Ана — мәңгілік көктем! — 8 наурыз тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтау;
- Дамытушылық: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;
- Тәрбиелік: Анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, суреттер, шарлар.
Сабақтың барысы:
І-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 — Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
ІІ-жүргізуші:
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
І-жүргізуші:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең
ІІ-жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Ән: «Анашым»
І-жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген — дей отырып келесі кезекті биге береміз
Би: «Шығыс биі»
І-жүргізуші:
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен құрметті ұстаздарымыздың құрметіне Динараның өзінің арнап шығарған өлең жолдарына берейік.
Ән: «Анаға хат»
ІІ-жүргізуші:
Менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
І-жүргізуші:
Иә, мен сабақтан үйге келгенде, тамағым да дайын, үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
ІІ-жүргізуші:
Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
І-жүргізуші:
Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Ойын: «Аялы алақан» аналардың қатысуымен.
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.
Ән: «Жан гүлім»
ІІ-жүргізуші:
Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, кезекті әнге берейік.
Ән: «Сәулем-ай»
Ән: «Қара домбыра»
І-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды.
Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
Аналарға арналған тақпақтар
Арайлым:
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Әсел:
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
Нұртөре:
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Сәния:
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт – ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
Жасұлан:
Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.
Нұрайым:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.