Көшеде абай бол!

Оқу іс әрекетінің тақырыбы: Көшеде абай бол!

 

Оқу іс әрекетінің мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Балаларға жолда жүрудің ережелерін қалыптастыру.

Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға ұызуғышылығын тудыру.

Оқу іс әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері.

Балалар дқңгелене тұрып, қолдарына бір бірден гл ұстайды.

Педагог балаларға «Қауіпсіздік меетебінде» не үйренгені жайлы естеріне түсуріді ұсынады. Балалар кезек кезек бір ережені айтып, гүлді пелагогқа қайтарып береді.

Мейірімді күн шуағы терезеден қарады, қане бәріміз көшеге шығайық.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір бірінің қолдарынан ұстап, күлімдеп, амандасады және әрқайсысы өзінің көшесіне жылы сөз қосып айтады.

 

Әңгімелесу.

Педагог балалармен өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелеседі. Көшенің қалай аталатынын, онда не бар екенін және несімен ұнайтынын сұрайды.

Педагог денсаулықтың отбасындағы көңіл күй, үйінің тазалығы мен жайлылығына байланысты болып қана қоймай, сонымен қатар үйдегі, қоршаған ортадағы экологиялық жағдайда да байланысты екенін түсіндіреді. Үйдің жанында отырғызылатын ағаштар, гүлдер ауадағы оттегін көбейтіп, адамның көңіл күйін көтереді.

 

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Аула–бұл сенің үйіңнің жалғасы. Оның тазалығын сақтау керек.

Әркім өз көшесі әдемі болу үшін ағаш отырғыза алады. Үйдің жанына гүл егіп, оны суарып отыру керек.

 

Педагог балалармен ағашты сындырып, керексіз қалдық заттарды: балмұздақтың, кәмпиттің қағаздарын кез келген жерге лақтыру көшенің сәнін кетіретін жөнінде әңгімелеседі.

Кез келген жерге лақтырылған қалдық заттарға шыбын шіркей қонып, біздің ағзамызға зиянын тигізетін қатерлі ауру әкелуі мүмкін.

Көшенің тазалығы адамдарға, яғни тазалықты сақтай білуіне байланысты. Тазалық саулық негізі.

 

Әліппе–дәптермен жұмыс.

Педагог балаларға денсаулығымыздың мықты болуы көшеде жүру тәртібін сақтауға да байланысты екенін айтады.

Балалар көше, жол, жаяулар жолы туралы айтады. Педагог:

Көшедегі жолда көліктер, адамдар жүреді. Жолда сәтсіздікке ұшырамау үшін, – жолда жүру ережесін сақтау қажет.

 

Жұмбақ

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда, –

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда, –

Өте бергін жасқанба.                (Бағдаршам)

 

Педагог қалада қозғалыс өте көп болса да бір біріне кедергі келтірмейтінін айтады.Бұл көлік жүргізушілеріне және жаяу адамға арналған катаң ереженің сақталуынан екендігін түсіндіреді. Көшенің екінші бетіне өтудің өзі оңай емес, бұған бізге бағдаршамның үш көзі: жасыл, сары, қызыл түстері көмектеседі. Бағдаршам өшіп өалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Реттеушінің қолында таяқшасы болады.

«Жолда жүру ережесін» көше немесе жол заңы деп айтады. Ол жаяу адамның қалай болса солай жүргенін кешірмейді, ол адамдарды қауіптен сақтайды.

 

Ойын–«Бағдаршам».

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақан соғады,  қызыл түсті тыныштық сақтайды.

Педагог балаларға жол белгілері туралы түсінік береді. Балаларға алдын ала дайындалған дөңгелек шеңбер үшбұрыш және басқа да әртүрлі кейіптегі белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойында, көшеде ілініп тұратынын айтады. Бұлар –жол белгілері.

Бұл белгілердің тиімділігі жол бойының  нағыз хабаршысы екендігінде.

Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:

Ескерту белгілері, үшбұрышы қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жайсыз, яғни қауіпті жер бар дегенді білдіреді.

Тыйым белгілері, дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

Көрсеткіш белгілері, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

 

Ереже:

Көшеден өткенде арнайы жерден, жасыл жанғанда ғана, немесе реттеушінің белгісімен өт.

Жол қиылысында аса абай бол.

Көшеден тек жаяулар өтпесі арнайы жолақ жолдан өт.

Көше мен жолда шанамен сырғанап ойнама.

 

Әліппе–дәптермен   жұмыс:

Педагог балалардың суреттер арқылы бөтен адамдармен сойлесуге, машинасына мінуге болмайтынын, бөтен адам берген сыйлықты алмау керек екенін айтып түсіндіреді. Бұл өміріне өте қауіпті.

Ереже:

Таныс емес адамдармен сөйлеспе.

Бөтен адамный сыйлығын алушы болма.

Бөтен адамның машинасына отырма.

 

Қорытынды:

Бағдаршамға қарауды ұмытпа.

Көшеде және жолда адамдармен сөйлеспе.

Жолдан өтер кезде алдымен сол жағыңп, содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяулар өтпесімен өт.

Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілесіп кетпе.

Шаттық шеңбері.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив