Қош келдің төрлет Наурызым — балабақша ертеңгілігі
Балалар Р. Рымбаева орындауындағы «Наурыз-думан» әнімен билеп кіреді.
Тәрбиеші:
Үйлесіп наурыз бен көктем жетсін
Көңілін үлкен-кіші көкке өрнетсін
Еңсесі көтерілер ер-азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін
Жаңа жыл құтты болсын!
Бала тілі бал демекші бүгінгі наурыз мерекесінде бүлдіршіндеріміздің «Қош келдің төрлет Наурызым» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Айналайын халқым-ай
Болсын жүзің жарқын-ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем халықпай
Ал енді балаларымыздың сіздерге деген жылы лебіздерін қабыл алыңдар:
Ханзада:
Наурыз тойы — салтанат
Наурыз тойы — мархабат
Әмір:
Наурызды халқымыз
Жыл басы деп санайды.
Мадина:
Жыл басы — Наурыз мереке
Ақ нұрәс әлем болды
Мансур:
Уа халайық ағайын
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын тойлайық
Аянат:
Наурыз тойым, наурыз тойым
Құтты болсын халайық!
Шәкәрім:
Көктем келді балақай
Жасырды жер алақай
Шерхан:
Наурыз тойы тамаша
Наурыз тойы жаңаша
Сая:
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Мирас:
Жылдың басы наурыз
Жердің басы наурыз
Тәрбиеші:
Наурыз аулында той халайық
Шалқытып мерекеде ән салайық
Ән: «Наурыз келді»
Тәрбиеші:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас кәріміз
Би билейік бәріміз
Би: «Қамажай»
Тәрбиеші:
Ей балалар, балалар
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық
Қызық ойын ойнайық
Ойын: «Ханталапай»
Тәрбиеші:
Балалар, бізге мерекеге сонау ауылдан Алтынгүл әжеміз бен Рахила әжеміз келе жатыр екен, қарсы алайық.
Ортаға Алтынгүл әже мен Рахила әже келеді. Наурыз мерекесімен құттықтап
балаларды «Бесік салу» рәсімімен таныстыру.
Тәрбиеші:
Құрметті ата-аналар, Алтынгүл әже мен Рахила әже, бүгінгі наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқтаймыз. Ақ мол болсын, жылдан жылға аман есен жете берейік.