Ұлдар мен қыздар.

Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: Ұлдар мен қыздар.

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Балаларға қыздар мен ұлдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Бір–бірімен қарым–қатынастарын қалыптастыру және дамыту.

Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін ісері жайлы білімдерін қалыптастыру.

 

Оқу іс–әрекетінің барысы:

Педагог балалардың бір–бірінен қалай ерекшеленетінін байқатып, осы тақырыпта әңгіме қозғайды. Балалардың жауабынан кейін барлық адамның дене құрылысы –қолы, аяғы, көзі, құлағы, т.б. болатыны, бірақ әр адамның көзінің, шашының, мұрнының пішіні әртүрлі болатынын айтады. Әр адамның өзіне тән мінезі, шығармашылық қабілеті мен таланты болады. Әр адам–қайталанбас жеке тұлға.

Адамдар әйел, еркек, ұлдар мен қыздар болып бөлінеді.

Педагог ұлдарды мен қыздарды айна алдына тұрғызып, өзін–өзі сипаттауды ұсынады. Балалардың пікірін қорыта келіп, қыздарды нәзік болатынын, олардың көйлек киетінін, бұрымды болатынын, сәндік заттарды тағатынын, ал ұлдардың қыздарға қарағанда күшті, иықты, денелі келетініне, шаштары қысқа, дауыстары жуандау болатыны туралы айтып ұғымдарын қалыптастарады.

 

Әліппе–дәптермен жұмыс.

Педагог балаларға бұршақтың дәннен өсетінін мысалға ала отырып, ұлдар мен қыздардың өскенде кімге айналатынын түсіндіреді.

Бұршақ дәні–гүлдейді (жеміс береді) –солады.

Бала–бозбала–еркек–ата.

Қыз–бойжеткен–әйел(ана) –апа.

Ұлдар мен қыздардың ойыншықтарға деген талғамы әр–түрлі. Педагог ұлдар мен қыздарға тән ойыншықтардың атын ататады.

Балаларға отбасында ер адам мен әйел адамдардың атқаратын жұмыстарын естеріне түсіріп, талқылатады. Қандай мамандықты ерлердікі, ал қандай мамандықты әйелдердікі деп атауға болады.

Ұлдардың ең басты міндеті–денсаулығы мықты, күшті болып өсу, себебі ол туысқандарын әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан қорғауы, нәзік жандар–аналар мен қыздарға қамқор болуы керек. Ұлдар қыздарға күш көрсетпейді.

Ал қыздардың ең басты міндеті –дені сау, – бақытты болып өсу, өйткені жақсы ұрпақты тәрбиелеп өсіруі тиіс.

Балалар ұлдар мен қыздардың киімдерінің суретін аяқтап салуы керек. Ұлдар мен қыздардың бірге және бөлек ойнайтын ойыншықтарын ажыратып, бағытпен белгілеп көрсету.

 

Дәрігер Салауаттан келген ашықхат.

Педагог Дәрігер Салауаттан келген ашықхаттағы ертегіні оқиды: «Ертеде бір қалашықта Күлкі мен Ашу өмір сүріпті. Күлкі өте ақкөңіл, сүйкімді, қайырымды болыпты, барлық адамдар оны өз үйінде көргенде қуанады екен. Күлкі қай жерде болса, сол жерде күн нұрын шашып, құстар ән салып, төңіректің бәрі көріктенеді екен.

Ал Ашу болса, өз–өзінен ашулы, ешнәрсеге көңілі толмай жүреді екен. Ол болған жерді бәрі жоғалып кетеді екен. Ешкімді көңіл көтеріп күлмейтін болыпты».

Педагог балаларға Күлкі мен Ашуды қимылмен (ишарамен) көрсетуді ұснады.

Педагог балаларға адам күлген кезде содан көңіл күйдің ұзақ көтеріңкі болатындығы жайлы айтады.

«Күлкі жаттығуы».

Балалар айнаға қарап әдемі, мейірімді күлкіні бейнелейді (1минут). Педагог бұл жаттығуды күніне бірнеше рет орындау қажеттігін түсіндіреді. Күлкі айналасындағы адамдарға жақсы әсерін тигізеді.

«Көрініс көрсету» жаттығу.

–Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер. Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте.

Педагог балалармен бірге көріністі талдап, мынадай қорытынды жасайды. Біз анамыздың көңілін көтеру үшін, алдымен күліп, оны құшақтап және өзінің күлуін сұрауымыз керек.

–Сендердің күлкілерің әсіресе ата–әжелерінің үшін өте қажет, соныдқтан көбінесе солармен қарым–қатынас жасау керектігін естен шығармаңдар.

Күлкі–бұл өз көңіл күйіңе, жақын адамдардың жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.

 

Қорытынды:

Әр адам–қайталанбас жеке–дара тұлға. Әр адамның өзіне тән мінезі, шығармашылық қабілеті мен таланты болады.

Адамдар жынысына қарай еркек–әйел, ұл–қыз болып бөлінеді.

Қоғамда еркек пен әйелдің рөлі әртүрлі болады.

Үйде, мектепте, көшеде ата–анаңа, мұғаліміне, достарыңа жиі күлімдеп, мейірімді қарым–қатынаста бол.

Сәлемдескенде күлімде.

Әдемі тіс –күлкі ажары екенін ұмытпа.

Шаттық шеңбері.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив