ҚАЗАҚ ТІЛІ 8 СЫНЫП ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР ҰМЖ 2017-2018

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8 сыныпқа арналған

«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша

ұзақ мерзімді жоспар

Қазақ тілі 8 сынып ұзақ мерзімді сабақ жоспар ҰМЖ

  • 8-сынып:

Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқыту мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті

1-тоқсан

 

1-бөлім:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Тыңдалым және айтылым

8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу;

Оқылым

8.2.1.1 - тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру.

8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін  қолданылған тілдік құралдар  арқылы тану;

Жазылым

8.3.3.1 -  мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу;

Әдеби тіл нормасы

8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу;

2-бөлім:

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті

Тыңдалым және айтылым

8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау;

8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;

Оқылым

8.2.5.1 - перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып,  мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;

8.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу,   талдап оқу;

Жазылым

8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік  жоспар құру;

8.3.4.1 - эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу;

(аргументативті эссе)

Әдеби тіл нормасы

8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану; 

2-тоқсан

3-бөлім:

Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары

Тыңдалым және айтылым

8.1.4.1 -  мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік)  талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

Оқылым

8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

8.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;

Жазылым

8.3.6.1 -  БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау;

Әдеби тіл нормасы

8.4.3.1 - сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану;

4-бөлім:

Ғарышты игеру жетістіктері

Тыңдалым және айтылым

8.1.3.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

8.1.5.1 - перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;

Оқылым

8.2.3.1 - мақала, аннотация, презентация, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

Жазылым

8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан  жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив