біз айналамызға көӊілсіздік тудырамыз.

Әдептілік жайлы деректі фильм кѳреді. Балалар ѳз ойларын айтады.

Әӊгімелесу

- Әдептілік деген не? Әдепті бала қандай болады? Қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстауымыз керек?

Оқушылар жауап береді.

 «Ыбырай Алтынсаринніӊ Әдептілік» әӊгімесі

Тәрбиеші: Әӊгімеден қандай ой түйдіӊдер?

Оқушылар ой-пікірлерін айтады.

Суретпен жұмыс. Балалыӊ қоғамдық орындағы әдептілігі бойынша балалар сурет салып, әӊгімелеп береді. 

       Топтық ойын. 1-топ. Әдептілік тобы «Жалғастыр» ойыны.

Үлкендердіӊ алдынан ……… (кесіп өтуге болмайды)

Қоғамдық орындарда ………. (үлкен кісіге орын беру керек)

Құстарды ………. (қинауға болмайды)

Қыз баланы …….. (ренжітуге болмайды) 

Оқу құралдарын ………… (күтіп ұстау керек)

Үлкенніӊ тілін …………… (алу керек)

Үлкендерге …………….. (сәлем беру керек)

2-топ. Адамгершілік тобы. «Не істер едіӊіз» ойыны

Сіз көлікте отырсыз. Үлкен қарт адам кірді, бос орын жоқ………

Көшеде бір қарт адам құлап қалды. ………..

Сіз мектепте біреудіӊ сөмкесін тауып алдыӊыз………….

Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сіздіӊ артыӊызда қарт әжей тұр…….

Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе…….

Топтардыӊ жауаптары салыстырылып баға беріледі.

Қорытынды.

Тәрбиеші: Балалар, сендермен әдептілік туралы әӊгімелестік. Яғни, әдепті бала қоғамдық орындарда қандай болуы керек?

Көшеде: Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен-кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, төбелеске жол бермеу.

Мектепте: Оқушыларға арналған ережені сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дұрыс көзқараста болу, кезекшілік міндетін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыӊдау, ұстаздарын, достарын сыйлау.  

Саябақта: Тыныш, дұрыс жүру, айқай-шуға жол бермеу, демалып отырған адамдардыӊ мазасын алмау, айналадағы коғам мүлкіне зиян келтірмеу, ерсі күлмеу, басқалардыӊ пікірімен санасу.

Көлікте: Көлік арасында жол ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға орын беру,

Осы ережелерді мұқият сақтасақ, біз әдепті бала боламыз. Абай атамыз:

Әдептілік – ар-ұят

Адамдықтыӊ белгісі

Тұрпайы мінез, тағы жат

Надандықтыӊ белгісі. 

- Осымен біздіӊ тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыӊыздар, кѳріскенше күн жақсы! 

Алтынбекова Анар Акановна

Қаскелең қаласы облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернаты тәрбиешісі.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру