Педагогикалық сыр сандық. «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді»

Педагогикалық сыр сандық

Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепалды баланың ойынға  деген құлқы, қарым қатынасы, мінез құлқы көріністері олар өсіп есейгенде де өмрінде жалғаса береді.

Ойын- баланың негізгі әрекеті. Ойын үрдісіне бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлер сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі дидактикалық ойын. Бала жеке және ұжымдық белсенді практикалық әрекеттер арқылы адамгершілікке және әсемдікке толғанып, өмірде қарым қатынас жасайды.

Жинақталған дидактикалық ойындар педагогикалық тапсырмаларды шешуде мектепалды дайындықты есепке ала отырып, қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді.

Дидактикалық ойын  Валеология оқулығының көмекші құралы болып табылады. Ол берілген іс әрекеттерге байланысты ретімен жинақталған.

«Валеология» еліне ғажайып саяхат жасауда бала белсенділігін, қызығушылығын арттыру үшін ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың маңызы ерекше.

Ойынды қолданумен бірге бала ойлануға, шығармашылығын байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл өозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс әрекеттегі амал тәсңлдері ой сананың дамуына ықпал етеді, ал қарым қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным түсінік, мінез құлық  әдептерін бекітуіне әсер етеді.

 

Амандасу –сәлемдесу

Мақсаты: балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын құру.

Ойын барысы:

Балалар педагогпен бірге шеңбер құрып отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.

Қайырлы таң, Асқар! (Күліп, басын изеу).

Қайырлы таң, ..... (Педагогтың атын айтады).

Қайырлы таң, ..... (Шеңбер бойымен балалар бір  бірінің аттарын атап шығады).

Қайырлы таң, аспан! (Жоғарыдағы қимылдарды қайталайды).

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (Балалар қолдарын екі жақа жайып, төмен түсіреді).

 

Біздің денсаулығымыз үшін не керек?

Мақсаты: балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Құрал: доп.

Ойын барысы:

Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, допты педагогқа қайтарады. Ал шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді.

 

Тілек шоғы

Мақсаты: балаларды жағымсыз сезімдерін арылту, жақсылық жасауға үйрету.

Ойын барысы:

Балалар дөңгелене тұрады, әрқайсысының қолында гүл. Педагог өзі бастап сілемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір біріне тілек айту арқылы ұсынылады. Гүл шоқтарын бірте бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтіп оралады деген қорытынды жасалады.

 

Шуақты күн

Мақсаты: ойын арқылы  балаларды ойында әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету.

Ойын барысы:

Балалар өздеріне таныс ережелерді сақтап, гүлді бір біріне ұсынып, ол педагогқа гүл шоғы боп оралады. Оны «Шуақты күн» деп атайды. Шуақты күн терезеге түсіп тұр. Барлық балалар ұйымдасқан түрде далаға шығып, шеңбер құрып, қол ұстасып, көршілеріне мейрлене қарап, бір біріне жақсы лебіз, жылы тілектерін білдіреді.

 

Үнді еліне қалай жүреді?

Мақсаты: балаларды дене бітімін таза ұстауға баулу.

Құралдар:үнді картасы, какос жаңғағы, құмыра,моншақтар, білезік,жібек мойынорағыш, кітаптар.

Ойын барысы:

Балалар орындықтарда дөңгелене отырады. Ортасында глобус, үнді елінің өмірі бейнеленген суреттерді таратады. Бұл суреттерді маңдайларына гүлді нүкте жапсырылған балалар кілем үстіне отырып қарастыру ұсынылады. Педагог суретін үнді картасына қойып , жібек мойынорағышты сәлдеше орап, басына құмырына қойып, оны қолымен ұстап, щеңбер бойымен жүреді. Балаларға да өз таңдауы бойынша заттарды (кітап, қорапша, т.с.с.) басына қойып жүру ұсынылады. Шеңбер бойымен жүріп өткен балалар заттарды ортаға қойып, өз орындарына отырады.

 

Мұрын және тыныс ағзалары

Тыныс жолдарына арналған жаттуғылар

«Сағат». Орнымызда тұрып, аяғымызды алшақ қойып, қолымызды бос жібереміз. Қолды алға, артқа  созып жаттығулар жасау.

«Әтеш қанат қағады». Қолды бос жіберіп, тік тұрамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жанымызға ұстап, қанат қағамыз. Демді ішке тартып, «Ку-ка-ре-ку» -деп шақыру.

«Ботқа қайнайды». Оң қолымызды ішке, сол қолымызды кеудеге қойып отырамыз. Ішті тартып, кеудеге ауа толтырамыз.  Кеудені жіберіп, ішті томпайта көрсетіп дем шығару. Дем шығарған кезде «ф-ф-ф-ф» -деп, қатты дыбыс шығару.

«паравоз». Қолды шынтақтан айналдыра кезекпен қимылдатып,»сук-піш, чук-піш»-деп дыбыс шығару.

«Насос». Аяқ бірге, қолды дене бойымен тік ұстау. Терең дем алып, денені жан-жақа ию. Қолды дене бойымен сырғытып, терең дем шығарғанда «ыс-с» - деп, қатты дыбыстау. Денені тік ұстап тұрғанда және келесі жаққа иілгенде терең дем алып, дыбысты қайталау.

«Реттеуші». Аяғын иығының еніне сәйкес қойып, бір қолды жоғары, екіншісін жанынан созыр тұру, мұрнымен дем алып, кейін қолдарының қалыпты жағдайын өзгертіп, ұзағымен дем шығарып, «р-р-р-р» дыбысын айту.

«Доп ұшады». Допты ұстап, қолдарын көтеріп көру. Допты кеудесінен алдына қарай лақтыру. Дем шығарған кезде ұзақ, «уһ-х-х-х» - деп айту.

«Сағат тілі». Аяғын иығының еніне  бірдей етіп қойып, таяқтарын арқа жауырының төменгі бұрышына ұстап, денені жан-жақа ию. Иілген кезде «т-у-у-ух» деп дыбыстап, терең тыныс шығару.

«Семафор». Орнында отырып, қос аяқты жылжыту. Екі қолды жоғары көтеріп, жанына біртіндеп төмен түсіріп, «с-с-с-с» дыбысын айту.

 

Түс перизаты

Мақсаты. Түскі ұйқыға деген жағымды түснік қалыптастыру.

Құрал. Сиқырлы таяқта.

Ойын барысы:

Бұл ойында Түс перизаты ұйықтауды қиын балаларды таңдайды. Сиқырлы таяқшасын қолына алып, бөлмені аралап жүріп, таяғын заттарға тигізіп ұйықтатады. Міне, үстел, кітап сөресі де ұйықтап қалады.

Түс перизаты төсекке жатып, сиқырлы таяқшамен өзін түртеді: «Мен де ұйықтаймын».

Сиқыршы

Мақсаты: түс туралы білімдерін бекіту.

Құрал: шығыс әуені.

Ойын барысы:

Ұйықтар алдында шығыс әуені қойылады. Балалар сиқыршыға айналып, кілем үстіне молдас құрып отырады. Қолдарын тізелеріне қойып, иектерін тізелеріне тигізіп, көздерін жұмып, денелерін бос ұстайды. Әуен біткен кезде ақырын ғана, үндемей төсектеріне барып жатады.

 

Ғажайып ұйқы

Мақсаты; бала бойын босаңсыту.

Ойынды суреттеп айту: Жүргізуші өлеңді оқу барысында балалардан көздерін жұмудв сұрайды.

Кірпігімізді төмен түсірсек,

Көзіміз жұмылады.

Енді еркін демалайық (2рет).

Ғажап қана ұйықтасақ,

Жеңіл, дұрыс тыныстасақ,

Шаршағанымыз ұмтылып,

Денеміз босаңсиды (2 рнет).

Шөпте жатқандай сезінейік,

Жасыл, жұмсақ шөпте жатырмыз.....

Күн нұрын бізге төгіп тұр.....

Қолымыз біхдің жып-жылы....

Күн ыстық...

Түн жылы...

Таза ауа да тамаша, тыныстаймыз.

(Ұзақ кідіріс)

Біз еркін тыныстадық. Ғажап қана ұйықтадық!

Оянатын сәт келді!

Қолымызды жоғары көтеріп, жұдырығымызды түйеміз.

Керілеміз! Күлеміз!

Балалар көздерін ашады.

Бұл жаттығу жұмыстары ақырын, ұзақ кідірістермен байсалды дауыспен, бала ойын еркінсітетін әуенмен оқылады.

 

Ғарышкерлер

Мақсаты: балалардың көңіл күйін, қиялын дамыту.

Ойын барысы:

Сендер-ғарышкерсіндер, ғарышқа сапар шеккелі дайын тұрсыңдар. Көздеріңдң жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар. Міне, ұштық.

 

Жыл мезгілдері

Мақсаты: суретте бейнеленген негізгі белгілері бойынша әр жыл мезгілі жайлы түсініктерін бекіту. Балаларды жыл мезгілдерінің ретін дұрыс көрсететін сөздерді қолдана отырып, талқылай білуге баулу.

Құралдар: жыл мезгілдерінің суреттері және түрлі түсті төрт қимақағаз.

Ойын барысы:

Балалар жыл мезгілдеріне сәйкес түстерді шеңберге тізбектеп, ретімен жүйелі құрастырады. Оған қатысты суреттерді қажетті орнына орналастырулары тиіс.

 

Күн шуағы

Мақсаты: психосезімдік ахуалдарын жақсарту, баланың өз сезімін әрекетін түсініп, әсерлене білу қабілетін дамыту.

Ойын барысы:

Балалар шеңбер құрып отырады.Жүгізуші: «Күн шуағы сендердің көздеріне қарайды. Көздеріңнен беттеріңғ қарай жылжиды. Алакаңдарымен  сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайына, мұрныңа, аузыңа, бетіңнің ұшына, иегіңе түсті. Алақаңдарымен күн шуағының жолын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңнан, ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан, арқаңнан сипап өтіп, желке тұсыңа барды. Күн шуағы сені жылытып, аймалайды. Сен оған күліп қарап, мейірімді шуағы сені жылытып, аймалайды. Сен оған күліп қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.

 

Адам бейнесін құрастыр

Мақсаты: Адамның дене мүшелері туралы білімдерін бекіту, салыстыра білуге үйрету.

Құралдар: Адамның дене мүшелерінің суреттрі салынған халқалта.

Ойын барысы:

Балалар үстелдің айналасында отырады, оларға адамның дене мүшесінің суреттері қиылып салынған халқалта таратылып беріледі.

Педагогтің арнйы белгісі бойынша балалар бөлшектерден адам денесін құрастырады.

Педагог балаларға адам денесінің оң және сол бөліктері болатынын түсіндіріп, тапсырманы орындаған кезде мұқият болу керектігін ескертеді.

 

Релаксацияға арналған жаттығулар

Мектепалды даярлық тобындағы балаларға арналған релаксация жаттығулар әдістемесі.

Жаттығу еденге жатып орындалады. Балалардың киімдері қозғалуға ыңғайлы, кең болуы керек. Қолдарын екі жанына алақаңдарын төмен қаратып, аяқ арасын алшақ ұстап, көздерін жұмып жатады.

 

Релаксация

Педагог балаларға көздерін жұмып, денелерін бос ұстап, өздерін өзен жағасында жатырмыз деп сезінуді ұсынады. Судың шуылы құлағыңа жағып, күн шуағы денені жылытады. Жалаңаяқ ыстық құмның үстінде жүрсіңдер. Ол аяқтарыңды күйдіріп барады. Су денелеріңді жеңілдетіп, өздеріңдң жақсы сезінесіңдер.

 

Релаксация

Балалар өздерін толқында шайқалып тұрған жапырақ сияқты сезінеді. Балалар аяқ-қолдарын босаңсытып, көздерін жұмып, шалқасынан жатады.

 

Қолға арналған жаттығулар

Алақанды еденге тіреп, сол қолдың білегін бүгу, осы жағдайда 10 секунд ұстап тұру. Тоқпан жілік қозғалыссыз қалады. Тоқпан жіліктің бұлшықеттері қатаяды. Қолды босаңстып, төмен түсіру. Бірнеше секунд босаңсытып жату, тоқпан жілік пен қолдың басының босаңсуын сезінуді қадағалау.

Білекті сауақтар төмен қарап тұратындай етіп бүгу 5-10 секунд ұстап тұру, босаңсыту.

Сол қолды еденнен онша биікке көтермей 10-15 секунд ұстау, одан кейін босаңсыту. Келесі қолды да осы тәсілмен жаттықтыру.

Еденде жатып, 5-10 секунд қолды қатайтып ширату, босаңсыту (2-3 рет қайталай).

 

Аяққа арналған жаттығулар

Денені бос ұстап, аяқты жаттықтыру (алдымен  оң, содан кейін сол аяқты).

Тізені бүгіп аяқтың бұлшықетін қатайту (ширату) 5-10 секунд. Аяқты еденге түсіріп, бұлшықетті босаңсыту.

Аяқты өзіне қарау бүгу. Балтырдың бұлшықетін 5-10 секунд қатайту, босаңсыту.

Аяқты еденнен көтеріп 5-10 секунд ұстау, түсіру, бұлшықетті босаңсыту.

Жамбастың бұлшықетін 5-10 секунд қайталау, одан кейін босаңсыту.

 

Кеуде бұлшықетіне арналған жаттығулар

Ішті тартып, бұлшықетін 5-10 секун қайталау, босаңсыту.

Шалқандан жатып белді ию, осы қалыпта 5-10 секунд ұтау, қайтадан бұрыңғы қалпына келтіріп босаңсыту.

 

Мойын бұлшықетіне арналған жаттығулар

Басты солға бұру, он жақ мойын бұлшықетін қалпына келтіру.

Басты оңға ию, сол жақ мойын бұлшықетін қатайту, қалпына келтіру.

Басты алға қарай ию, мойынның арқа бөлігіндегі бұлшықетін қатайту, бастапқы қалпына келтіру.

 

Бет бұлшықеттеріне арналған жаттығулар

Тістеген кезде бұлшықеттің қатаюын сезіну. Босаңсыту. Жаттығуды 2-3 рет қайталау.

Ауызды ашып, бұлшықеттің қатаюына 3-5 секунд ұстап тұру, босаңсыту. Жаттығуды 2-3 рет қайталау.

«О» дыбысын айтқандай етіп ауызды дөңгелете ашып, бұлшықеттің қатаюын сезіну, осындан кецін ерінді босаңсыту. Жаттығуды 2-3 рет қайталау.

Езуді қатты ашып күліп, жақ бұлшықетінің қатаюын бақылау, босаңсыту. Жаттығуды 2-3 рет қайталау.

 

Зейінді дамытуға арналған жаттығу

«Не өзгерді?» Тақтада түрлі суреттер белгілі ретпен орналасқан. Балалар көздерін жұмады. Суреттердің орны ауыстырылады. Көздерін ашқанша қай сурет орны ауысқанын айтады.

Педагог балаларға табанға арналған келесі жаттығуларды орындауды ұсынады.

  1. Аяқ саусақтарымен қарандаштарды жина.
  2. Аяқ саусақтарымен сүлгіні ал.
  3. Таяқшаларды табанмен тербет (әр педагогтің таңдауына қарай). Балалар педагогпен бірге табанның қасиетін анықтайды.

Біздің тіреушіміздің (омыртқа) басты көмекшісі – біздің табанымыз.

Қара да, қайтала

Мақсаты: балаларды адамдардың түрлі қалыптағы бейне үлгілерін түсінуге үйрету және дене бітімін дұрыс ұстауға баулу.Құралдар: адамдардың түрлі қалыптағы бейнелері сызылған қағаздар (аяқтары бірге, оң қолы төмен, сол қолы созылған, т.с.с.)

Ойын барысы:

Педагог балаларға ойын барысын түсіндіреді. Әуен ырғағына қарай балалар топ бөлмесінде билейді. Әуен тоқтаған кезде сызбаға лайықты қимыл әрекеттерді қайталап тұра қалады.

 

Менің бір күнім

Мақсаты: суреттерді талдай отырып, рет-ретімен жинастыруға жаттықтыру. Күн тәртібі туралы білімдерін бекіту.

Құралдар: күн тәртібінің суреттері салынған халқалта.

Ойын барысы:

Педагог балаларға күн тәртібінің суреттері салынған халқалтаның үлестіреді.. Бала оңдағы әрекеттерді   әңгімелеп, рет-ретімен тізбектеп қояды.

 

Соқпақ жол

Мақсаты: қиялын және сезімін (эмоция) дамыту, баланың жеке басын қалыптастыру.

Ойын мазмұны:

Балалар бір-бірінің артына тізбектеле тұрып, қиялындағы соқпақ жолмен жүріп, педагогтың бұйрығы бойынша қиялдағы кедергілерден өтеді.

Жолмен ақырын жүреміз.

Маңайымыз толған бұта, ағаштар, жасыл жапырақ.

Құстар ән салады. Шөпті самал жел шайқайды.

Аяқ астынан жолда пайда болды, секіріңдер бірінші, екінші, үшінші....

Қайтадан маңайымыз толған бұта, ағаштар, жасыл шөп, тағы да шалшық су ... бірінші, екінші, үшінші.

Біздің алдымыздан өзен пайда болды. Өзеннен өтетін жақтауы бар көпірге кезектік. Көпірдің жақтауын ұстап өтеміз...

Соқпақпен байқар жүреміз, алдымызда батпақты жер пайда болды, төбешіктер арқылы секіріп өтеміз: бір, екі, үш, төрт....

Баспақты жерден өттік, енді алдымыздан жыра шықты, үстінен көпір орнына бөрене қойылған, қолдарыңды кі жаққа құстың қанаты сияқты жайып, бөрене үстінен тепе-теңдігімізді сақтап өтейік.

Соқпақпен ары қарай жүріп келеміз. Жолымыз жабысқақ балшыққа айналды. Табанымыз балшыққа жабысып, әрең жүріп келеміз.

Жолымызға қалың бұтақты үлкен ағаш құлапты. Ағаштың бұтағына денелеріңдң жаралап алмай, байқап асып түсіңдер.

Жарайсыңдар, балалар! Келетін жеріізге жеттік (Мәтінді дауыс ырғағымен асықпай оқу керек).

 

Жер, су, ауа, от

Құралдар: үлкен және кішкентай доп.

Ойын барысы:

Жүргізуші қолына доп ұстап, ал қалған балалар одан 3-4 м қашықтықта дөңгелене тұралы. Жүргізуші кез келген ойыншыға: «Жер», «Су», «Ауа», «От» деген төрт сөздің біреуін айтып, қолындағы допты лақтырады. Ұшып келген допты бала қағып алып, жүргізуші «жер» десе, кез келген жер бетіндегі тіршілік иелерін, жануарларды, «Су» десе, балықтар атауын, ал егер «Ауа» десе, құстардың атауын айтып, допты қайта лақтыруы тиіс. Ал «От» сөзін естігенде допты ұстап алып. Үндемй, арқасымен жүргізушіге бұрылуы қажет. Балалар жауаптарын шатасып немесе кешігіңкіреп айтса, қолдарын жоғары көтеріп, жүргізуші келіп допты қайта бермейінше сол орнында қатып тұрып қалулары керек.

 

Егер... не болар еді?

Мақсаты: қарапайым себепті байланыстар мен қарым-қатынастарды таба білуге үйрету.

Құралдар: заттық түрлі суреттер.

Ойын барысы:

«Егер... не болар еді?» ойынында қоршаған ортаның «күн, ауа, су) қарым-қатынасы туралы жұмбақтар жасырылады.

«егер күн болмаса не болар еді? «)Үнемі қараңғы, қорқынышты болады....)

«Егер су болмаса не болар еді?» (Шөптер қурайды, қатты шөлдейміз, т.с.с.)

«Егер ауа болмаса, не болар еді?» (тыныс ала алмаймыз, т.б,)

 

Дамытушы жаттығу

Артық сөзді тап: Күн,су,жылу,өзен, шомылу, қар

Өз жауабыңды түсіңдір.

 

Ойлау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

Сөздерді топтарға бөлейік:

  • Тері, 2) Тіл; 3) Құлақ; 4) Көз.

Суық,ащы,қатты,ыстық,тыныш,қараңғы,тәтті,үнді.

 

Толқиды теңіз

(Бұл ойынды сазды әуенді пайдаланып жүргізуге болады)

Жүргізуші даусын көтере сөйлейді:

-Толқиды теңіз-бір!

-Толқиды теңіз-екі!

-Толқиды теңіз-үш! (Теңізді толқынды бейнелейді)

Теңіз толқыны тоқта!

Осы кезде әуен тоқталып, «толқындар» орындарына сол кейіпте қозғалмай тұрып қалады. Жүргізуші толқын арасында жүріп, айнала берген кезде «бір толқын» кейпін өзгертеді. Егер жүргізуші «толқынның» өзгергенін байқаса, бұрыңғы кейпін есіне түсіріп айтып берсе, екеуі орын ауыстырады. Дұрыс айтпаса, жүргізуші орнында қала береді.

 

Қажет сөздерді ойла

Мақсаты: балаларды сөздерге қатысты тиісті тіркестерді таба білуге үйрету.

Ойын барысы:

Балаларға сөздер ұсынылады. Мәселен: су,өзен,теңіз. Әр сөзге сәйкес тіркестерді ойлап табуы қажет. (Теңіз-терең, көк, т.с.с. Су-сылдыр, мөлдір, таза, т.с.с. Өзер –үлкен,көк, лай, т.с.с.)

 

Релаксацияға арналған жаттығулар

Балаларға кілемшенің үстінде денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жұмып жатуды ұсынады. Өздерін құмның үстінде, күн шуағында қыздырынып жатқандай сезінеді. Педагог балаларды парақ қағазбен желпіп өтеді, ал балалар оны жылы желдің лебі еркелетіп жатқандай елестетеді. Балалар өздерін жақсы сезініп, көтеріңкі көңіл күйге енеді.

 

Қырықаяқ (1 нұсқа)

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға, бір және бірнеше шеңбер бойына түзу сызық бойымен тұра білуге үйрету.

Ойын барсы:

Жеңіл ырғақты әуен ойнайды. Балалар бір-бірінің соңынан тізбектеле, залға кіреді. Педагог: «мен сендеге бүгін қырықаяқ туралы әңгіме айтып беремін. Оның көптеген тату аяқтары болыпты. Егер аяқтарының бірі шалынысып, шатасып кетсе, өзгелері аған күлмей, керісінше көмектесіпті. Өйткені олар өзгеге көмектессе, олар да өз кезегінде көмектесетінін біледі екен. Қырықаяқ қыдыруға шығыпты».

Педагог қырықаяқтың  басы, түзу сызықтың соңындағы адам-оның құйрығы, ал қалған балалар тату-тәтті «аяқтары». Педагог ең алдында тұрып, «қырықаяқты» қыдыруға байтайды. Ол иректеліп жүріп, залды айналып шығады. Орындықтардың арасынан өтіп, аяқ ұшымен, өкшемен жүріп секіреді, т.б,

 

Қырықаяқ (2 нұсқа)

Мақсаты: баланың ішкі жағдайын түсінуге ұмтылу.

Ойын барсы:

Қисыл-қозғалыс бағытын орындау. Мысалы қырықаяқ  орманда қыдырып жүріп, иіріліп асып-тасып ағып жатқан бұлақты көріп қуаныпты. (Барлық қыздар залдың сол бөлігіне түзу сызық бойына тұрады-бұлаққа ұқсап сыңғырлап күліп, жүргізушінің соңынан ілеседі). Ал тауда күшті әрі ағынды өзен ағып жатыпты. (Ұлдар залдың оң бөлігінде тұрады).

Жазықта ағып жатқан бұл екі су қосылып, үлкен көлге айналыпты. Ол үлкен, күшті, кең арналы болыпты. «Балалар алдымен үлкен шеңбер, содан кейін кішкентай екі шеңбер құрады).

 

Қуаныш

Мақсаты: балаларды бір-біріне қуаныш сыйлауға үйрету.

Ойын барысы:

Балаларға әуен ырғағымен екі қолдарын бүйірлеріне таяп, еркін, түзу тұру ұсынылады. Педагог балаларды көргеніне қуанышты екенін айтады. Содан соң оң қолымен жүрегінің тұсына қойып, қуаныш сыйладйы. Дәл осылай сол қолымен одан кейін екі қолын кеудесіне қойп тілегін жайғастырады.

Осындай қимыл барысында ішкі тербелістерді байқайды. Барлығы осы қимылды қайталайды. Олар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып, айналасын қуанышқа бөлейді.

 

Күншуақ

Мақсаты. Жақсы көңіл күй сыйлау, баланың өз көңіл күйін түсініп, аған баға беруге үйрету.

Ойын барсы: Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңдң жағажайдамыз деп сезініңдер. Күн жарқырап, сәулесін төгіп тұрү Күн шыағының жылулығын қабылдаңдар.

 

Азат тіс дәрігерінің қабылдауында

Мақсаты: баланы суреттегі оқиға желісі бойынша құрастыра білуге баулу.

Құралдар: суреттер.

Ойын барысы:

Балалар суретті мазмұны бойынша рет-ретімен орналастыруы қажет.

 

Балаларға жаттығулар орындау ұсынылады

 

«Тіс тазалау»

  1. Тістің сыртқы жоғарғы жағын тазалау. Тіс щеткасы қызыл ет бойымен (жоғары-төмен) қозғалады. Қозғалыс жоғарыдан төмен, кейін төменнен жоғары қайталанып отырады.
  2. Әр тістің шайнау бетін тазалау. Щетканы алға және артқа қозғалту.

3.Щетканың ұшымен тістердің ішкі жағын дөңгелете қозғалту арқылы тазалау.

 

Көзге арналған массаж

Көзге арналған массаж-көздің көру қабілетін қалпына келтіруге және көз ауруының алдын алуға арналған жаттығу.

  1. Уқалау қан айналымын күшейтеді, көз бұлшықет тарамдарының зат алмасуын жақсартады, көз бұлшықетін нығайтады.
  2. Үш саусақпен маңдайды дөңгелете уқалап, самайға қарау ауысу. Уқалаудың алдында және кейін маңдайды сипалау.
  3. қабақты үш саусақпен баса отырып, самайға қарай уқалай жылжу.
  4. Басбармақ пен сұқ саусақтың көмегімен қасты қысып ақырындап тартып, біртіндеп жібереміз. Кеңсіріктен (мұрвнның екі көз ортасындағы қыры) самайға қарай шымшылайды.

5.Екі саусақпен (сұқ және ортаңғы) самайды дөңгелете тура және кері бағытпен уқалау. (3-5рет)

  1. Жақтың жоғары жағын самайға қарай баса отырып уқалау. (3-5 рет)

7.Самайдан жақтың төменгі жағына қарай уқалау (3-5 рет). Көз алмасын баспау керек.

  1. Ортаңғы саусақпен самайдың үстіңгң жақтауларын басу. (5-6 рет)
  2. Көздің айналасын дөнгелете отырып уқалау.
  3. ортаңғы саусақты шанышқы кейпіне келтіріп, құлақтың айналасын уқалау.
  4. Басбармақ пен сұқ саусақ арқылы құлақтың ұшынан жоғары қарай уқалау.

 

Көз жаттығу.1

  1. а) Жоғары қарау.

ә) Төмен қарау.

б) Оң жаққа қарау.

в) Сол жақа қарау. (3-4 рет қайталау)

  1. а) Жоғары қарау.

ә) Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.

б) Жоғарыдағы жаттығуды керісінше қайталау.

  1. Төмендегі жаттығуларды түрегеп тұрып, басты қозғалтпай орындау керек:

а) Көзбен қадағалай тұрып, жартылай бүгіліп, ойыншық ұстаған оң қолды жанынан көз алдына әкелі.

ә) Ойыншықты оңнан солға ақырын жылжытып, оны көзбен қадағалау..

б) Жоғарыдағы жаттығуды керісінше қайталау.

 

Затты дыбысына қарай таны

Мақсаты: есту арқылы қабылдауын дамыту. Затты дыбысына қарй ажыратуға үйрету.

Құралдар: заттар салынған қорап «қағаз, қоңырау, балға, екі тас, сылдырмақ, ысқырық, сөйлейтін қуыршақ, т.с.с.)

         Ойын барысы:

Балалар шеңбер құрып отырады. Педагог қораптан түрлі дыбыс шығаратын заттарды алып шығады. (қағаз, қоңырау, балға). Балалар заттарды көріп, олардың қалай дыбыс шығаратынын тыңдайды. Біреу шеңбердің сыртына қорапты алып шығып, көрсетпей, оның ішіндегі заттардың біреуінің дыбысын шығарады.

Шеңбердегі балалар дыбысты тыңдап, қандай зт екенін анықтайды. Бәрі шыдамдылық танытып, кезек-кезек жауап беруін қадағалау керек.

 

Иісіне қарай ажырат

Мақсаты: таныс заттарды иісіне қарай ажырату.

Құралдар: апельсин, сарымсақ, алма, қияр, қарбыз, т.с.с.

Ойын барысы:

Балаларға көздерін жұмып, таныс иісті ажыратуын ұсынады.

Педагог баланың мұрнына аманың бөліндісін иіскетіп, ненің иісі екенін сұрайды. Егер ажырата алмаса, дәмі арқылы анықтатып байқауға болады.

 

Күлкі

Мақсаты: балаларды бір-біріне көңіл күй сыйлауға үйрету.

Ойын барысы:

Балалар бір-біріне қарап, ыңғайланып отырады. Бір-бірінің жүзіне тура қарап, жымиып күледі. Мұндай әрекет күн ұзаққа көңіл күйлерінің жақсы болуына әсер етеді.

 

Кім еліктіре күледі?

Мақсаты: өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкі рөлінің маңызы жөнінде түсінік беру.

