Сыпайы бол.

Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: Сыпайы бол.

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Қоғамдық орында балалардың өзін ұстай білуіне, мейірімділікке, кішіпейділікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.

 

Оқу іс–әрекетінің барысы: 

Шаттық шеңбері.

Үйдегі қауіпсіздік ережелерін ата.

Көшедегі қауіпсіздік туралы айт.

Қалай ойлайсыңдар, қоғамдық орында қандай тәртіп ережелері бар?

 

Жағдаят талқылау.

Қарт ата автобусқа кірсе, бос орын жоқ.

Әже ауыр сөмке көтеріп автобусқа кірді.

Қыздың екі қолында сөмке бар.

Ол артқы есіктен кірмекші болды, бірақ есік жабық тұр. Есікті ашайын десе, қолы бос емес.

 

Әңгімелесу.

Әжеге, қарияға, қызға көмектескенде сен нені сездің?

Адамдар біреуге жақсы іс істегенде қуанып, рақаттанса, кішіпейіл болса, ерекше қуаныш сезімге бөленеді, содан  адамның денсаулығы мықты болады.

Педагог балаларға түрлі көңіл күйдегі адамдардың бет әлпетін: қуаныш, реніш,  таңғалу, т.с.с. көрсетулерін ұсынады.

Қандай көңіл күй жағымды?

Дәрігер Салауат балаларға мыналарды ұмытпауын ескертеді:

Қоғамдық көліктерде тұтқаның барлығы кір, сондықтан үйге келгенде міндетті түрде қолыңды жу.

Емхана, дүкенде, театрларда микробтар ұшып жүреді, сондықтан әр затты ұстап көрген қолыңмен тамақтану өте қауіпті.

Қоғамдық орында адамдар сенің тәртіпті екенін байқап, ата–анаңа мен отбасың саған жақсы тәрбие бергеніне алғыс айтады.

Дәрігер Салауат балаларға үнемі:

Күлімдеп жүруді;

Автобуста қарияларға орын беруді;

Ауыр затты көтерусіге көмектесуді;

Кіреберісте есікті ашуды;

Барлық ұлдар қыздарды сыйлауды;

Ал барлық қыздар сыпайы және мейірімді болуды ұсынады.

 

Әліппе–дәптермен жұмыс.

Қорытынды:

Сыпайы және тәртіпті болу қандай жақсы, тіпті денсаулыққа да пайдалы.

Шаттық шеңбері.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив