Айболит және оның достары.

Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: Айболит және оның достары.

 

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Әртүрлі аурулармен және оның себептерімен таныстыру.

Жұқпалы және суық тию ауруларарының алдын алу шараларының маңызын көрсету.

 

Оқу іс–әрекетінің барысы:

Педагог балаларға «Дәрігер Айболит» ертегісін естеріне түсіруді ұсынады.

Дәрігерге нелер келді?

Ол қалай емделеді?

Сендер үй жануарларына қандай көмек көрсетер едіңдер?

Өз бетінше жануарларды емдей аласындар ма?

Біздің қамқорлығымыз  жануарларға өте қажет. Адамдар сияқты жануарлардың да денсаулығы мықты болуы керек. Ауырған  жануарда микроб болып, ол адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан барлық жануарларды арнайы дірігерге көрсетіп, егу және жақсы күтім болуын, дұрыс тамақтануын қадағалау қажет. Егуден басқа, әр 2-3 айда жануарларға ішекқұртқа қарсы дәрі беру керек. Жануарлармен бірге ойнағаннан кейін міндетті түрде қолды жуу қажеттігін ұмытпа.

Дәрігер Айболит өзінің достарына жақсы қамқорлық көрсетеді, ал сендерге оларды жақсы көріп, аурудан қорғауды ұсынады.

 

Әңгімлесу.

Педагог балаларға: «Біздің жерімізде бізбен бірге өсімдіктер, жәндіктер, балықтар, аңдар мекендейді және осымен қоса өте көп микробтар, бактериялар мен вирустар бар. Олардың ішінде адамға пайдалы, қажеттісі де, жұқпалы және вирусты ауруларды тудыратын өте қауіптісі де бар. Бірақ адам осы кішкентай зияндылармен күресуді үйреніп қана қоймай, аурудың алдын алуды да үйренді», - деп түсіндіреді.

Аурудың алдын алу–денсаулықтың жаңа ережелері мен пайдалы кеңестері арқылы іске асады.

Ойын: «Микроб, вирус, бактериялар неден қорқады?»

Микроб, вирус, бактериялар судан қорқады.

Егер біз үнемі жуынып, шомылып, тісімізді тазалап жүрсек, денеміз сау болып, ауырмай жүреміз.

Көп микробтар сумен шайылып, сабыннан өліп қалады.

Микроб, вирус, бактериялар шынығудан қорқады.

Шынығу кезінде негізінен табиғаттың үш сыйы (күн, су, ауа) бізідің ағзамызға әсер етеді және олар ауруларды тұншықтырып, жояды.

Ағзамыз шынығу арқылы қауіпті вирус, микроб және бактерияларға қарсы тұрады.

Микроб, вирус, бактериялар тамақтанудан  қорқады.

Міндетті түрде құнарлы көкөністер мен жемістерді көп жеу керек, бірақ жуып жеуді ұмытпа. Олар адам ағзасын нығайтып қана қоймай, ауру тудырғыш микробтарды жояды.

Микроб, вирус, бактериялар егуден  қорқады.

Егу дегеніміз микробтармен күресудің бір жолы. Емханада балалардың ағзасына түрлі аурулардың алдын алу үшін, әлсіз микробтар енгізу арқылы егу жұмыстарын жүргізеді. Егу жұмыстары аурудың дамуын, өршуін тоқтатады немесе жеңіл түрде ауырып, тез жазылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан егуден қорықпау керек.

 

Доппен ойын: «Жақсы–жаман».

Педагог балаға доплы лақтырып, «тісті тазалау», «алманы жумай жеу» т.с.с. сөздер айтады. Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп баға беріп, допты қайтарады.

Педагог балалардан далада ойнағанды, секіргенді, жүгіргенді ұнататындары туралы сұрайды. Бала құлап, жарақат алған кезде қан ағады. Осы кезде не істеу керек?

Дидактикалық ойын: «Қуыршақты емдейміз».

Педагог балаларға жараны қалай емдеу керектігін және оған не қажет екенін айтып, көрсетеді.

Жараны таза сумен жуып, йод жағу керек.

Жараға кір, шаң түспес үшін, таза дәкемен таңу қажет.

 

Әңгімелесу.

Педагог биылғы жылы кімнің тұмаумен немесе суық тиіп ауырғанын сұрап, сол кездегі көңіл күйлерін айтуды ұсынады.

Сендер суық немесе тұмау тиіп ауырған кезде тыныс алу жолдарында үлкен мөлшерде шырыш пен қақырық жиналады. Шырышты қабық тітіркеніп тұрады, сондықтан сендер жөтеліп, түшкіргілерің келеді. Осы кезде мұрыннан және ауыздан шырыш тамшылары ортаға тарайды. Жөтеліп түшкірген кезде тыныс алу жолдары тазарып, осылай ағзамыз қорғанады. Шырыш тамшыларымен бірге ауаға үлкен мөлшерде вирустар мен микробтар тарайды. Егер де түшкіріп, жөтелгенде ауру адам аузы–мұрнын қолорамалмен жаппаса, көптеген адамдарға ауру жұқтыруы мүмкін. Сондықтан сендер ауырып қалған жағдайда, өздеріңді қоршаған адамдарды сыйлап, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз, мұрындарыңды орамалмен немесе қолдарыңмен басу керек.

Естеріңде болсын, қолданған қолорамалмен үнему, жиі акыстырып түру керек.

Байқау– «Ең таза қол».

Педагог балаларға «Ең таза қол» байқауын өткізуді ұсынады.

Балалар қолдарын сабындап жуады. Қолын шайғанда суы таза болған бала жеңіске жетеді.

Сары ауру және ішек аурулары кір қол арқылы жұғатынын педагог балаларға түсіндіреді. Ауру тудырғыш микробтар кір қол арқылы тамақпен, сумен бірге ауызға түсіп, ауруға шалдықтырады.

Жануарлардан да жұқпалы аурулар жұғады.

 

Төмендегі ережелерді есте сақтаңдар:

Қолды жиә жуу керек.

Ит,мысықпен бірге ұйықтауға болмайды.

Егер үйдегі жануарларың ауырған  жағдайда, дереу мал дәрігеріне қарату қажет.

 

Қосымша материал

Педагог балаларға кептірілген шөптер жиынтығын, түбірлерін және бөлме өсімдіктерін көрсетеді (мұнда әр аймаққа байланысты дәрігерлік шөптер әкеліп көрсетуге  болады). Балалар ыдысқа тұрлі шөптерден тұңба жасап көрулеріне болады.

Өсімдіктер тек жер бетіне көрік беріп қана қоймай, адамға жылу, тағам, таза ауа сыйлайды, сонымен бірге олардың емдік қасиеті зор. Мұндай өсімдіктермен емделуді «фитотерапия» деп атайды.

Алоэ–Оңтүстік Африкадан таралған, сондықтан ол бөлмеде ғана өсіріледі.Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайда денеге тартады және суық тиген кезде балмен араластырып мұрынға тамызады.

Бақбақ –оның тамырының  қайнатпасын ас қорыту жолдарын түзетуге пайдаланады.

Емен–жас ағаштарының қабығы мен бұтақ үзбесін тыныс жолдарын тазартуға, ауыз бен тамақты шаюға және асқазан бұзылған жағдайда ішеді.

Қалақай–жабайы өсімдік. Жапырағынан қайнатылған тұңба мен сығынды қан тоқтату үшін қолданылады  әрі С дәруменнің қасиеті бар.

Сарымсақ–ерте уақыттан бері тыныс жолдары ауруларының алдын алу, ішек және асқазан бұзылуынан сақтайтын емдік құрал ретінде айдаланып келеді.

Мия–жабайы өсімдік. Тамырынан жасалған дәрі  қақырық түсіреді, қабынуға қарсы және түйнегенді басуға қолданады.

Өгейшөп – Қазақстанда көп кездесетін жабайы өсімдік. Тұңбасы мен қайнаған суы  қықырық түсіретін және терлететін дәрі ретінде қолданылады.

Асқабақ–қолдан өсірілетін өсімдік. Оның қабығынан тазартылған дәні ішек құртына қарсы қолданады.

Практикалық жұмыс: Балаларға суық тиіп ауырудың алдын алу үшін өздеріне мияның тамырынан, өгейшөп жапырақшаларынан, лимон шырынынан дәруменді қайнатпа даярлау тапсырылады.

Балалар стакандарына шөптердің керекті жиынтығын жинап, қайнаған су құйып, бетін сүлгімен жауып қояды. Қоспа жылыған кезде лимон шырыны мен кішкене қант қосады.

Дәрілік шөптер «Жасыл дәріхана» деп аталады. Адамдардың табиғатқа қамқорлығының аздығынан жыл өткен сайын дәрігелік шөптерді саны азайып, тіпті жоғалып бара жатыр. Адамдар орманда ағаштарды кеседі, жерді ластайды, дәрілік шөптерді тамырымен жұлып, оларды жинау ережесін бұзады.

Дидактикалық ойын: «Өсімдіктерді бөліктеріне қарай ажырат». Фланелеографқа дәрілік өсімдіктердің бейнесі салынған суреттер ілінеді. Балаларға өсімдік бөліктері салынған «гүлі, бүршігі, жапырағы) қимағаздар таратылады.

Қорытынды:

Тазалық көптеген ауруларға қарс күреседі.

Табиғатты қорғау керек.

Шаттық шеңбері.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив