Алғашқы қоңырау — 1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Алғашқы қоңырау - 1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Алғашқы қоңырау — 1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Бүгін 1-қыркүйек Білім күні,
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

I-жүргізуші:

Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

II-жүргізуші:

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

1-оқушы:

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

2-оқушы:

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

3-оқушы:

Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен.

4-оқушы:

Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

5-оқушы:

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

6-оқушы:

Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.

7-оқушы:

Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

8-оқушы:

Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.

9-оқушы:

Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.

Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып, 2а сынып оқушысы Джумалинова Дана «Ертегілер» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

«Ертегілер» әні

I-жүргізуші:

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1-сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстаздарға береміз. Құрметпен ортаға 1а сынып жетекшісі Баян Бакиқызын шақырамыз.

II-жүргізуші:

Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1ә сыныбының ата-анасы Батыргужинова Ботагөз Кожаханқызын ортаға шақырамыз.

I-жүргізуші:

Күтіп тұр, алда сан қызық,
Асулар асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамдарыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан,
Таудай бір болсын талабың! – келесі әсем би өздеріңе арналады. Орындайтын 3б сынып оқушысы, Испания, Турциядағы халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Джамбо» тобының бишісі Аманжолова Айгерим қабыл алыңыздар.

II-жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.

(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)

I-жүргізуші:

Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.

II-жүргізуші:

Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.

  • 1-а сыныбы сынып жетекшісі Жұманбаева Баян Бакиқызы
  • 1-ә сыныбы сынып жетекшісі Балтабаева Кенжегүл Айдарханқызы
  • 1-б сыныбы сынып жетекшісі Баймульдинова Альфия Иранқызы
  • 1-в сыныбы сынып жетекшісі Жакупова Ажар Ерболатқызы
  • 1-г сыныбы сынып жетекшісі Журсунова Мадина Маратқызы

Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.

Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып — тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің

I-жүргізуші:

Осымен 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

II-жүргізуші:

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2024-2025 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.

Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!

Добавить комментарий