Тамақтану мәдениеті.

Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: Тамақтану мәдениеті.

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: «тамақтану» түсінігінің маңызын ашу. Бала денсаулығын нығайту дәрумендердің рөлін көрсету. Ас  қорыту ағзаларымен таныстыру.

 

Оқу іс–әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері.

Педагог сабақты төмендегі өлең жолдарымен бастайды:

Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы  күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

Балалар бір–біріне қарап күлімдеп, қай баланың кқңіл күйі жоқ болса, көтеруге тырысады.

Әңгімелесу.

–Адамдар неліктен бір–біріне күлімдейді?

–Тіс күтудің қандай ережесін білесіңдер?

–Адамға тіс не үшін қажет?

Адам ағзасы белгілі бір уақытта ас қабылдап үйренгендіктен, күнделікті сол уақытта асқазанда ас қорытатын арнайы сөл бөлініп шығады. Бұл сөл асқазан сөлі деп аталады.Асқазан сөлінің жоғалып кетаеуі үшін күнделікті уақытында дұрыс және жүйелі тамақтану қажет.

Адамдар машинаға ұқсайды, машина орнынан қозғалуы үшін отын (бензин) керек сияқты, адамға тамақтану қажет. Адамның денсаулығы мықты болуы үшін, пайдалы тамақ жегені дұрыс. Себебі ол өзінің ағзасына керекті заттарды дәрумендерді тамақтан алады.

Педагог қолына текшені алады. Адам ірімшікті жеп, одан ағзасына қажетті барлық затты алады. Педагог текшені үстелдің үстіне қояды.Алманы да жеді – тағы өзіне қажет затты алды, екінші текшені қойып, үй (немесе мұнара) пайда болғанша жасайды.

Егер адам бір–ақ түрлі тағаммен ғана тамақтанса, әлсіз және жиі ауырғыш болады. Балалар ден сау болып өсуі үшін әртүрлә толық құрамды тағаммен тамақтануы қажет. Мұндай тағамдардан баланың жас ағзасы күш–қуат алады.

–Тағам құрамында әртүрлі пайдалы заттар, әсіресе дәрумендер болуы қажет. Дәруменсіз адам ауырғыш болады!

Жемәс–жидектер мен көкөністерді өажетінше көп жеу керек, өйткені олар дәрумен мен пайдалы заттарға өте бай. Олардың құрамында дәрумендер бойдың өсуіне, ағзаның дұрыс дамуына және көздің көруі жақсаруына көмектеседі. Дәрумендер тек өсімдіктен алынған тағам құрамында ғана емес, сонымен бірге жануарлардан алынған тағамдарда да болады. Сүт тағамдарында, етте кездесетін кальций мен фосфор адам ағзасының негізгі құрамы.

Дәрігер салауатты кеңестерін естеріне түсіру.

Тамақтың алдында қолыңды жу.

Жеміс–жидекті жуып же.

Тамақтану тәртібін сақта.

Тамақты әбден шайна.

 

Ойын – тәжірибе.

Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген (қияр, құрт) бөлікті салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратады.

Педагог балаларға «Лимонды ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар», –деп тапсрыма береді. Бала қандай күйге түскенін айтады.

Ауыз қуысына орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. «Аурудың барлығы ауыз арқылы барады» деген сөз бар, сондықтан тамақ алдында қолды жуу керек. Көкөнңс пен жемісті міндетті түрде жуып жеу керек.

 

Сабаққа қосымша материал.

Тіл–сезім мүшелерінің бірі. Ол әртүрлә қызмет атқарады: тыныс алуға, тамақ ішкенде тамақты қозғауға, сілекейлеуге, жылытуға, суытуға, жұтуға, өлең айтуға, сөйлеуге, күлуге көмектеседі. Тілдің көмегімен біз тамақтың дәмін ажыратамыз. Тамақ дәмін айыра алмайтын адамның тәбеті нашарлайды. Бұл денсаулыққа өте зиян. Өте ыстық немесе суық тамақ дәм сезуді төмендетеді. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралып, емделу қажет.

Тілдің әр бөлігі әртүрлә дәмді сезеді. Тілдің ұшы тәттіні сезеді. Бүйір жақ беті қышқылды және тұздыны сезеді. Тілдің арт жағы ащыны сезеді, сондықтн адамдар тамақты жұтқада барып оның ащы екенін сезеді.

Адам дәмді тілдің үрпілері арқылы сезеді. Үрпілер тілге барқыт тәрізді түр береді. Егер адамның дені сау болса, оның тілі күлгін, таза болады. Егер ағза дұрыс дамымаса, тілдің бетін ақ, сары қабат жайып, тілініп тұрады.

 

         Саяхатшы нан» өлеңін оқиды.

 

Май жағылған тәтті нан

Шықты бір күн сапарға.

Ең алдымен тап болды

«Ауыз» деген апанға.

 

Онда азғана бөгелді,

Дейсіңдер ғой не көрді?

Ауыздың ішін аралап,

Одан әрі жөнелді.

 

Өзгеріп кетті түрі енді,

Бөгет емес бұл енді.

Жылжып еді ары қарай,

Жұтқыншақ–тауға тірелді.

 

Қарай қойшы батылын,

Одан да өтті ақыры.

Кірді өңеш–үңгірге

Қатпар–қатпар сатылы.

 

Сапарды ары жалғауға

Орта жолда қалмауға,

Тырысқан наның тап болды

«Асқазан» атты орманға.

 

Асқазанды аралап,

Көрді жайлап қарап–ақ.

Кездесті ішек лабиринт

иір–иір ғажап–ақ.

 

Қарасаңдар суретке

Бәрін де анық көресің.

«Саяхатшы–нанның» сапарын

Қайсысы айтып бересің?

Ә. Құрманғалиева

 

Педагог өлеңді оқи отырып, балалармен ас қорыту ағзаларын атайды:

Ауыз

Жұтқыншақ

Өңеш

Асқазан

Ішек.

Балаларға мектепке барғанда ас қорыту ағзасының қызметімен кеңірек танысатындықтарын айтады.

 

Қорытынды:

Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек– ас қорыту жүйесіне жатады.

Ас қортыу жүйесінің негізгі шарты–дұрыс, уақытымен тамақтану.

Тамақтанар алдында қолды жуу керек.

Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту керек.

 

Шаттық шеңбері.

Ойын: «Жақсы–жаман».

Кәмпит тәтті, бірақ оны көп жеу пайдалы ма?

Ойын барысында әртүрлі сөздерді ұсынуға болады: жаңғақ, бал, сағыз, балмұздақ, т.с.с.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив