10 сынып. Қазақстан тарихы. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті

10 сынып. Қазақстан тарихы

  • 24. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің ерекшеліктерін, ауыз әдебиетінің түрлерін, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Ауыз әдебиетінің жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу, жастарды еңбекке, Отанына сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».
  2. Кесте, сызбалар.
  3. Кітап көрмесі

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
  2. Ауыз әдебиетінің түрлері, олардың тарихи маңызы.

Сабақтың алғашқы қарастырылатын мәселесі-қазақ халқының шығармашылық дәстүрі. Мұғалім оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоя отырып, сабақты бастайды:

  1. Ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекшелігі неде?
  3. Ауыз әдебиеті арқылы жеткен қандай жырларды білесіңдер?

Сұрақтарға жауап алып, пікір алысып, сабақты әрі қарай жалғастырып, ауыз әдебиетінің  қандай салалардан тұратыны айтылады. Бұл жерде дидактикалық материалдардағы «Ауыз әдебиетінің салалары»сызбасын пайдалануға болады.

   «Алпамыс», «Қобыланды батыр», т.б. жырлардан үзінді келтіріп, мазмұнын оқушыларды қатыстыра отырып талдау жасалады.

Сабақ жоспарының екінші мәселесе-ауыз әдебиетінің түрлері, оның маңызы. Бұл тақырыпшаны мұғалім оқушыларға тұрмыс –салт өлеңдерінен үзінділер келтіре отырып түсіндіреді.

    Тақырып мәселесе өлең-жырлар болғандықтан, жырлардың әр түріне жеке-жеке тоқталып, жырдан үзінділер келтіріліп, оның мазмұнын, тәрбиелік маңызын  көрсете отырып түсіндіріледі. Кейбір жырларды үнтаспадан тыңдауға болады. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқушылардың өздері білетін және кітаптағы жұмбақтардың мазмұнына қарай бөлініп, талдап түсіндіріледі. Сабақты қотырындылап, үйге тапсырма беріледі.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив