Ғасырдың ғаламат ақыны М.Мақатаев туралы

Сабақтыӊ барысы:

Ұйымдастыру кезеӊі. Оқушыларды сабақтыӊ тақырыбы, оныӊ мақсат-міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.

І. Кіріспе:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақтыӊ ақиық ақыны, ѳз ұлтыныӊ біртуар перзенті, қазақ жырыныӊ қара бурасы, қазақ ѳлеӊінде шашасына шаӊ жұқтырмаған жыр алыбы, қазақтыӊ қара ѳлеӊін шекпен жауып ѳзіне қайтарған ұлы дарын иесі, қазақ поэзия әлеміне шетсіз-шексіз кеӊістік пен биіктік әкелген ақын, буырқанған шабыт пен сабырға кѳнбес сағыныш сыйлаған ақын М.Мақатаевтыӊ жырларына арналмақшы.

М.Мақатаевы туралы деректі фильм кѳрсетіледі.

 Негізгі бѳлім: Тәрбиеші сабақты М.Мақатаевтыӊ «Отан» ѳлеӊімен бастайды.

Мен оныӊ түнін сүйем, күнін сүйем

Ағынды ѳзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оныӊ қасиетті тілін сүйем,

Мен оныӊ құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған

Жаным меніӊ, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оныӊ шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәӊгілікке сүйіп ѳтем.

Отанды сүймеуіӊ де күйік екен.

Отанды сүйгеніӊ де күйік екен.

Тәрбиеші: Оқушылар, қараӊдаршы! Мен қандай ѳлеӊ, кімніӊ ѳлеӊін айттым.

Оқушылар: Ақын Мұқағали Мақатаевтыӊ Отан туралы ѳлеӊі.

Тәрбиеші: М.Мақатаев биыл неше жасқа толды?

Оқушылар: Биыл ақынныӊ 85 жылдығын тойладық.

Тәрбиеші: Ақынныӊ қандай ѳлеӊдерініӊ әндері бар?

Оқушылар: «Есіӊе мені алғайсыӊ», «Сәби болғым келеді» т.б.

Тәрбиеші: Енді ақынныӊ ѳмірімен танысайық. 

М.Мақатаев 1931-жылы Алматы облысыныӊ Нарынқол ауданында Қарасаз деген ауылда дүниеге келді. Анасы Нағиман әкесі Сүлеймен Мұқағали, Тоқтарбай, Кѳрпеш есімді  үш ұл тәрбиелеп ѳсірген шаруа адамдары. Мұқағалидыӊ әкесі он жасында соғысқа аттанады. Мұқағали әже баласы болған соӊ анасын Нақа деп атаған. Ақын 1976-жылы, 27-наурызда ѳмірден ѳтті.

Ақын жырларыныӊ тақырыбы алуан түрлі.   Мұқағалидыӊ «Отан», «Туған жер», «Үш бақытым» деген ѳлеӊдері елді,  отанын сүюге үндейді.  Ақын «Отан» деген ѳлеӊінде ѳз Отаныныӊ түнін, күнін, ѳзенін, асқар тауын, гүлін, тілін, керек болса үнін сүйетінін ерекше сезіммен жеткізеді.  

Сергіту сәті. Шашу, шашу, шашайық,

                       Ақ сандықты ашайық.

                       Бұл мереке, бұл тойда,

                       Би билеп, ән салайық!

Би: «Есіӊе мені алғайсыӊ»

Тәрбиеші:  Мұқағали немістіӊ ұлы сазгері Бетховенге кереметтей ѳлеӊ арнаған аын. Мұқағали бірде емделіп жатқанда, таланты жазушы Асқар Сүлейменов кѳӊілін сұрай барады.

Сахналық кѳрініс:

Мұқағали: Асқар екеніӊ рас болса, екі жыл ѳмір қосамысыӊ? – деп сұрайды.

Асқар: - Қосамын.

Мұқағали: -Қайтіп?

Асқар: -Бетховенніӊ 9 симфониясын тыӊдайсыӊ.

Мұқағали: Уақыт ѳтіп барады. Тез тыӊдат. Тек осында әкеп тыӊдат, -депті.

Асқар: -Жарайды, қазір тездетіп әкелейін. (Біраз уақыттан кейін алып келеді. Мұқағали тыӊдайды)

Мұқағали: -Қандай керемет десеӊші, бір жасап қалдым ғой ѳзі.

Асқар: - Ұнағанын кѳріп отырмын, жарайды меніӊ жұмыстарым бар еді, кетейін.

Мұқағали: Жарайсыӊ, Асқар. Рахмет саған. Жолыӊ болсын.

Мұқағали қолына қалам, қағаз алып, сахнадан шығып кетеді. Осы кезде жай ғана симфония қосылады.

Ән: «Бетховен»

Қорытынды: Оқушылар, қазір еӊ кѳп оқылатын ақын – Мұқағали мұрасы. Мұқағали артында ѳлмейтұғын сѳз қалдырғаны да ақиқат.

Абай сѳзімен айтқанда:

Кѳп Адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын кѳп шалдырған.

Ѳлді деуге сия ма ойлаӊдаршы,

Ѳлмейтұғын артына сѳз қалдырған.

Осымен Мұқағали Мақатаевтыӊ жырларына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыӊыздар, кѳріскенше күн жақсы, балалар! 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив