Ашық сабақ: 22 наурыз — Наурыздағы тілек
Тақырыбы: «Наурыздағы тілек»
Мақсаты:
- Білімдік. Оқушылардың жыл басы наурыз туралы білімдерін кеңейте отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
- Дамытушылық. Оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік. Өз халқын сүюге әдептілік бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті дамыған азамат болуға жетелеу.
Әдісі: сабақ-жауап, түсіндіру, ой-толғау
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, тест
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ән
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй жұмысын тексеру
- Наурыз қандай мейрам?
- Наурыз күні қалай аталады?
- Наурыз көже қалай жасалады? Оған нелер қосылады?
III. Жаңа сабақ
Ұлыстың ұлы күні ел дастархан жайып, бірін-бірі құшақтап, құттықтайды.
Дастарханға қазақтың дәстүрлі тағамдары қойылады. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады» деген сенім бар. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата — үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.
Мұғалім:
Ақсақалдар қандай бата береді?
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын,
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Міне, біз осындай мереке күні айтылған «Наурыздағы тілек» өлеңімен танысамыз.
Өлеңмен таныстыру. Оқу. Түсіндіру, сөздердің мағынасын ашу.
Тіл дамыту жұмысы
Орны ауысқан сөздер
Достар, Ұлыстың құттықтайды, күнімен, ұлы.
(Достар Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды)
Тілек, жақсы, туған-туыстар, айтады.
(Туған-туыстар жақсы тілек айтады)
Халқымыз, көшеге, көгерсін, деп, егеді, тал.
(Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді)
IV. Сергіту сәті
Ән: «Көктем келеді»
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім: Наурыз қыз жерді жайнатып, гүлдендіру үшін жолға шыққан. Жолда оған боран кездесті. Наурыз қызды бораннан құтқару үшін біз тапсырма орындайық.
Шағын шығарма жазылады
Ол үшін ата-анаңа, ұстазыңа, достарыңа арнап тілек білдіріп, құттықтау хат жаз.
V. Үйге тапсырма
Жаттау
VI. Бағалау
Уа, құдайым, оңдасын
Жаманшылық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мал басын.
Еккен егін солмасын.