Ұлы күн – Наурыз! — балабақша ертеңгілігі

Ұлы күн – Наурыз! - балабақша ертеңгілігі

Ұлы күн – Наурыз! — балабақша ертеңгілігі

22 Наурыз Ұлыстың ұлы мейрамына орай ұйымдастырылған «Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізің сценарийі.

Мақсаты:

  • Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
  • Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
  • Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Ұйымдастыру кезеңі: Бөлме іші мерекеге сай безендіріледі. Балалар ұлттық киімдермен келеді. Би биленеді. Таспадан «Наурыз думан» әні ойналады.

Көрнекілігі: «Ұлы күн – Наурыз!» газеті. Ұлттық нақыштағы бұйымдар. (Домбыра, сәукеле, дорба, ыдыс – аяқ, т.б.)

Ертеңгіліктің барысы

Жүргізуші:

Құттықтау сөзді мектеп директоры Нұржан ағайға береміз!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар! Сіздерді ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға байлық тілей отырып «Ұлы күн – Наурыз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ән: «Біз — өмірдің гүліміз» хор

Жүргізуші:

Би билейік бәріміз!
Егін өңін толқытқан
Елдің көңілін шалқытқан
Бас иеміз – Наурыз!

Би: «Қамшы»

(Айдын, Қыдырәлі, Нұртай, Жандәулет)

Жүргізуші:

Естіген жұрт толғанар,
Бізде сондай әнші бар.
Тамылжытып ән салар,
Енді соны тыңдаңыздар!

Ән: «Мен әдепті баламын»

(орындайтын Қожабай Назерке)

Мерекеге арналған балалардың тақпақтары:

Нұртай:

Арпа бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам.

Айдын:

Оятып шыңмен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды.
Нұрландырған даланы,
Наурыз – көктем басталды!

Ақзира:

Ән қосылсын әніңе
Сән қосылсын сәніңе.
Ырысты боп Жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!

Жандәулет:

Келді Наурыз жар салып,
Берекелі ән салып.
Жылда келсін ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.

Жаннұр:

Наурыз гүл көктем
Сәні ай арайлы
Күлімдеп күн көктен,
Нұр шашып қарайды

Нұртөре:

Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылып бойыңа!
Аман – есен жүрейік,
Келесі Наурыз тойына!

Назым:

Құтты болсын, Наурыз
Арманымыз әніміз.
Наурызды қарсы алып,
Қуанамыз бәріміз!

Қайсар:

Ей, балалар, балалар!
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.

Назерке:

Оятып шыңмен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды.
Нұрландырған даланы,
Наурыз – көктем басталды!

Қыдырәлі:

Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.

Жүргізуші:

Наурыз тойы — елдің тойы,
Көктем тойы – төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы,
Жақсы көрем Наурыз тойын!

Ән: «Наурыз» хор

Жүргізуші:

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі — Қыз қуу. Ойын шарты: бір ұл, бір қыз қатысады. Ұл бала қызды қуып жетіп бетінен сүйеді, ал жете алмай қалса, қыз жігітті қамшымен ұрады. Ойынға қатысатындар: Нұртөре мен Жаннұр

Жүргізуші:

Қазақтың ұлттық дәстүрінің бірі «Бесікке салу» рәсіміне кезек берейік!

Жұргізуші:

Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне, жарасады,
Әр үйде дастарқанға толған асы.

Ән: «Төлдер»

(орындайтын: Ақзира, Нұртай, Жаннұр)

Жүргізуші:

Барша ата – аналардың құрметіне Лаураның «Наурыз думан» әнін қабыл алыңыздар!

Қорытынды сөз: Ата – аналарға беріледі.

Жүргізуші:

Осымен «Балдырған» тобының Наурыз тойы аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!

Добавить комментарий