Ұстаз-ұлы тұлға

Ұстаз-ұлы тұлға
Тақырыбы: Ұстаз-ұлы тұлға

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз
мамандығының қыры мен сырларын түсіну. Ұстаз еңбегін
әрқашан бағалай білуге үйрену. Оқушылардың бойына дамыту әрі
дарыту.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.

Ресурстар: интернеттен алынған слайдты суреттер мен бейнебаяндар,
кароеке әндер

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар!
Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар мерекесі келіп жетті.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
4«а» сынып оқушыларының дайындаған «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса ары қарай, мерекені бастауға оқушыларға кезек берейік.

1-жүргізуші: : Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор. Олай болса, құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.

2-жүргізуші:
Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәһхөсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің бейнесін көреміз.
Осындай бейнеге лайықты ардагер ұстаздарымыз арамызда отыр.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонағы ретінде зал төріне жайғасуға қошеметпен Сәуірбаева Елеусіз, Өсербаева Айнагүл, Бесінбаева Жәния, Бесінбаева Күмісай апайларымызды шақырамыз.

Психологиялық тренинг.

1- оқушы Ғұлама білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан.

2- оқушы Жазушыдан, ақыннан
Ғарышкерден батырдан.
Өнері асқан актерден
Ырыс қазған шахтерден.

3- оқушы Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден.
Оқыған жас кәріден
Оқушының бәрінен

Бәрі: Ұстаздарға мың сәлем.

4-оқушы Армысыздар, аяулы ұстаздар!

5-оқушы Бармысыздар білім нәрімен сусындатқан ардақты жандар!

1-оқушы Балалар бір уақытқа болсын ұстаздармен орын ауыстырып
көрейікщі.

2-оқушы Мен мектеп директоры болам бәрің келісесіңдер ме?

3-оқушы Балалар, мұғалім болған қандай жақсы. Дәптер тексересің, баға
қоясың.

4-оқушы Ал мен ұстаз болған жақсыма, оқушы болған жақсыма әлі біле
алмай тұрмын. Себебі мен 1-сыныпқа жаңадан келдім ғой.

5-оқушы Ал мен информатика пәнінің мұғалімі боламын. Маған
компьютермен жұмыс жасаған ұнайды.

6-оқушы Мен кім болсам екен, химия пәнінің мұғалімі болсам ба екен,
әлде физика пәнінің мұғалімі болсам ба екен. Қой оның бәрі қиын
ғой, оның жауапкершілігі өте көп сондықтан кейінірек айтайыншы.

4-оқушы Мен 1-сынып оқушысы болып қала берсем қайтеді. Себебі менің
ойымша мұғалім өте ақылды болуы керек. Менің алғашқы
ұстазым өте ақылды.

Ән: Ақылшы ұстазым

1-жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

2- жүргізуші
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

«Ұстазбен сұхбат» бөлімі
1-жүргізуші: Келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейік. Өз өмір жолдары, ұстаз болуының қыры мен сыры туралы айтып берсе.

2-жүргізуші:
Ұстаз – мәртебелі мамандық. "Ұстаз болу – жүректің батырлығы" дейді.
- Елеусін апай, алдымен өзіңіздің туып өскен ортаңыз, ата - анаңыз, оқыған мектебіңіз, оқу орныңыз туралы айтып өтсеңіз деп едім...

1-жүргізуші: Асыл қасиет жас жүрекке ектіңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз,
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет етіп келесіз! Жания апай сіз шәкірт тәрбиелеп қана қоймай , оқу ісін басқаруда да мол үлес қосып келе жатқан ардақты жан, аяулы ұстаз, өнегелі басшысыз.
Шәкірт тәрбиелеу мен қатар, мұғалімдерді де жақсы ұстаз етіп шығару сізге қаншалықты ауыр болып келеді.

2-жүргізуші:
«Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыңыз?

1-жүргізуші: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестердің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасыз ,сіз, дирижер боп күлімдеп.
Күмісай апай сізді көрсем, үнемі оқушының алдында дирижердей болып тұрасыз, бір сәт орныңызда отырмайсыз. Осының мәні неде?

2-жүргізуші. Біздің сұрақтарымызға жауап беріп, ұстаз болудың қаншалықты жауапты іс екені жайында ой-пікірлеріңізді білдіргеніңізге алғысымыз шексіз.
Сіздерге мерекелік сый ретінде шәкірттеріңіздің ән шашуын қабыл алыңыздар.

Тырнақ Әлфия
Руслан Елдос

Мұғалім. Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Сол шеберліктеріңізді өзіңізден іздеріңізден еріп келе жатқан ұстаздарға көрсету мақсатында топтық жұмыс жүргізгім келіп отыр.

Ардагер ұстаздар мен жас ұстаздарды топқа бөлу. Апайларға қызыл, сары, көк, сары түстерді таңдату. Қалған жас ұстаздарғада сондай түстерді тарату.Түстеріне қарай төрт топқа бөлінеді. Топ құрамында төрт адамнан аспауы керек.
Жасырынған қағаздардағы тапсырмаларды орындау, көрініс қою.
1) ашық тәрбие сағатына дайындық үстіндесіз. Өлеңді жақсы айтатын оқушыңыз «өлең айтпаймын» деп қырсығуда. Мұғалім мен оқушылардың әрекеті.

2) Сабақтан кешігіп жатқан оқушыны күткен мұғалімнің әрекеті. Сабақ басталды. Кешіккен оқушының ешқандай құралсыз сабаққа келуі. Оқушылар мен мұғалімің әрекеті.

3) Кеше сабақтан қашып кетіп, бүгін ештеңе болмағандай сабаққа келіп отырған оқушылар мен сынып жетекшісінің әрекеті.

Мұғалім: Көп-көп рахмет, ардақты ұстаздар. Орындарыңызға отыруға рұқсат.

Шолпан апайымыздың шәкірттерінің би шашуын тамашалаңыздар
Би:

1- оқушы: Қалай ойлайсың, оқушылар үздік оқуы үшін не істеу керек?
3-оқушы. Сабақтан кешікпеуі керек, үй тапсырмасын уақытылы
орындауы керек, мұғалім айтқанын мұқият тыңдауы керек.
1- оқушы: Ал нашар оқитын шәкірттеріміз болмауы үшін не істеуіміз
керек?
5-оқушы: Біз ұстаздар сабаққа тыңғылықты дайындалуымыз керек. Дәптер тексеруіміз керек, балалармен тіл табысуымыз керек, сабақ қызықты өтуі үшін слайд жасау керек, жоспар толтыру керек, қысқасы жұмыс өте көп, мұның бәріне қалай үлгереміз?

2- оқушы: Мен директор ретінде оқушыларға тек білім ғана емес, қамқорлыққа, тәрбиеге адамгершілікке баулитын ұстаздарды өте қатты бағалаймын.
1- оқушы. Мына отырған ұстаздарымыздың барлығы да бағалауға, құрметтеуге лайықты жандар!
Бәрі: Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын ұстаздар!

Ән: Мектебім

Қорытынды.

1-Жүргізуші : Ұстаз мейірімі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар, өмірге шуақ болып,
Бас иеміз, ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші. Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан бізді айырмасын,- деп тілек білдіре отырып,
ардагер-ұстаздарымыздан тілек ағашына оқушыларға арнап тілек қалдыруларыңызды сұраймыз.

Тілек ағашы:
Хор: Ұстазым

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив