Тазалықшының кеңестері.

Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: Тазалықшының кеңестері.

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйретеді. Балаларды көзілдірік киген үлкен–кішіге адамгершілік қарым–қатынаста болуға тәрбиелеу.

Адамның сөздік қорын нақтылы жетілдірудегі есту қабілетінің рөлі және ол жайлы баланың білімін жетілдіру. Тіс аурулары туралы мәлімет бері. Тісті күту ережелерін үйретуді жалғастыру.

 

Оқу іс–әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Балалар К. Чуковскийдің шығармасындағы ертегі кейіпкері Мойдадырдың қандай болғанын естеріне түсіреді.

Мойдадыр балаларға тазалық ережелерін орындауға кеңес береді.

Балалар қандай тазалық ережелерін білетінін және сақтайтынын естеріне түсіреді.

Жұмбақ

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай.                    (Тіс).

 

Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас.            (Тіс).

 

Педагог балаларға бір–біріне тістерін көрсетіп, өз тістерін қалай күтетіні туралы айтып берулерін ұсынады.

(Тіс емханасына саяхатқа апаруға болады.)

Педагог алманы немесе ірімшікті тістеп көріп, тіс таңбасына көңіл аударуды ұсынады. Тістерінің барлығының көлемі бірдей еместігін байөайды.

Тіс біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Адамның тісі түзу әрі аппақ болса, онда ол күлген кезде әдемі болып көрінеді.

Балаларға бір–біріне қарап, өз күлкілерін көрсету ұснылады.

Педагог балаларға айна беріп, өз тістерін қарап, қандай екенін (ақ, тегіс, қатты) айтуды ұсынады.

Кейбір балалардың тістерінің бұзылғанына көңіл аударады. Кейбіреуіне тіс дәрігеріне қаралып, тістерін емдеу ұсынылады. (Бұл туралы ата–аналарға айтуды ұмытпау).

Тісжегі –тістегі ең жиікездесеті ауру. Оны ауыртпай емдеуге болады. Егер емделмесе, тесігі тереңдеп, тістің түбірі де бұзылады. Ол кезде шыдапай ауырады.

Тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі–тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Тамақ шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді. Бұл эмальді бұзады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.

Педагог дүниеге келген сәби тіссіз туылатынын, тістің алты ай болғанда шығатынын, оны «сүт тіс» деп атайтынын айтады.

Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады. Олардың көлемі үлкендеу, барлық тіс сыйып түруы үшін адамның жақтары да өседі. 12 жасқа толғанда барлық тіс жағарып болады. Көпшілік үлкендерде 20  жасқа толғанда 32 тісі шығып болады.

 

Тазалық ережесі:\

Тісті күніне екі рет тазалау.

Тамақтан кейін ауызды шаю.

Ыстық тамақтан кейін суық ішпеу.

Қатты заттарды тіспен шақпау.

Тәттіні көп жемеу.

Жиі тіс дәрігеріне көріну.

Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.

Әңгімелесу.

Сезім мүшелері (құлақ, көз, мұрын, тіл, тері) –адамның ең егізгі көмекшілері.

Педагог балаларға мына жайларды көз алдарына елестетуді сұрайды.

Таңертең сағат шырылдаса, орныңнан тұруың керек (сағаттың шырылын адам есту мүшесі –құлақтың көмегімен сезеді).

Төсектен тұрғанда бөлме суық болса, тез киін (бөлменің температурасын адам сезім мүшесі – тері арқылы сезеді).

Анасы асүйде ертеңгілік ас әзірлеп жатыр. Бөлмеде кофенің иісі пайда болды (кофенің иісін сезім мүшесі мұрын арқылы сезеді).

Кофе тәтті емес, қант салу керек (кофенің дәмін адам тілдің көмегі арқылы ажыратады).

Далада жаңбыр жауып тұр, қолшатыр алу керек (ауа райының өзгергенін көру мүшесі – көз арқылы көреді).

Балалар сезім мүшелері арқылы адам қоршаған ортаны бағдарлауға болатыны туралы қорытынды жасайды.