Ойын барысы:

Педагог балаларды шеңбер құрып отырғызып, ертегі айтып береді: «Бір елді Күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі Күлегеш ханым және оның бірнеше күлдіргіш балалары болыпты. Бұл өмірде сүретін адамдар ешқашан ренжуді білмеген, ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны құрметпен қарсы алып, одан өзінің болған елдері туралы әңгімелеп беруін сұрайды. Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттңрде қауіпті ауру барын адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді. Бұл түні ханның отбасы ұзақ  уақыт көз ілмей, қалай көрші мемлекеттерге көмектесудің жолын қарастырады. Ертеңгісін Күлкі хан мен Кулеген ханым екеуі күлдіргіш балаларын шақырып, жолға дайындайды, яғни, олардың мақсаты көрші мемлекеттердің көңілдерін көтеріп, күле білуге үйрету. Күлдіргіш әлемдегі барлық жерде болып күлкіні таратқан соң, адамдар көңілдерін көтере бастады. Жылына бір рет қана олар өздерінің сарайына  оралатын болған. Нәтижесінде адамдар шын ниетімен күлуге үйренді.

Педагог күлкі мейрамын ұйымдастырып, барлық адамдарды қуана білуге шақырады, мейірімді күле білуді үйретеді.

 

«Күлкі» жаттығуы

Балалар айнаға қарап, әдемі, мейірімді күлкіні бейнелейді (1 минут). Педагог бұл жаттығудың күніне бірнеше рет орындау қажеттігін түсіндіреді. Бірақ бұл жәй нәрсе емес, егер сендердің көңіл күйлерің болмаса, дұрыс күлкі болмайды. Осындай кезде айнаға қарап (10 секунд) өз бет әлпетінің күйін бақағың келсе, қайта күлкің келіп, біраз жеңілдейсің. Күлкі қоршаған ортаға әсерін тигізеді.

 

Актерлер

Міндеті: өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің рөлі, оның маңызы жөнінде түсінік беру.

Ойын барысы:

Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы –актерлер, педагог– көрермен.

Педагог кімді бейнелеу керектігін ұсынады:

–Күзгі бұлт.

–Ренжіген адам.

–Қатыгез сиқыршы тәрізді қатулан.

–Күнге қараған мысық.

–Күн.

–Айлакер түлкі.

–Қуанышты бала.

–Сен күнді көріп тұрған сияқты күлімде.

–Балмүздағын жерег түсіріп алған бала.

–Көпірдегі екі ешкі тәрізді ашуланыңдар.

–Жұмыстан келегн ана.

–Ауыр жүк көтерген адам.

–Үлкен шырпы тасыған құмырсқа тәрізді шарша.

–Орманда адасып жүрген бала.

–Қасқырды көрген қоян.

–Ит қуып жүрген мысық тәрізді қорқыңдар.

–Ауыр арқақоржынын шешіп қойған турист.

–Анасына үйді жинауға көмектескен бала тәрізді демал.

–Сендер осы кейіпкерлердің өздерін қалай сезінгенін сезініңдер. Бір–біріңе қарап, өздерінің көршілеріңе осы жағдайларды жеткізе біліңдер.

 

Екі мемлекет

Мақсаты : өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің рөлі, оның маңызы жөнінде түсінік беру.

Ойын барысы:

Педагог балаларды екі топқа бөліп, ертегі айтып береді: «Ерте екі көрші мемлекет болады. Біреуіңде көңілді ададмдар мекендепті, олар көп күлетін және әзілқой болған, жиі мерекелер өткізген. Екіншісінде көңілсіз адамдар мекендепті, олар күнде қайғылы нәрселерді ойлап, көңілсіз күн кешті. Көңілді мемлекет тұрғындарын өздерінің көңілсіз көршілерінің жайы толғандырып, қалай көмектесуді ойластырады. Бір күні олар көңілсіз ел тұрғындарына өздерінің көңілді күлкілерін жұқтырмақшы болды». Педагог сол қол жағындағы балаларға көңілсіз адамдардың рөліне еніп, көңілсіз нәрселерді естеріне түсіріп көруді ұсынады.

Ал енді көз алдарыңа көңілсіз адамдар өздерін қалай сезінетінін елестетіп көріңдерші.

Педагогтың оң қол жағындағы балалар өздерін қалай сезінетінін елестетіп көріңдерші.

Педагогтың оң қол жағындағы балалар көңілді тұрғындар болады. Олар қайғыруды білмеген және өмір бойы күліп жүрген. Көңілді адамдардың міндеті – өздерінің күлкісін көңілсіз адамдарға жеткізе білу.

Бір–бірлеріне қарама–қарсы тұрып, көңілді адамдардың күлкісін жұқтырған көңілсіз адамдарға педагогтың оң жағына ауысады. Олар өз достарымен күлкісін бөліседі.

 

Ұлдар мен қыздар

Мақсаты: балаларды өзін–өзі жақсы жақтарынан ғана ойлап айта бітуге үйрету.

Ойын сипаты:

Педагог балалармен шеңбер құрып отырады. Әр бала кішкене кідірістен соң, кезек–кезек нені жақсы көретінін, нені бағалайтынын және оған сенімділің сезімен қараудағы өз бойындағы жақсы жақтарын айтып өтеді. Мұнда әр баланың өз бойындағы жақсы жетістіктерін жасырмай, ұялмай жеткізіп айтқаны абзал.

Баланың жақсы жақтарымен қатар бойындағы кемшіліктерінен де дер кезінде арылуға жағдай туғызу қажет. Ондай жағдайда, педагог балаға үнемі өзін–өзі сынау арқылы жағымсыз жақтарынан арылуға көмек бере алады.

Соңында педагог балалармен олардың бойындағы қалыптасқан ерекше сапалы жақсы жақтарын айтып, қорытындылайды. Сонда ғана олар және айналасындағылар өте жақсы өмір сүре алады. Өз бойына жақсы дағды қалыптастыру –бұл өмір сүру мәдениеті.

 

Менің атым

Мақсаты: баланың өзіне деген жағымды қатынасын қалыптастыру.

Ойын барысы:

Жүргізуші сұрақтар қояды. Балалар шеңбер бойымен жағалай жауап береді.

–Саған өз атың ұнай ма?

–Сен өзіңді басқаша атағанды қалар ма едің? Қалай?

Балалар жауап беруден қиналған кезде жүргізуші олардың атына лайық еркелеткен бірнеше атауларды айтады. Ал балалар өздеріне ұнаған атты таңдап алады.

Мысалы: Мұрат–Мұратай, Мұраш; Сәкен–Сәкентай, Сәкеш,  т.б.

 

Досыма сыйлық

Мақсаты: затты сөз көмегімен сипаттап беру іскерліктерін дамыту.

