Армысың, әз Наурыз! — мерекелік сценарий

Армысың, әз Наурыз! - мерекелік сценарий

Тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!

Мақсаты: Жалпыұлттылық сананы қалыптастыруға, жеткіншек ұрпақтын бойында биік мәдени-имандылық құндылықтарын тәрбиелеуге, Наурыз мерекесінің халықтық бастау көздерің, дәстүрлерің, тұтас алғанда Қазақстанның тарихи мен мәдениетін құрметтеуге бағдарлайтын, ел бірлігін нығайтуға үндеу болатындай, салт – дәстүріміз бен достыққа берік, сабырлы да төзімді ел екенімізді танытып,  қазақстандық бірегей модельдің сипатына мән беріп, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын – кеңінен насихаттауға бағытталсын.

Армысың, әз Наурыз!

Мерекенің басталуы

Атқа мінген екі бала аударыспақ ойнап жүреді.

1-бала:  Қарашы! Наурызкөк құс! Наурызкөк құс келіпті! Алақай көктем шықты.

/жіпке ілінген екі Наурызкөк құс суреті /қағаздан жасалған/ көрінеді/

2-бала: Қайда? О, Наурызкөк құс! Бұл құсты алғаш кім көрсе, сол бақытты!

1-бала: Екеуміз бақыттымыз, иә?! Апамнан сүйінші сұраймын.

2-бала: Менде атамнан сұраймын.

/жүгіріп кетеді/

Музыкалық номер: Ән «Наурыз»

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ақтарған кең даланың алтын кенін.
Мереке басты болсын берекенің,
Ардақты Наурыз тойды – салтыңды елім.

2-жүргізуші:

Открыта дверь для всех гостей —
Для пожилых и для детей.
Весна навстречу нам идет,
Весна на праздник всех зовет,
Народы самых разных стран
Шлют поздравленья в Казахстан!

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на праздновании весеннего праздника Наурыз. Наурыз-мейрамы — это светлый весенний праздник пробуждения природы, вселяющий веру и надежду на совершение самых светлых и заветных желаний.

1-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болып, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Н. Баймұратов мектеп оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік концертіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Наурыз күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

/қонақтар бір-бірімен көріседі/

2-жүргізуші:

  • Наурыз – это праздник веселья
  • Наурыз – это праздник Весны.
  • Наурыз – это праздник цветенья
  • Наурыз – это праздник любви.

1-жүргізуші:

Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.

/Шашу шашылады/

1-жүргізуші:

/Шашу шашылып жатқанда айтылады/

Той пердесін ашайық
Ұлыс күні қазан толса,
Тойға шашу шашайық
Ол жылы ақ мол болар.
Той шашуға тойыңдар
Ұлы кісіден бата алса,
Бұдан кейін ойын бар
Сонда олжалы жыл болар.

2-жүргізуші:

Мы здесь сегодня собрались,
Чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех,
Пусть радуют сегодня всех!

1-жүргізуші:

Қош келдің, Наурыз.
Наурыз мерекесі құтты болсын!

2-жүргізуші: Наурыз — великий праздник нашего народа, уходящий корнями в глубину веков, возвещающий о начале нового года, праздник единства и благополучия. В этот день считалось обязательным получить благословение от высокоуважаемого человека. Слово предоставляется директору школы.

1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз жыл басы. Күн ұзарып, түн қысқарып, еліміз елжіреп, жеріміз жұмсарып Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түн теңеледі.

2-жүргізуші: По старому летоисчислению этот день совпадал с 22 марта — днём весеннего равноденствия. Казахи назвали этот месяц – Наурыз, что в переводе с персидского языка означает «начало нового года».

Көрініс: Күнмен түннің теңелуі

Күн: Армысың, түн! Барша жер бетіндегі тіршілік иесіне тыныс алдырып, жаңа әлемдегі жаңа жас Қазақстанның дамуына қосар азамат баласымен тыныштыққа қауышу бақытың құтты болсын! Ортамыз өзіңмен ажарлансын!

Түн: Армысың, күн! Тылсым тыныштыққа жатсам да, жер бетіндегі тіршілік иелерінің тіршілігінен хабардармын. Өзің айтқандай елбасының жолдауындағы халқымыздың тұрмыс — тіршілігін, әл — ауқатын көтерудегі оң қадамдары менің де қуанышым, сондықтан ашық аспан аясында жүздерінен бақыт нұры төгілген халқымды өзіңмен құшақ айқастыра тұрып, құттықтағалы келдім.

Екеуі құшақтасып төс қағыстырады (көңілді музыка ойнап тұрады)

Жер ана: Уа халқым, күн мен түнің теңеліп, ортамызға келгені құтты болсын! Менде қалың ұйқымнан оянып, жан дүнием бусанып, өздерінің ырзық несібелеріңді, өндіретін мерзімнің келіп жеткеннің хабардар еткелі алдарыңа келіп қалдым.

Күн: Жер ана! Түн бауырым өз ұясына қонғалы өзіңіздің рұқсатыңызды күтіп тұр.

Жер ана:  Алдың тұнық, тынысың тыныш болсын! Қазағымның әр үйінде күнделетіп той болсын!

/үшеуі кетеді/

1-жүргізуші: Наурызды қарсы алу мерзімі Күн мен Түн, Қыс пен Жаз тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойлануы тегіннен тегін емес. Осыған орай ата-бабаларымыз Табиғат пен Қоғам, Ел мен қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың ара қатынастында ТЕПЕ-ТЕҢДІК  сақталуын талап еткен.

2-жүргізуші: Наурыз – праздник добра, весны и чистоты. Праздник Наурыз символизирует равенство людей, свободу, демократию, праздник уважения к старшему, любви к младшему.

Қыдыр ата батасы

1-жүргізуші: Ұлы күнде жастар өзінің игілікті істерін көрсетіп қариялардан бата алады. Халық аңызы бойынша, Қыдыр ата барлық босағаны аттап, тқрге шығып, бақыт, мерей, қуаныш әкеледі, жақсылық шашады.

2-жүргізуші: Самая особо важная традиция на востоке в Наурыз – ждать Кыдыр ата, именно он воздаст по заслугам, честным и добрым, трудолюбимым и благородным людям. Достаток и изобилие, счастье и благополучие, здоровье и процветания – все это принесет с собой Кыдыр ата. И получить напутственные слова в канун Наурыз мейрамы считается за счастливую примету. И сегодня Кыдыр ата пришел к нам, давайте поприветствуем его.

Қыдыр ата: Армысындар, жамағат!

Жаңа жыл бақыт жылы болсын,
Күніміз ұлысты болсын.
Жеріміз ырысты болсын
Дастарқаның мол болсын
Абыройың зор болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлысты бақты болсын
Қайда барса жол болсын!
Еліміз, жеріміз тыныш болсын!
Тәуелсіздігіміз берік болсын!
Әумин

Көрініс: Шығайбай мен Алдаркөсе

Шығайбай мен Алдаркөсе шығады.

Шығайбай: Аллам-ау, сақтай гөр! Неменеге қаптап кеткен мына жұрт?

Алдаркөсе: Наурызды қарсы алуға келген ғой, біз де жақындайық, бай-еке!

Шығайбай: Тағы да спонсор бол, көмектес дер бұлар. Шығайбайдың малын шашпақ қой ойлары. Кетейін, көздеріне түспей тұрғанымда.

Алдаркөсе: Оу, Шәке, қайда бара жатырсыз, жылыстап. Бүгін той, көктем мерекесі, ел мерекесі емес пе, көппен бірге болмаймыз ба?

Шығайбай: /өзіне/ Бұл Алдар деген пәле тағы қайдан тап болды өзі? Алдаржан, шеттен әкелген тауарларым  бар еді, өтпей жатыр, сонда барайын, бір табын малымның ақшасын салып едім оған.

Алдаркөсе: Бүгінгі мерекенің құрметіне тауарлар 30 пайызға арзандап сатылсын деген жарлық шыққанын естімеп пе едіңіз? /қуланып/

Шығайбай: Тек! Шоқ түссін тіліңе. /жылайды/ Ой, қайран малым – пұлым-ай, қор болатын болғаны ма?

Алдаркөсе: Сеңбесеңіз ана налоговый инспектордан сұраңыз.

Шығайбай: Ойбай, оған жолығып басыма пәле тауып қайтейін, тез кете қалайын /қашып кетеді/

/Құмалақшы апай шығады/

1-жүргізуші: Қараңызшы, құмалақшы апа кетіп барады. Құмалақшы апа, құмалағыңызға не түсті, айтыңызшы! Жыл қалай болады. Не сөйлеп тұр құмалағыңыз?

Құмалақшы апа: Елдің босағасы берік, қоржынының екі басы тоқ. Жолы ашық, бөгет жоқ. Көңілі алаңсыз, орнықты. Еңбек еткен адамға жайлы жыл болады, қарағым. Ұры қарының жолы тартылады, сұғанақтың қолы, өсекшінің тілі кесіледі. Жерге түскен дән түгелдей өнеді. Биыл біздің ауылда ерекше тоқтық болайын деп тұр.

2-жүргізуші: Рақмет, апа, рақмет. Міне, орамалыңыз. /орамал береді/

Наурыз көже – Наурыз мейрамының символы

1-жүргізуші: Наурыз көже – Наурыз мейрамының символы. Ендеше Наурыз тойымыздың көжесіз сәні болмас. Көже 7 түрлі тағамнан жасалады. Оның мәні — жаңа жылда тойымшылық, молшылық болсын деген ұғымды білдіреді. Оның құрамына — айран, сүт, құрт, ірімшік, су, тұз, соғымнан қалған сүр ет т. б тағамдар қосылады.

2-жүргізуші: На Наурыз в любом доме готовилось блюдо, которое называлось «Наурыз – коже» — специальную праздничную пищу из семи продуктов. Смешивают в нем – свежую голову барана с вяленым мясом с прошлого года, добавив свеженадоенное молоко. Это представляет собой символ начала нового года и прощание со старым годом. И вот  сегодня нам принесли Наурыз коже.

/келіндер шығып Наурыз көже таратады/

Аластау рәсімі

2-жүргізуші: С древних времен сложилось поверье, что в жилищах людей водятся нечистые силы, приносящие вред человеку. Поэтому, перед праздником наурыз, проводился обряд “аластау” – очищение дома от всякой нечисти. “Алас” – ночной свет, священный огонь.

Старики рассказывают, что выполняла этот обряд самая уважаемая в ауле женщина, обладающая положительными качествами характера. Ей подавали металлическое блюдце, в котором на угольках кизяка дымилась сера, козий или бараний жир. Женщина с этим блюдцем обходила дом со словами, изгоняющими злых духов, призывающими здоровье и добро.

/аластау рәсімі көрсетіледі/

Алас! Алас!
Әр бәледен қалас,
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті,
Айда аман,
Жылда есен болайық!

1-жүргізуші: Адам баласы туғаннан бастап, қазақтың салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп өседі. Ұрпақтарымыздың бойына қазақтың салт-дәстүрлері ежелден сіңген және ғұмыр бойы бірге жалғасып келеді.

2-жүргізуші: А сейчас пришло время окунуться в прошлое нашего народа и показать вам обряд.

Обряд “Шілдехана”

У казахов есть такой обычай “Шілдехана”, когда к женщине, недавно ставшей матерью, приходят родственники, друзья – помогают во всем. Тут же играют на музыкальных инструментах, рассказывают забавные истории, пьют чай.  Праздник начинается так: в дом вбегает мальчик с криком; “Ура! Сноха родила сына! Приходите на “шілдехана”.

/обряд показывает 5А класс/

1-жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызымыз армысың!

2-жүргізуші:

Вновь весна на просторах нашей земли
Принимает права от зимы,
Снова новые песни слагая,
Торжествуй Наурыз мейрамы!

Бесікке салу

Следующий обряд после «Шілдехана» идет «Бесікке салу».

Обряд покажет 6А класс.

1-жүргізуші:

Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

2-жүргізуші:

Отмечают этот праздник
От души и каждый год:
И таджики, и казахи,
И другой степной народ!

В этот день весна приходит,
Это сказочный сюрприз,
А зовется этот праздник
Очень просто – Наурыз!

Сүндет той

1-жүргізуші: Сүндет той  —  қазақ даласында ежелден сән-салтанатымен ерекше аталып өтетін, көптеген өзіндік жөн-жоралғылары бар той. Сүндет тойымызға қош келдіңіздер.

/7А сынып/

Тілашар

2-жүргізуші: В буквальном переводе название праздника звучит как “открой язык” или же “первое слово”. Школа, получение образования оценивается как один из особых этапов в жизни ребенка.

1-жүргізуші: Ауылдың ділмар, шешен ақсақал қарияларын шақыру — бүлдіршіннің тілі жеке – жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы» жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.

«Тілашар» тойы 8А сынып өткізіліп жатыр

Тұсау кесу

2-жүргізуші: Обряд “Тұсау кесу” (Первые шаги ребенка).

Важным этапом в жизни ребенка является день, когда малыш совершает свои первые шаги. В этот день принято опутывать его ножки цветными лентами

Дети радуются, резвятся в ожидании праздника. Все стекаются на торжество по случаю “Тұсау кесу”, напутствия в большой путь малышу.

«Тұсау кесу» покажет 10Б класс

Жар-жар

1-жүргізуші: Жар-жар — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады.

Обряд «Жар-жар» покажет 9А класс

2-жүргізуші: Пусть Наурыз принесет благоденствие и мир! Пусть этот год будет счастливый для всех казахстанцев!

1-жүргізуші: Қымбатты достар, Сіздерді тағы да тамаша көктем мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге бақыт, жылулық, гүлдене берулеріңізді тілейміз!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!

Добавить комментарий