М.Әуезовтың абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

АБАЙТАНУ  9-СЫНЫП  САБАҚ № 15     КҮНІ: 22.12

 

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың абайтануға қатысты зерттеу еңбектері.

Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан ұлы Абайдың дүниетанымен көзқарастарын оқушыларға таныту.
Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық – саяси және тарихи көзқарастарынмен танытырып, кестелермен жұмыс жасауға дағдыландыру
Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану, деңгейлеп оқыту, брейн-ринг, синквейн, инсерт картасы.
Көрнекіліктері: , ақынның портреті, ақын туралы ұлылар ой-пікірлері

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі. 
І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
  М.Әуезовтің Абайтану іліміндегі еңбегі

    Абай және Әуезов, Абай тәлімі, Мұхтар Әуезовтің Абайды танып-білуге қосқан үлесі. Мұның өзі екі үлкен сала. Бірі Мұхтар Әуезовтің абайтануға, яғни Абайдың өмірі мен шығармашылығын, оларға қатысты мәселелерді баяндайтын ғылыми еңбектерін, зерттеулері мен мақалаларын талдап бағалау. Екіншісі Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, яғни Мұхтар Әуезовтың Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносцена­рийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы төңірегінде айтылған, қорытылған ой-пікірлер. Тағы бір өте маңызды қыры бар. Ол Абай шығармашылығының, әдеби мұрасының Әуезовке әсеры қпалы туралы, әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясында Мұхтар Әуезовтың Абай шығармаларын деректік тірек етуіне қатысты айтылатын жайлар. Мәселеге бұдан да кеңірек келсеқ Абай мен Әуезовті қазақ әдебиетіндегі екі дәуірдің, екі ғасырдың (яғни 19 ғасыр мен 20 ғасырдың) аса ірі өкілдері ретінде алып, ұлттық сөз өнеріміздегі дәстүр жапғастығы тұрғысынан қарап, олардың үндестігі мен өзгешелігі қандай екенін байыптаудың өзі осы екі сөз шеберінің өнерпаздық тұлғасын айкынырақ түсінуімізге себін тигізеді. Абай мен Мұхтар Әуезовтің екі заманның перзенті екені рас. Алайда Мұхтар Әуезов өмір сүрген, әдебиетке араласып, шығармашылық ғүмыр кеш­кен дәуірі Абай заманынан тым қашық емес, сипаты, мазмұны мүлде өзгеше заман болса да, мерзімдік жағынан жалғас, өзектес.
Абай туралы даналық ой пікірлер
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». 
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»
М.Әуезов 
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті». 
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом алтыны»
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ» 
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» 
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»
М.О.Әуезов

«Мен үшін Әуезов – екінші Абай» (Н.Погодин)

 

Абай мен Мұхтардың әдеби жалғастығында Пушкин мен Лермонтовтың рухани туыстығындай тұтастық бар екен.Мұхтардың алғашқы сауатын әліппемен емес, Абай өлеңдері арқылы үйреткен.

 

М.Әуезовтың Абай туралы еңбектері

 

«Абай жолы» роман-эпопея (4кітап) жазды

«Абай дәрістері» (Лекции про Абая) оқылды


ІҮ. Қорытынды. Ұлы Абай
• Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем.
• Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен
• Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор
• Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер)
• Аударма өнерінің үздік шебері
• Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын
• Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына
Шығармашылық тапсырма
Абай-ақын 
Абай-сазгер
Абай-шешен
Абай-ағартушы-ойшыл
Абайдың тарихи көзқарастары
Абай-күйші, сазгер.
Абай-аудармашы
Абай саясаткер
Абай төбе би- шешен

Үйге тапсырма: «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.

0 пікірлер

Пікір қалдыру