Ойын барысы:

Балалардың бірі туған күн иесіне айналады. Өзге балалар әкелген сыйлықтарын сөз көмегімен пайдаланбастан сипаттап ұсынады.

 

Байланыстырғыш жіп

Мақсаты: басқа адамдармен жақындық сезімін қалыптастыру.

Құрал: жіп орамы.

Ойын барысы:

Балалар дөңгелене жайғасып, бір–біріне жіп орамын жібереді. Сол кезде өздерін қалай сезінетінің, өзіне және жанындағы досына не тілегісі келетінін айтады. Қиналған балаларға жүргізуші көмектесіп,жіп орамын бірнеше рет домалатады. Жіп орамы жүргізушіге қайтып келгенде балалар жіпті тартып, көздерін жүмып, өздерінің біртұтас екендіктерін сезініп, әрқайсысы өзінше маңызды, мағыналы тұлға екендігін сезінеді.

 

Не қайда өседі?

Мақсаты: жемістер мен көкөністердің бақта және бақшада өсетіні туралы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрімендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету.

Құралдар: фланелеграф, панно, бақ және бақшада салынған суреттер, жемістер пен көкөністер жиынтығы.

Ойын барысы:

Педагог фланелеграфқа балалармен бірге жемістер мен көкөністер атын және оның құрамындағы дәрімендерді естеріне түсіріп, бақ және бақша суреттеріне апарып,жіктеп іледі.Содан кейін үстел үстіне жемістер мен көкөністердің суреттерін араластырып қояды. Балалар әрқайсысын өсетін орнына қарай панноға орналастырады.

 

Жасауға тиым салынатын қимылдар

Мақсаты: балаларды зейінді болуға үйрету.

Ойын барысы:

Балалар жүргізуші жанында жартылай шеңбер бойна тұрады. Олар кей қимылдарды жасауға өзара тыйым салуға уәделеседі. Слдан соң әуен ырғағымен жүргузіші ойын барысында тыйым салынған қимылдарды да көрсетіп отырады. Балалар мұндай тыйым салынған қимылдарды қайталамауы керек. Байқамай қайталап қойған бала ойыннан шығады.

 

Суретіне қарап тиісті құралдарды жина

Мақсаты: Дәрігер Салауат пен Орман дәрігер (Айболит) құралдарының атап, жіктеу, салыстыра білу дағдыларын дамыту.

Құралдар: Дәрігер Салауат пен Орман дәрігерінің суреті салынған екі бірдей қорапша және оларға қажетті құралдардың суреті (спортқа және емделуге қажетті құралдар).

Ойын барысы:

1-бөлім: Бала жұмыс үстеліне қорапшаларды әкеліп, ішіндегі заттарды тізбектеп қояды. Олар өздеріне таныс заттарды тізбектеп қояды. Олар өздеріне таныс заттарды атауы тиіс, егер атын білмесе, педагог көмектеседі.

2-бөлім: Бала қораптағы затардың атын біледі. Оны үстелге әкеліп, ішіндегі құралдарды ретсіз  қояды. Заттардың атын атап, дәрігер Салауат пен Орман дәрігерінің қорапшаларына тиістілерін жинақтайды.

 

Жүрегім дұрыс соқсын десең

Мақсаты: балаларды жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға үйрету.

Ойын барысы:

Терең тыныс алу, дем шығару, босаңсу (жеңіл, жайлы әуен естіліп тұрады).

 

Қуыршақты емдеу

(Ойынды мейірбикенің қатысуымен өткізген дұрыс).

Мақсаты: балаларды жарақатты дұрыс емдеуге үйрету, олардың алғашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар туралы білімдерін бекіту.

Құралдар: қуыршақ, алғашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар.

Ойын барысы:

Әр бала алдында қуыршақты алып, емдей бастайды. Емдеу кезінде қажетті заттарды пайдаланып, оны атап және дұрыс емдеу жолын айтады:

-жарақатты жуу;

-таза сүрткішпен құрғату;

-айналысындағы теріні йод ертіндісімен сүрту;

-қажеттілігіне қарай дәкемен орап таңу.

 

Әр заттың өз орны бар

Мақсаты: әр заттың қажеттілігі, өзінің атқаратын қызметі және кеңістіктегі орны жайлы түсініктерін бекіту; балалардың заттарға деген ұқыптылығын, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Құралдар: киім-кешек, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жеке бас гигиенасын сақтауға арналған заттар.

Ойын барысы:

Педагог балаларды төрт топқа бөліп, қораптағы заттарды қарастырады. Содан кейін балалар заттарды өзінің қызметіне, өажеттілігіне қарай топтастырып, бөлім алып, тиісті өз орындарына орналастыруы қажет.

Педагог балалардың заттарды мұқият, ұқыптылықпен жинауын қадағалайды.

 

Адамның дене құрылысы

Мақсаты: адамның дене құрылысымен танысу. Сөздерге қарай ажыратуға үйрету.

Құралдар: қорапта киімсіз жатқан ойыншық қуыршақ, адамның дене (ішкі) құрылысының аты жазылған немесе суреті салынған (бас, қол, аяқ және ішкі құрылысы)желімдеуіш қағаз.

Ойын барысы:

Бала қораптан қуыршақ алып, жазылған сөздердің біреуін оқып (педагогтің көмегімен) немесе суретіне қарап, оны қатысты дене мүшесіне, ішкі ұүрылысына жапсырады. Ол барлық дене мүшелерін немесе ішкі құрылыстарын жапсырып бітпей, ойын аяқталмайды.

Түсініктеме: Адамның дене құрылысын  немесе ішкі ағзасын білуде бала өз-өзімен ойнауға болады. Бұл ойында бала дене мүшелерін сипап сезу арқылы өзін нақты тануға мүмкіндік алады. Өздері оқи білетін немесе суреттері арқылы адамның дене мүшелерін және ішкі құрылысының нақты бөліктерін көру арқылы бейнелей біледі. Балалар бұл ойынды жеңіл және белсенділікпен қабылдайды. Кейіннен ойынды жұп болып, қызуғышылықпен жалғастырады.

 

Біз сенімен қандаспыз

Мақсаты: қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Ойын барысы:

Балалар бірнеше топқа бөлініп, ағаш, жабайы аң, құс, балық, гүл сияқты  түрлі тіршілік иелерінің рөлдеріне енеді.

