Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!

Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұлтымызға тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
  2. Ертеден келе жатқан халық дәстүрін, жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу, баулу.
  3. Шығармашылық, танымдық белсенділігін жетілдіру. Адамгершілікке, инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Наурыз жыл басы» сурет көрмесі, Наурызға қатысты ұрандар, ақ баталар жазылған плакаттар, ою — өрнек, қолөнер бұйымдары. Бұл күні сабаққа ұлттық киіммен келуге болады.

Армысың, әз Наурыз!

Қазақ халқының ежелгі мейрамдарының бірі – Наурыз. Бұл мерекені әрбір мұсылман отбасы үлкен қуанышпен күтеді.

Бұл күнде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар, адамдар бір – бірімен кездескенде:

Наурыз құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Пәле – жала жерге енсін! –

деп құттықтап, ер адамдар қолдасып, төс қағыстырады, ал әйелдер құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездескенде қол алысады.

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар, —
деп, тәрбиелік мәні бар, ата — әжелерінен естіген баталарын еске түсірі:

Көтерейік білекті,
Жырға бөлеп жүректі,
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілейік,
Сүйкімді бол, бал бөбек,
Табыла берсін бар керек.
Ісіңді тағдыр оңдасын.
Қайда жүрсе қалықтап,
Қызыр баба қолдасын.
Жаманнан тәлім алмасын,
Ата – баба дәстүрін
Жаңартсын да жалғасын! –

деген сияқты батаның мазмұны ашылып, батадағы әрбір сөзге мән беру керектігі айтылады.

III тоқсандағы қорытынды сабақ болғандықтан, тоқсан бойына өткен тақырыптарды пысықтау сабақ т.б. ұйымдастыруға болады.

Мақал – мәтел жарысы, жұмбақ, ән жарысы оқушының белсенділігін, талабын, ізденпаздығын, қызығушылығын арттырады.

Оқу, білім, өнер, тілге байланысты мақал жарысында баланың сөйлеу өнерін, мәнерін, тіл ұстартуын дамытып, анна тілімізге құрметпен қарауға тәрбиелейміз.

Мысалы:

  1. Ат жүйрігі асқа,
    Тіл жүйрігі басқа.
  2. Бас кеспек болса да,
    Тіл кеспек жоқ.
  3. Шешен сөз бастар,
    Батыр қол бастар.
  4. Құр судан май шықпайды,
    Құр сөзден мән шықпайды.

«Наурыз келді», «Қазақстан» әндері кең – байтақ дархан қазақ жерін, салтын, тілін, дінін сақтаған, намысын бермеген, бірлігі мол қазақ халқын, егінді даласын, кең қазынасын, байлығын жырлайды. Әдетте туған жер туралы әндер салтанатты, көңілді, жайдары орындалады.

Оқулықтағы түрлі түсті суреттер бойынша әңгіме ұйымдастырып, тақырып мағынасы ашылып, баланың ойлау қабілетін, сөз жүйелеуін дамытып, өз ойын еркі жеткізе білуге үйретеміз.

Сергіту сәті: «Гүлденген алма ағашы» ойыны.

Оқушыларды «Наурыз» және «Көктем» деген екі топқа бөлу. «Көктем» тобына жасыл жапырақтардың, «Наурыз» тобына әдемі гүлдердің суреттері салынған қағаздар таратылады. Бұлардың артына сұрақтар жазылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, гүлдері мен жапырақтарын тақтаға ілінген плакаттағы ағашқа жапсырады. Қай топ мәнді, толық жауап берсе, жеңген болап есептеледі де, марапатталады.

Осындай қызықты ойындар, ребус, сөзжұмбақ шешу, сайыстар баланың тапқырлық пен ойлау қаблетін, шығармашылық ізденіс дағдыларынарттыруға, білімін жинақтауға көмектеседі.

Қорыту: «Ойнайық та ойлайық» ойыны, қоржынындағы сұрақтарға жауап беру арқылы тоқсан бойы өтілген тақырыптарды қайталау.

«Ойын ойнайық» айдарымен берілген тапсырманы орындау барысында оқушының білімі шыңдалады.

Добавить комментарий