Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты:
- Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
- Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
- Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен кеңірек таныстыру, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Құрметті қонақтар, ата — аналар бүгінгі «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекемізге қош келдіңіздер.
«Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы — Наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» «Армысың, Әз-наурыз!»
Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған — деп ақ бата алайық.
Қыдыр-Ата келіп бата береді:
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Ұлыс күні құтты болсын,
Ақ кетпесін таңдайдан!
Ел іргесі мықты болсын,
Бақ кетпесін маңдайдан!
Аллаһу акпар!
Жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық
Ән: «Көктем келді» Балбөбек тобының орындауында
Жүргізуші:
Балбөбек тобы «Бесікке салу» салт-дәстүрін көрсетеді.
Бесікке салу баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Бесік баланың тазалығына, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына себепкер болады. Ендеше «Бесікке салу» дәстүрін тамашалайық.
«Бесікке салу» дәстүрі
Би: Қарлығаштар биін билейді
Жүргізуші:
Балапан тобы «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетеді.
Қаз-қаз тұрған сәбиді
Рухмен бабаның
Бата беріп жебеп ал! деп тұсау кесу салт-дәстүрін көрсетуге «Балапан »тобын шақырайық
«Тұсау кесу» салт-дәстүрі
Жүргізуші:
Қуаныш тобы «Арқан тартыспақ» көрсетеді.
Ойын: «Арқан тартыспақ» ойыны көнеден келе жатқан ойындардың бірі болып табылады. «Арқан тартыспақ» ойыны баланың денсаулығына көп пайдалы, күштілікке, шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Біздін кішкентай сәбилеріміз «Қуаныш» тобының ойынын тамашалаңыздар.
«Арқан тартыспақ» ойыны
Ән: «Наурыз тойы елдің тойы» (хор) Қарлығаш тобы орындайды.
Қарлығаш тобы «Ұлттық ойын теңге алу» ойынын көрсетеді.
Жүргізуші:
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Би: «Көктем»
Жүргізуші:
Жұлдыздар тобы «Қыз қуу» салт-дәстүрін көрсетеді
Ән: «Наурыз» Гауһардың орындауында тыңдаңыздар
Жүргізуші:
Айгөлек тобы «Сүндет той» салт-дәстүрін көрсетеді.
Ата бабамыздың салтымен ер баланы бес жасқа толғанда сүндетке отырғызған екен. Ендеше сүндетке отырғызуды көрейік.
«Сүндет той» салт-дәстүрі
Гүлге орап, жасандырып жусан белін,
Ақтарған арындатып думан селін.
Сіңірген халық салтын қанымызға,
Мейрамның құтты болсын, туған елім!
Ән: Наурыз (хор)
Би: Қара жорға
Жүргізуші:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті.
«Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік іс—шарамыз аяқталды.
Сіздерді наурыз көжеге шақырамыз!