Асыл әже, аяулы ана, ару қыз — 8 наурыз сценарий

Асыл әже, аяулы ана, ару қыз - 8 наурыз сценарий

Асыл әже, аяулы ана, ару қыз — 8 наурыз сценарий

Мақсаты:

  1. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өту.
  2. Анаға деген мейрімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
  3. Оқушының бойында ізгілікті, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Әр сынып шығарған қабырға газеттері, шар, нақыл сөздер, оюлар, гүлдермен безендірілген.

Барысы:

1-жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар.

2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Еламан:

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің жан Аналар!

Жанна:

Құрметтейік, о, адамдар, аналарды,
Біздерді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

«Аққулар» биі, 5 «А» сынып қыз балалары

Диана:

Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі ана ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жинап,
Дүниенің ардақтысы анам екен.

7 «А» сынып оқушыларының орындауында «Анашым» әні

Зауреш:

Қайрымды, қасиетті ең ардақты ақ әжем,
Әрбір сөзі өсиетті, баға жетпес ақ әжем,
Аман – есен жүріңізші бар тілегім сол әжем.

8 «А» сынып оқушыларының орындауында «Асыл әже» әні

Мамеджан:

Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы болып қалмақ бұлар.
Арулар – тірішілікке күре тамыр,
Өмірді бір – бірімен жалғап тұрар.

5 «А» сынып ұл балаларының орындауында «Шашы ұзын қыз» әні

Жанар:

Өмірге Ана – бақыт, Ана — пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай шешен, талай көсем,
Талай ер, талай дана, талай ақын.

9 «А» сынып оқушыларының орындауында тамашадан үзінді «Ерке қыз»

Даурен:

Жасынан сүйіп өскен балақанын,
Бір ғана сенім артар балапаны,
Бір сәт ұмытамын қиындықты,
Сипаса маңдайымнан алақаның.

Виктория:

Туғаннан құлыным деп аялаған,
Өзіңнен қымбат адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой,
Онсыз бір бұлбұл сайрамаған.

6 «А» сынып оқушыларының орындауында «Аналар туралы жыр»

Мұхтар:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Айым:

Ананың алдында асар тауда аласа,
Дүниенің жарық күні анамыз.
Жарық күннен шуақ алған санамыз,
Ұлы болсаң анаменен данамыз.

10 «А» сынып оқушыларының орындауында «Ақ мамам» әні

Бақтияр:

Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен.

Рахат:

Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанын да
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

11 «А» сынып қыз балаларының орындауында «Көңіл толқыны» күйі

Қорытынды

Мұғалім:

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, дей отырып кешімізді аяқтаймыз.

Мерекелеріңіз құтты, берекелі, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Добавить комментарий