«Бала сұлтаны» — 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған сайыс сценарийі

"Бала сұлтаны" - 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған сайыс сценарийі

«Бала сұлтаны» — 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған сайыс

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер! Біздің балабақша ұлдарын, әкелеріміз бен ағаларымызды, інілерімізді, балабақшадағы ағайларды 7 мамыр — Ұландар күнімен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!!!

Анаң күнің жүрегің
Ағаң қамқор асқарың
Әкең өмір тірегің
Інің мөлдір аспаның
Сен бақытты ұлансың
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын!
Бәрі саған қуансын!
Әжең асыл ардағың
Қарындасың — қанатың
Атаң дана қорғаның
Ел отаның — жаннатың
Сен бақытты ұлансың
Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын!
Бәрі саған қуансын!

Балабақша өрендерінің орындауында «Жас дәурен» әні.

Жүргізуші: 7 мамыр мерекесіне орай балабақшамызда «Қарлығаш» тобының ұлдарының арасында өткізгелі отырған «Бала сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз! Біздің сайысымызға төрешілік етуге әділ қазы мүшелерін сайлап алайық.

«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер да көп емес» дегендей балабақшамен қош айтысып, мектеп табалдырығын аттағалы отырған өрендеріміз өз өнерлерін көрсетіп, бақ сынасады. Ендеше біз бала сұлтандарымызды ортаға шақырайық!

  1. Сағынхан
  2. Дайыр
  3. Уәлихан
  4. Иса
  5. Бекарыс
  6. Жандос.

Біздің өрендерімізге сәт сапар тілек сөзі балабақша меңгерушісі Мадина Төремырзақызына беріледі.

Жүргізуші: Қазір балалар жеребе тастау арқылы шығу ретін анықтайды.

(балалар алма ағашына барып алма алады. Алмада рет саны жазылған)

Сайысымыз 6 шарттан тұрады.

  1. Таныстыру.
  2. Өнер сайысы
  3. Қол өнер сайысы
  4. Мақал-мәтел сайысы
  5. Күштілер сайысы
  6. Жеті атаны атай білеміз бе?

Жүргізуші: Біздің сайыскерлеріміздің рет сандары белгілі болды.

Бекарыс, Иса, Сағынхан, Дайыр, Жандос, Уәлихан!

Әр бүлдіршін — ел гүлі!
Көңілге түй сен мұны
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі!

Жүргізуші: Ендеше таныстыруымызды бастаймыз!

Таныстырулар кетеді:

Сағынхан:

Аспайтын, саспайтын
Жұмсағанда қашпайтын
Ата-әжесін қуантқан
Сағынхан деген мен болам!

Дайыр:

Биіктікті көздеген
Көкке құлаш сермеген
Дайыр менің есімім
Танып ал мені білмеген!

Жандос:

Жандос деген баламын
Айтқан тілді аламын
Әліппемен дос болып
Мектепке мен барамын!

Бекарыс:

Бекарыс деген баламын
Айтқан тілді аламын
Сырын білгім келеді
Туған ел, дала, қаланың!

Иса:

Иса атымды қойғаны
Өзіме сондай ұнайды
Өскесін дәрігер болғанды
Жүрегім қатты қалайды!

Уәлихан:

Ата-әжесіне ермек болған
Уәлихан деп атым қойған
Азамат болу ойымда
Ізгілік бар бойымда!

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы таныстырудың бағасын дайындағанша, б/б жезтаңдай әншісі Айханымның орындауында «Айгөлек» әнін тамашалаңыздар!

Ән: «Айгөлек»

Жүргізуші:

Әділ қазы мүшелері бағасы
Келесі кезекті өнер сайысына береміз.
Балдырғанбыз арай жүз
Бал-бұл жанып қараймыз
Ән саламыз күнде біз
Біз қашанда біргеміз!

Жүргізуші:

Менің әжем әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Жасыңа да, кәріңе!
Сағынханның орындауында «Әжемнің шайы» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Балабақша байтағым
Күліп ойнап қайтамын
Ән саламын, би билеп
Тақпақты да айтамын.
Бекарыстың орындауында «Балабақшам менің» әні.

Жүргізуші:

Кіп-кішкентай момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді анам қозым
Қошақаным өзің! — деп
Жандостың орындауында «Қошақаным» әні.

Жүргізуші:

Өнерлі ғой балалар
Көңілдері пәк жайсаң
Би де билеп береміз
Десант биін қаласаң
Дайырдың орындауында «Десанттар» биі

Жүргізуші:

Біз байқамай отырған
Бір өнерлі бар арамызда
Исаны шақырайық ортамызға
Өнеріне тәнті етсін баршамызды
Исаның орындауында шығыс жекпе-жегі Таэквондо жаттығуларынан үзінді.

Жүргізуші:

Қара жорға болмаса
Тойдың сәні келе ме
Қос етек көйлек кимесе
Қыздың сәні келе ме — дегендей
Уәлиханның орындауында «Қара жорға» биін тамашалайық!

Жүргізуші:

Біздің балаларымыздың қандай сегіз қырлы, бір сырлы екеніне куә болдық. Әділ қазы мүшелері бағалағанша, Айханым мен Томиристің орындауында «Айналайын бөпешім» әнін тыңдайық.

Ән: «Айналайын бөпешім»

Әділ қазы мүшелері бағасы.

Жүргізуші:

Ендеше сайысымызды жалғастырайық. Қол өнер сайысы.
Бұл сайыстың шарты бойынша балалар жапсыру арқылы «Мен өскенде кім болам» тақырыбына жұмыс жасайды. Болғаннан кейін, кім болам тақырыбына әңгімелеп беру сұралады.

Ұшқыр ойым талабым
Сурет те, ән де саламын
Басқаға үлгі болатын
Өнегелі баламын!

Жандос:

Зәулім мектеп алаңы
Көркем үйді қаланы
Балалардың бақшасын
Құрылысшы салады

Иса:

Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Дәрігермін мен деймін
Әже атамды емдеймін

Сағынхан:

Ұшқыш болмай немене
Қуат бітті денеме
Қанатым бар қайыспас
Ұшқыш болам өскенде

Бекарыс:

Шарлайды даланы
Шарлайды қаланы
Кім білмейді автобус
Жүргізуші ағаны

Дайыр:

Болсын күндіз, түн мейлі
Бір сәтке көз ілмейді
Тәртіп сақшысы
Тыныштықты білмейді

Уәлихан:

Бет түзейтін алысқа
Бағытымнан аумаймын
Шетсіз-шексіз ғарышқа
Зымыранмен заулаймын!

Балалардың жұмысына баға беру.

Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл сайыстың шарты кім көп мақал айта алатынын анықтайды.

Дайыр:

  1. Бала тілі — бал
  2. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
  3. Отан оттан да ыстық
  4. Жігітке жеті өнер де аз
  5. Еңбек түбі береке
  6. Бұлақ көрсең көзін аш
  7. Халық айтса қалт айтпайды
  8. Ауру қалса да әдет қалмайды
  9. Еңбек етсең емерсің
  10. Өнер алды — қызыл тіл
  11. Бір тал ексең он тал ек.
  12. Жері байдың елі бай.

Уәлихан:

  1. Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы
  2. Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.
  3. Ер туған жеріне келер, ат тұрған жеріне келер.
  4. Еңбектің наны тәтті, қорқақтың жаны тәтті.
  5. Өнер – қанат, білім – сағат.
  6. Ақыл – жас ұланнан, жүйрік – тай, құнаннан
  7. Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.
  8. Бала – қымбат, немере – ыстық.

Бекарыс:

  1. Балық басынан шіриді.
  2. Ағасы бардың жағасы бар.
  3. Кітап — білім бұлағы
  4. Анасын көріп, қызын ал
  5. Көп түкірсе көл болар
  6. Қыз жоқ жерде қызық жоқ

Сағынхан:

  1. Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала
  2. Ағасы бардың — жағасы бар, інісі бардың — тынысы бар
  3. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
  4. Отан оттан да ыстық
  5. Ерлік білекте емес, жүректе.
  6. Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.
  7. Ырыс алды – ынтымақ
  8. Жаңбыр жауса — жер ырысы.

Жандос:

  1. Еңбек түбі береке
  2. Ер дәулеті — еңбек
  3. Кәсіп түбі – нәсіп
  4. Тәні саудың — жаны сау.
  5. Дені сау адам — дәулетті адам.
  6. Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.

Иса:

  1. Ырыс алды – ынтымақ
  2. Ынтымақ түбі игілік.
  3. Ердің туы — намыс.
  4. Күш — білімде
  5. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
  6. Оқу — білім бұлағы.

Әділ қазылар бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Күштілер сайысы» деп аталады. Мұнда балалар гір көтеріп сайысады.

Әділ қазылар бағасы.

Жүргізуші: Ендігі соңғы шартымызға кезек берейік. Бұл бөлім «Жеті атаны білеміз бе» деп аталады

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер дегендей» балалар неше атасының атын атай біледі екен.

Дайыр:

  • Ұлы атам — Қонай
  • Қонайдан — Әбдікәрім
  • Әбдікәрімнен — Тынымбай
  • Тынымбайдан — Александр
  • Александрдан — мен Дайыр

Уәлихан:

  • Ұлы атам — Сатай
  • Сатайдан — Тастемір
  • Тастемірден — Досқабыл
  • Досқабылдан — Жалғасхан
  • Жалғасханнан — Санатхан
  • Санатханнан — мен Уәлихан!

Сағынхан:

  • Ұлы атам — Жүндібай
  • Жүндібайдан — Сағынай
  • Сағынайдан — Жеткербай
  • Жеткербайдан — Азамат
  • Азаматтан — мен Сағынхан!

Жандос:

  • Ұлы атам — Шернияз
  • Шернияздан — Оңғар
  • Оңғардан — Қайрат
  • Қайраттан — мен Жандос!

Бекарыс:

  • Ұлы атам — Дощан
  • Дощаннан — Жәми
  • Жәмиден — Тілепберген
  • Тілепбергеннен — Ерәділ
  • Ерәділден — Асанәлі
  • Асанәліден — мен Бекарыс

Балалардың жауаптарын бағалау.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасының бағасы дайын болғанша біз кезекті әнге берейік.

Әлиядай апамыз,
Бауыржандай атамыз!
Фашистерден отанды
Қорғап батыр атанды!
Біз еліктеп өсетін,
Батырларың десе кім
Әлиядай апамыз
Бауыржандай атамыз!
«Қарлығаш» тобының ұл-қыздарының орындауында «Солдат болам мен ертең» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Солдат болам мен ертең»

Әділ қазы алқасының қорытынды сөзі. Балаларда мадақтау, сыйлықтар тапсыру.

Жүргізуші:

Балбөбек, балалық шақ, балдырған
Келер күндер шығар сенің алдыңнан
Елге тұлға ұлан болшы балақан!
Биікке ұшар қыран болшы балапан!
Балаларға ақ жол тілей отырып, оқуда озат болыңдар дегім келеді!

Добавить комментарий