Педагог біздің қайырымды көмекшіміз «Көз» аялдамасында көру мүшесі –көзбен терең танысатындарын айтады.

Көздерін жұмып, қараңғыда тұрғандай сезініп, күнді, аспанды, шөпті, гүлді, жақын адамдардың түрін көре алмау – соқыр болудың өте ауыр екенін елестету ұсынылады.

Қоршаған ортаны көру қабілеті  – адамның бағалы сезімдерінің бірі. Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің көмегімен қабылданады. Қас, қабақ және кірпік көзді шаң–тозаңнан,тер тамшысынан сақтайды.

–Көздің көру қабілетін арттыруға А дәруменінің пайдасы зор, сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет.

–Үй тапсырмасын орындағанда, оөығанда, сурет салғанда, көз бен қағаз арасында 30 см қашықтықты сақтау керек.

–Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді.

–теледидар көргенде қатты орындықты таңдап, оны экраннан  2 метр қашықтықта қою қажет.

Егер адам алыстағы затты дұрыс көрмесе, онда ол жуықты көргіш. Егер жақын орналасқан затты дұрыс көрмесе, онда алысты көргіш. Көз дәрігері көздің қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін анықтап, қажетіне қарай көзілдірік киюге кеңес береді.

Көзілдірікке ерекше күтім керек:

–әйнегін таза ұста;

–әйнегі сынған көзілдірікті қолданба.

Кейбір адамдардың көздері мүлде көрмейді. Адам ауыр соққыдан, аурудан немесе туа соқыр болуы мүмкін.

Дәрігер Салауат балаларға көзі көрмейтін, яғни соқыр (зағип) адамдарды сыйлауға және оларға құрметпен қарауға кеңес береді.

Ғажайып әлемді көру мүмкіндігін айырылған адамдарға басқалардың достығы, көмегі өте қажет.

Қиялдау ойын – «Ыммен айт».

Өзің пойыздың ішіндесің, ал әжең бекетте. Ол сені естімейді, бірақ сен оған міндетті түрде айтуың керек:

Өзіңнің вагонға жақсы орналасқаныңды.

Жеткен соң әжеңе телефон шалатыныңды.

Әжеңнің орамалы шешіліп тұрғанын, қазір ол түсіп қалатынын.

Балаларға пойыз жүргенше осы хабарды бет пішінімен ымдап жеткізу тапсырылды.

Жұмьақ

Бір таудың екі жағынан,

Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.                  (Екі құлақ)

 

Балалар ойыны талқылап, есту мүшесі құлақтың болғаны жақсы екеніне, сөзсіз ыммен түсіндіру қиын екендігін талқылайды.

Есту мүшесі адамда да, жануарда да бар. Жануарлар есту қабілеті арқылы бірін бірі табады және тамағын тауып жейді.

Педагог балаларға құлақтарын қолдарымен жауып, тәжірибе жасауды ұсынады. Балалар дыбыстың жақсы естілмейтінін, бір–бірімен қарым–қатынастың қиындайтыны туралы қорытынды жасайды.

Балалардың қалай еститінін тексеру үшін «Затты дыбысына қарай таны» ойынын ойнауды ұсынады. (Педагогикалық срсандықты қара).

Құлақ– есту мүшесі, оның көмегімен ададмар дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

 

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Аязды күні жылы баскиім кию керек.

Құлақты қаламмен, шырпымен, т.с.с. үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды.

Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкен адамға немесе дәрігерге көрсету керек.

 

Қорытынды.

Құлақ, көз, мұрын, тері–адамның айнала қоршаған ортаны танып білуіне көмектеседі.

Көзі көрмейтін, яғни соқыр (зағип) адамдарды сыйла және оларға құрметпен қара.

Құлақ–есту мүшесі, оның көмегімен адам дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

Тістің негізгі қызметі  – тамақ шайнау.

Тісжегі – ең жиі кездесетін тіс ауруы.

Тісті күту ережесін сақтау керек.

0 пікірлер

Пікір қалдыру