Сабыр түбі – сары алтын

         Сагиева Тамара Сагиевна

Қаскелең қаласы облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернаты тәрбиешісі

         Тақырыбы: Сабыр түбі – сары алтын

Сабақтыӊ мақсаты: Оқушыларды сабырлы болуға шақыру, үйрету, ізеттілікке тәрбиелеу. 

Сабақтыӊ дамытушылық мақсаты: ѳз кѳӊіл-күйін, эмоцияларын және басқа сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдылары дамиды.

Сабақтыӊ тәрбиелік мақсаты: ѳз жақындарыныӊ ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге үйренеді, мейрімділікке тәрбиелейді.

Сабақтыӊ кѳрнекілігі: ән, адамныӊ кѳӊіл-күйіне байланысты суреттер, үлестірмелі карточкалар, интерактив тақта, слайдтар.

Сабақтыӊ әдісі: Ой-қозғау, ойын-жаттығу, сахналық кѳрініс

Сабақтыӊ барысы:

Ұйымдастыру кезеӊі. Оқушыларды сабақтыӊ тақырыбы, оныӊ мақсат-міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.

Шаттық шеӊбері

Оқушылар шеӊбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі, мұғалім балаларға ән салуды ұсынады.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерді кѳргеніме қуаныштымын. Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен бір-бірімізге күлкі сыйлап жанымыздағы досымыздыӊ жақсы қасиеттерін ізгі тілекпен жеткіземіз.

-Сен нағыз доссыӊ.

- Сен әдемі қызсыӊ.

- Сен мейірімдісіӊ.

- Сен еӊбекқорсыӊ.

- Сен ақкѳӊілсіӊ.

- Сен тәрбиелісіӊ.

- Сен әдептісіӊ.

Жарайсыӊдар, балалар! Достарыӊа деген жылы лебіздеріӊді естіп, қатты қуанып тұрмын. Адамныӊ жақсы қасиеттерініӊ бірі – сабырлылық. Бүгін сендермен сабыр, сабырлы болу, сабыр сақтау туралы әӊгіме жүргіземіз. Бүгінгі тақырыбымыз «Сабыр түбі – сары алтын» деп аталады.

Тәрбиеші: Сабырлы болу дегенді слайд арқылы түсіндіреді. Шыдамды болу, ұстамды болу, ашуланбау, асығыс шешім қабылдамау. Сабырлы, ұстамды Адам; басқаныӊ сѳзін байыппен тыӊдайды, ашуланбайды, әр ісін ойлап, ақылмен шешеді.  Сондықтан Абай атамыздыӊ  «Асығыс түбі ѳкініш, ойланып алмақ – сабыр сол» деп айтқан болатын. Балалар, сабырлы боламыз ба?

Оқушы: Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды. Бірі – туа біткені, екіншісі – адамныӊ ѳзін-ѳзі тәрибелеуі.

Оқушы: Біз адам болған соӊ кейде біреудіӊ абайсызда айтқаны жүректі ауыртады. Кейде ұрыс-керіске айналып кетеді. Сондай да ѳзімізді ұстап, сабырлы болайық.

Ойын-жаттығу. Балалар, ашуланып тұрған адамды неге ұқсатасыӊдар? дейді. «Ашуланған адамныӊ бет жүзі» деген дѳӊгелек шар ілінеді тақтаға. Оқушылар найзағайға, түнерген бұлтқа, қызып тұрған үтікке, айдаһарға, дауылға т.б. қағаздарды іле бастайды. Ал, күліп тұрған адамныӊ бет-жүзі гене ұқсайды? деп осындай ойын ойнаймыз. 

Сахналық кѳрініс. Мұғалім: Балалар, әлдекімдердіӊ  дабырлаған дауыстары естілеме? Осы мезгілде Бүлдірген мен Күлдірген ұрысып кіреді.

Күлдірген: Ұшқалақ екеніӊ ѳтірік пе? Әр жерде әркімніӊ ісіне араласып ұшып-қонып жүресіӊ.

Бүлдірген: Сен ұшқалақсыӊ. Сен ұшқалақсыӊ.

Мұғалім: Ау, балалар, не боп қалды тағы? Бұл не дау?

Бүлдірген: Мына Күлдірген мені ұшқалақ дейді.

Күлдірген: Ұшқалақ екеніӊ ѳтірік пе?

Тәрбиеші: Сендер әуелі сѳздіӊ мағынасын түсініӊдер. Адамда әртүрлі мінез болады: биязы, момын, сабырлы, ұшқалақ дегендей.

Бүлдірген: Сонда ұшқалақ деген жақсы мінез бе?

Күлдірген: Жақсы ма, жаман ба, әйтеуір сеніӊ мінезіӊ ұшқалақ.

Бүлдірген: Ал, сен ше, сеніӊ мінезіӊ қандай екенін айтайын ба, сен, сен жуассыӊ, жуассыӊ деп мазақтай бастайды.

Тәрбиеші: Балалар, бір-біріӊді кемсітпеӊдер. Бұл әдептілікке жатпайды. Одан да дос болыӊдар. Қәне қолдарыӊды алып достайық.

Бәріміз ән орындайық. «Дос болайық бәріміз» әні.

Тәрбиеші: Сабырлы болу оӊай. Ол тек адамныӊ ѳзіне байланысты. Әр нәрсеге ойланып қарау керек.

Оқушы: сабырлы болу киын емес. «сабырлы болсаӊ, барлық ісіӊ ѳнімді болады».

Қорытынды

Тәрбиеші: Сабырлылық жақсы қасиетке жататынын түсіндіӊдер. Ал енді адамгершілікке жататын жақсы қасиеттер мен жатпайтын жаман қасиеттерді ажыратайық. Тақтада екі шар ілулі ұрады. Біреуі жақсы қасиеттер, екіншісіне адамныӊ жаман қасиеттері салынады. Кім қаншалықты жақсы түсінгенін білу үшін жауаптары тексеріледі.

Ал, балалар, сабырлылық ѳте жақсы қасиет екенін ұғындық. Әрбір сѳзіӊді ойланып, сақтықпен, салмақпен айта жүр. Ойы мен пиғылы теріс адамдармен достаспа. Ѳсек сѳзді тыӊдама. Осыны ұмытпаӊдар балалар!

- Сабақ аяқталды, кѳріскенше күн жақсы балалар!

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив