Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер.

Оқу іс–әрекетінің тақырыбы: пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер.

 

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру.

 

Оқу іс–әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері

Педагог Дәрігер Салауаттың суретін тағы бір қарап, оны суреттеуді ұсынады. Балалардың жауаптарын қорыта отырып, едагог балалардан өскенде кімнің Дәрігер Салауатқа ұқсағылары келетін сұрайды. Ол үшін не істеу керек?

Педагог сұрақ жауаптарын жинақтап, қортыа келе, ол үшін салауатты өмір салтының ережелерін: шынығу, дұрыс тамақтану, күн тәртібіні сақтау, табиғатпен, қоршаған ортамен сәйкестікке өмір сүру керектігін нақтылайды. Бұл ережелер жақсы әдетке айналуы үшін күнделікті орындау қажет.

 

Әліппе дәптермен жұмыс.

Балалар өз бойындағы жағымды дағдыларын атап отырады, ал педагог оны жеке жеке үлкен парақ бетіне жазып, «Валеология» сөзінің айналасына қойып шығады.

Педагог ойынның қортындысын шығарып, балалар мен өздерінің бойында жақсы әдеттердің қаншалықты бар екенін талқылайды. Бірақ осылармен қатар біздің жақсы өмір сүруімізге кедергі келтіретін, денсаулығымызға зиянды әдеттердің бар екенін айтып өтеді. Балаларға ойланып, өздерінің бойынша кездесетін жаман әдеттерді атауларын сұрайды.

Педагог балалардан темекі және оны шегетін адамдар жайлы не білетіндерін айтып беруді ұсынады.

Темекі шегі адамның ішкі мүшелерінің қызметін бұзады. Темекіде никотин уы бар. Ол өкпенің, жүрек және асқазанның жұмысын бұзады. Темекі түтіні қоршаған ортаға зиян.

Тапсырма.

Балалардың өздеріне никотин уын көз алдарына қалай елестететіндерін қиялмен суреттеуді ұсынады.

Шарап сусыны денсаулыққа зиян. Кейбір отбасында үлкендер шарапты өздері ғана ішіп қоймай, балаларына да ұсынады. Бұл әлі буыны қатпаған бала денсаулығы үшін өте зиян. Шарап тек асқазанға ғана емес, жүректің, бүйректің жұмысына, яғни ағзаның дұрыс өсуіне кедергі келтіреді.

Тапсырма.

Педагог балаларға бірігіп ұжымдық «Ішімдік пен темекіге жол жоқ!» атты жарнама шығаруды ұсынады.

 

Қорытынды:

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дағдыға айналдыру үшін, күнделікті салауатты өмір салтының ережелерін сақтау керек.

Әшімдік пен никотин денсаулыққа өте зиян екенін есте сақтайық.

Шаттық шеңбері.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив