Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!
Мақсаты:
- Балаларға ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Балаларды қазақ халқының дәстүрімен таныстыру.
- Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, көре отырып әңгімелеп беру
ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. - Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.
(Залда әсем әуен ойнап тұрады)
Тәрбиеші:
Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!
Мереке Наурыз жыл басы.
Наурыз тойы құтты болсын!
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
Құрметті қонақтар, ата-аналар кішкентай бүлдіршінднр және ұстаздар!
Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін,
Еңсесі көтеріліп ер-азамат.
Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін! — дегендей, Наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын!
Еліміз тыныш болсын! Баршаңызға бақ қонсын!
Қадірменді халайық, кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы алайық!
І бөлім. Наурызға шашу
Балалардың тақпақтары:
- Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер! - Жайнатамын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды,
Төгілтіп ән-күй, жырды,
Мейрамдайық бұл күнді.
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы – мен болам! - Ата – бабам тойлаған
Наурызым армысын
Қызыққа еш тоймаған
Дарқан дала, қарлы шың. - Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты әніміз.
Ән салып, жас-кәріміз,
Би билейміз біріміз. - Би билейік ән салып,
Келді наурыз жар салып.
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып. - Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер. - Күттіріп келген жыл басы,
Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің,
Береке- ырыс сыйлашы. - Сәнді көктем- нұрымыз,
Наурыз тойы- жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Тіршілік жаңа оянсын.
ІІ бөлім. Салт – дәстүрді білесің бе?
Ән: «Домбыра сазы» қыздар тобы
Ойын: «Асық ату»
Көрініс: «Тұсау кесу»
Тәрбиеші:
Балалар, қазақ халқының әртүрлі дәстүрлері бар, бұл халықтық мерекенің үлкен мәні бар. Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі «Тұсау кесу» дәстүрімен танысамыз. Тұсау кесу рәсімі сәбиді қаз тұрғаннан кейін, жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ырым. Тұсауды көбіне тез, шапшаң жүретін үлкен кісіге кестіреді. Ол үшін алдын ала жіп дайындалады. Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрі бар.
Олар:
- Көбейіп көгере берсін деп шөптен есіп жасаған;
- Бай болсын деп малдың тоқ ішегіннен де жасаған;
- Адал болсын деп ала жіпті есіп жасаған.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауынды кесейін, — деп баланың тұсауын кеседі.
Қаз-қаз басқанына қуанып шашу шашылады, отырған балалар шашу жинайды.
Би: «Қазақ биі» қыздар тобы
Ойын: «Арқан тартыс»
Ән: «Қошақаным» Нурымханова Еркеназдың орындауында
Дастарханға бата. Ауылдың ақсақалына сөз кезегі беріледі
Тәрбиеші:
Сіздерге бар жақсым да, бал тәттім де,
Алаңсыз өсіңдерші, бейбіт күнде,
Дәстүрім тамыр алып, өркен жайсын.
Жалғасып ғасырларға бізбен бірге — дей келе, мерекеміз құтты болсын!
Келер Наурызға да төрт көз түгел уайым қайғысыз, тоқшылықпен жетейік,
ағайын.