Педагог:

-Айтыңдаршы, сендердің қайсыларыңа адам: «Біз сенімен қандаспыз» деп айта алады?

Педагог бұл Мауглидің паролі екендігін түсіндіреді. Адамдар ғаламшардағы барлық көршілеріне: «Біз сенімен қандаспыз, сен және мен» деп айта алады.

Тіршілік иелерінің барлығын өзіңнің туысың сияқты аялап, қамқор болу керек.

 

Өзіңді ата

Мақсаты: өзін ұжымға, қатарластарына таныстыра бітуге үйрету.

Ойын барысы:

Балаға өзін таныстыру ұсынылады, өзінің атын атау, үйінде, топта өзін қалай атаған ұнайды.

 

Еркелетіп ата

Мақсаты: бір біріне жақсы қарым қатынасқа баулу.

Ойын барысы:

Бала сүйікті құрбысын еркелетіп атап доп лақтырып немесе ойыншық беру ұсынылады.

 

Сиқырлы орындық

Мақсаты:балаларды мейірімділікке, бір біріне жылы сөздер айта білуге үйрету.

Ойын барысы:

Бір бала ортаға қойылған «сиқырлы орындыққа» отырады. Өзгелері ол туралы жылы сөздер немесе жеке басының жақсы жақтарын айтады. Отырған баланың басынан, иығынан сипап, құшақтап, бетінен сүюге болады.

 

Ым (пантомимо)

Мақсаты: балаларды ым арқылы түсінісуге үйрету.

Ойын барысы:

Үлкендерге және бауыр қарындастарына деген қарым қатыстарын ым арқылы көрсету.

 

Отбасының географиялық картасы

Мақсаты: отбасы, қала, облыс, мемлекет жөніндегі білімдерін кеңейту.

Құралдары: адамның пішіндері (анасы, әкесі, баласы), үй (үлкен пішінде), түстері басқа бірнеше үйлер, «қала» деп жазылған қатты қағаз. Қатты қағаздың көлемі бірте бірте үлкейтіліп, «Облыс», «Қазақстан» және «Республика» деген жазулармен белгіленеді.

Ойын барысы:

Педагог, баланың ата-анасымен бірге өмір сүретінін, ал үйдің ауылда, қалада, облыста, облыстығ Қазақстан елінде орналасқанын түсіндіреді. Содан кейңн бала өз отбасының географиялық картасые құрастырады.

 

Мән бәрінен де әдемімін

Төмендегі сөздерді сеніммен қайтала:

-мен ақылдымын.

-Қиындықтан қорықпаймын.

-Мен әдемімін.

-.Мен ұзақ өмір сүремін.

-мен ақылдымын.

-Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.

-Мен барлық туыстарымды жақсы көремін.

 

Түрлендіру

Мақсаты: балаларға заттарды, жануарларды бет қимылы, ымдау, дененің ырғақты қимылының көмегімен бейнелеуге үйрету.

Ойын барысы:

Балалар кезекпен қандайда бір бейненің атын атамастан, қимылмен, ыммен көрсетеді. Өзге балалар нені бейнелеп тұрғанын тауып, сөзбен суреттейді.

 

Менің сүйікті ойыншығым

Мақсаты: бір-бірін тыңдай білу іскерліктерін дамыту; сүйікті ойыншықтарының көңіл күйін, өмірін, тәртібін суреттеп айтуға үйрету.

Ойын барысы:

Балалар қандай ойыншықты сипаттайтынын таңдап, атын атамай, ол туралы әңгімелейді. Өзгелер шешеді.

 

Ата-аналарға арналған сауалнама

Мақсаты: Педагогқа баланың ерекшелігін анықтауға көмектесу (іскерлік және дағдыларын, әдемілікті ажырата білуін қалыптастыру).

  1. Күніне балағызға қанша уақытыңызды бөлесіз?
  2. Отбасыңызда қандай мерекелер және дәстүрлер аталып өтеді?
  3. Балаңыздың сүйікті ойыншығы және қандай ойындар ойнайды?
  4. Үлкендер баламен қандай ойындар ойнауға болады?
  5. Отбасыңызда баланың бос уақыты қалай өтеді?
  6. Баланы кім (ата-анасы әлде апасы) тәрбиелейді?
  7. Баланың компьютермен, теледидармен қатынасы?
  8. Балаңыз неден қорқады?
  9. Балаңыздың сүйікті кітабы қандай?
  10. Сурет сала ма? Немен салады (субояқ, қарындаш, фломастер)?
  11. Аға, іні-қарындастары бар ма? Олармен қатынасы қандай?
  12. Достарымен ше?
  13. Отбасыңызда тірі табиғат бұрышы бар ма? Оларға үлкен-кішінің қарым-қатынасы қандай?
  14. Балалар тәрбиесі жөнінде көтерілген мәселені отбасында кім шешеді?
  15. Не үшін осы балабақшаны таңдадыңыз?
  16. Жауабыңызға рақмет!

 

Ата-аналарға арналған сауалнама

 Оқу жылының басында алынған сауалнама пдогогтің баламен атқаратын жұмысында қате жібермеуіне көмектеседі.

Өз балаңыз туралы не айтасыз?

  1. Ата-тегі, аты_____________________________________

Туған күні: _____________________________________

  1. Балаңыздың қандай өнері бар?
  2. Немен шұғылданғанды жақсы көреді?
  3. Балаңыздың жұмысқа ынтасы қалай?
  4. Қай қолымен жұмыс істейді?
  5. Әңгіме айтқанды ұната ма, ертегіні, мультфильмді, көрген киносын әңгімелеп айта ала ма?
  6. Дыбысты дұрыс айта ала ма?
  7. Қандай дыбысты айта алмайды?
  8. Балаңыз қалай тамақтанады?
  9. Қалай ұйықтайды?
  10. Достарымен қандай қарым-қатынаста?
  11. Топпен немесе жеке ойнағанды ұната ма?
  12. Мектепке дейін жиі ауырды ма? Созылмалы ауруы бар ма?
  13. Өз балаңыздың тәртібі мен мінезінде қандай өзгешілікті көріп жүрсіз?

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив